Қазақ тілді мектептер проблемасы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығына зерттеу

Орындаған:МҚТӘ -20-1 тобы:

Қожадияс Маржан Бақытқызы

Тексерген: Рахимбаева Гауһар Қинаятқызы

Нұр-сұлтан

2021

Slide 2

Зерттеудің мақсаты:

Әлібек Қаңтарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді кеңейту және тереңдету

Зерттеудің өзектілігі:

Ақынның шығармалары өз өзектілігін жоғалтпады және қазіргі заманда дұрыс бағдар береді

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Бұл зерттеу мектептегі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері мен оқушыларына оқытушыларға қызықты болуы мүмкін

Slide 3 Slide 4

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев - журналист, публицист, ақын.

Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төс белгісімен марапатталған.

Slide 5

1947 ж 23 желтоқсан

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген.

1970 жылы

Шыңғыстай орта мектебін, Н. К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдайды

1997 жылы

Ә. Қаңтарбаев ШҚО «Дидар» газеті редакциясында, соңғы жылдары аталған газеттің «Руханият» бөлімінің редакторы қызметін атқарды

2016 жылы

Ә. Қаңтарбаев Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандағы филиалын басқарады.

Әлібек Қаңтарбаевтың өмірбаянының хронологиялық кестесі

Slide 6

Қ. Р Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі (2012), Катонқарағай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты (2007) .

1996 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі» атағы берілген.

2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.

Әлібек Қаңтарбаевтың марапаттаулары

Slide 7

«Қыран ғұмыр»

«Сол бір кез есімде»

«Армандастар»

«Алаш азаматы»

«Досыма хат»

«Өзегім от пен жалын, өртті демім»

«Жұлдыздар сөнбейді»

«Тұлға»

«Ағажай, Алтайдай жер қайда»

Қаламгердің кітаптары

Тілекшің боп жүремін, асыл аға

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы

Астана-Ақ Орда

Біз үшеу едік

Музамен сырласу

Мен сені қызғанамын

Пайғамбар Абай қолдай жүр және т. б.

Қош, махаббатым

Батырдың соңғы монологы

Ана тілің арың бұл

Ғұмырлы болыңыз аға

Білім ап саяңда

Ақын жүрек келеді көшеменен

Катонқарағай-жер жаннаты

Айналдым сенен, Атамекен-ай

Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған және т. б.

Өлеңдері

Мақалалары

Slide 8

Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығының бағыттары:

Slide 9

"Тілің болмаса, тәуелсіздік не үшін керек?!"

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл - қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл - көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз, - деп «Қайран тілім қор болды -ау. . » мақаласында тіліне деген жанашырлығын көрсеткен.

Slide 10

Егемен Қазақстан газетіндегі сұхбатында ақынның сөзі: Қазіргі таңдағы қазақтың көркем әдеби сыны тек көре алмаушылық пен іштарлықтың, анау жаман, мен жақсы дейтіндей өзін-өзі дәріптеудің мінбері сынды. Сол үшін Қазақстан Жазушылар Одағына түбегейлі реформа қажет. Сонда барып біздің әдебиетіміз де, сынымыз да оңалады. Сонда барып біздер әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына ілінеміз.

Рух жаңғырмай әлеуметтік, экономикалық деңгейіміз жалғанда көтерілмейді. Рухани жаңғыруды, қағынып-сілкінуді Жазушылар Одағынан бастау керек.

Неге десеңіз, ұлт рухының биік болуы да, көтерем күй кешуі де қалам ұстап отырған талантты ұл-қыздарының қолында. Болашаққа ұлт жайлы, мемлекет жайлы, оның белгілі бір кезеңдегі көңіл күйі, аш-тоқтығы жайлы мұрағат-хаттаманы да қалдыратын - қаламгерлер.

Slide 11

«Катонқарағай-жер жаннаты» мақаласында «Қазақстанның ғажап бір пұшпағы Катонқарағайда туу - мақтанышым!

Катонқарағай кілең бір сен тұр, мен атайын дейтіндей хас таланттардың, алдаспан жүзді қайсарлардың,

өлермен жанкештілердің мекені. Онда сүйегің қалу шарт емес.

Туу - бақыт! Бабаларымның басқа өңірде емес,

Төр Алтайда табан тіреп қап қойғанына - екі дүниеде ризамын» деген сөздерімен

өзінің туған жеріне деген махабатты көрсеткен.

Сонымен қатар ақынның туған жеріне арналған тағы да басқа шығармалы көп, соларға жататындар:

«Туған жер топырағында жатқан игі жақсылардың зираты жоқ шығар»,

«Катонқарағайдың балы»,

«Өр алтай аманбысың, ақ бөрікті»,

«Өр Алтайына арқасын тіреген азамат»,

«Катонқарағайды танымал ету- өз қолдарыңызда» және т. б.

Ақын Алтай туралы көрпесі төрт мемлекеттің төскейін көмкеріп жатқан кәрі Алтайды көрген де арманда, көрмеген де арманда деп айтқан.

Slide 12

«Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайтыны» рас екен. Тәуелсіздіктің жанға жайлы қоңырқай самалы есіп кеп бергенде, әй, қазақтай қуанған ешкім жоқ болар. Сонда қазақ егемендіктен қазаныма қазы-қарта, жал-жая салып бере көр дегенді емес, кеңестік керзі етік киген формацияның тәнім мен жаныма салған алапесінен айықтыра гөр дегенді сұраған. Нарықтық қатынастар басталып, біреуді біреу біліп болмайтын заман орнағанда ауыл жұрты қалаға андыздаған. Алайда, Өскемен қыр қазағына баяғы өгей қабақ танытқан қалпынан еш өзгере қоймаған болатын. Әлі күнгі сол қалпы.

«Ел мен жер қасіреті» мақаласында:

Slide 13

Әр адам - жеке тұлға, бір-бір шығарма. Автор сұхбаттасу арқылы ол жұмбақты шешуге бағыттаған. «Тұлғаның» кейіпкері - Төлеген Бәкейұлы Жирентаев, Семей өңірінің тумасы, ел ағасы, ғұмырында аттан түспеген, өңір басқарған, тұтастай екі қоғамдық формацияны басынан өткерген ер тұлғалы азамат. Кітапта Төлеген Бәкейұлы Жирентаевтың күрделі оқиғаларға, сан түрлі қоғамдық құбылыстарға толы өмір-көшіні жазылған.

Бұл кітаптың баспадан күн сайын шығып жататын ғұмырбаяндық, отбасылық кітаптардан басты айырмашылығы - интеллектуалдық сұхбат формасында жазылуында.

Ә. Қаңтарбаев ағамыз оқырманға Төлеген Бәкейұлы сынды тұлғаның автопортретін нақпа-нақ беруге тырысқан.

Ә. Қаңтарбаевтың «Тұлға» атты өмірдеректік хикаят кітабы

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығына зерттеу
Билингвистикалық оқытудың методологиясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері
Темірбек Жүргенов - тарихи тұлға, қоғам қайраткері
Тілдік жағдаят
Мектеп психологының рөлі
Қазақ педагогикалық институты
Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік
Схоластика кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz