Субъект - белсенді, біртұтас адам




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Адамды индивид тұлға іс әрекет субъектісі ретінде
акмеалогиялық тұрғыдан зерттеу

Орындаған: СПС-18к тобы, Бекмұратқызы Қызғалдақ
Тексерген:Бекмурзина А. Б

Петропавл
2021
Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен
тұрады.
Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің
табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.
Субъект – белсенді, біртұтас адам.
Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын
мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі
психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.
И.С.Кон:
Тұлға – нақты бір индивидті іс-әрекет субъектісі деп білдіреді, және қандай да
бір әлеуметтік қасиеттердің, қарым-қатынастың еңбек арқылы дамыған қасиеті
ретінде көрінеді.

А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол
жеке адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз ретінде қарастыруды ұсынған.
Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша): қажеттілік, түрткі, эмоция,
мағына, мәннен құралады.
Тек Леонтьев жеке адам блғанда ғана нәтиже болатынын, жеке адам іс-
әрекетті, ал іс-әрекет жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта
сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп
тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол
тәрбиенің маңызын көрсетті.

В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын
әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол
тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол
тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және
білікті жүргізілетін-дігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай,
жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес,
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
Тұлға құрылымы
(К.К. Платонов)
{Мотив Þ мақсат Þ процесс Þ нәтиже} = іс-
әрекет.

Выготский және Луриямен бірлесе отырып, психиканың
қалыптасуның тарихи-мадени тұжырымдамасын жасаған.
Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет тұрғысынан
қарастырған. Сананың пайда болуы мен психиканың дамуы
саласындағы зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет
құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет жағдайын
сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары тұлғаны
мотивациялы-мағыналық иерархия жүйесінде қарастырған.
Индивид – жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo
sapiens түрінің өкілі, филогенездік және онтогенездік
дамудың, туа біткен және жүре біткеннің
біртұтастығының өнімідаралық белгілерінің иесі
ретіндегі адам.
«Индивид» «тұлға» болуы үшін ол өзбетті әрекет
жасай білуі тиіс дедік, ендеше, адамды іс әрекетке
бағыттайтын түрткі боларын атауымыз керек. Оны
мотив деп атаймыз. Мотивтер адамның қажеттіліктері
(табиғи, материалдық, рухани) негізінде пайда болады,
өзгереді, түрленеді. Адам өз қажеттілігін өтеуі үшін
барлық мүмкіндіктерін пайдаланады, сондықтан белсенді
әрекет танытады. Қажеттіліетер қанағаттандырылу
тәсіліне қарай адамда түрліше сезімдерді оятады
(мазасыздану, тынышталу, рахаттану, лязаттану, азап шегу
т.б.).
Тұлға әрекетте белсенді болуы үшін ол сол әрекетке қызығуы керек. Қызығу дегеніміз –
шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның
біршама тұрақты ерекшелігінің бірі. Оның фихиологиялық негізі – «Бұл не?» деген рефлексте.
Қызығудың түрлері өте көп (материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық,
танымдық оқырмандық, т.б.)
Тұлғаның неге бағытталғанын көрсететін негізгі компонентінің бірі – дүниетаным. Ол
адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Жеке адам психикасының тағы бір құраушы бөлігі ол – мұрат (идеал). Бұл адамның ең асыл
мақсаты.
Талғам - адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына,
бағдарына, мақсатына байланысып жатады. (білім, тәрбие, мода)
Іс-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің
барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның
санасында із қалдырмайтын.

Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

– танымдық іс-әрекет;

– қоғамдық іс-әрекет;

– спорттық іс-әрекет;

– көркем өнерлік іс-әрекет;

– техникалық іс-әрекет;

– қолөнерлік іс-әрекет;

– гедоникалық іс-әрекет.
Іс-әрекет белсенді және енжар болуы мүмкін.

Дамудың қозғаушы күші қайшылықтардың күресі болып табылады.
Қайшылықтың түрлері: ішкі қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы
қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.

Ішкі қайшылықтар адам «өзімен өзі келіспеген» жағдайда, өзінің бойында
бар тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа
қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негізгі ішкі
қайшылықтардың біріне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық пен оны
қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы,
оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы пәнге қатысты
ғылым саласынан нақты білімінің, білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің
арасындағы қайшылық.
Сыртқы қайшылықтар адамның сыртқы дүниемен өзара әрекеті
барысында қалыптасады.

Жалпы (әмбебап) қайшылықтарға әрбір адамның, сондай-ақ жалпы
адамзат дамуының қайнар көзі болып табылатын қайшылықтар жатады.
Мысалы, бұларға рухани және материалдық қажеттіліктер арасындағы
қайшылықтар, әсіесе мектеп жасында көрініс табатын сана мен мінез-
құлық арасындағы қарама-қайшылық, және адамдарда объективті
факторлар әсерінен пайда болатын мұқтаждықтар мен оларды
қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар жатады.

Жекедара қайшылықтар әрбір жеке тұлға дамуының нақты
жағдаятымен шартталады. Бұл қайшылықтарды шешуге тұлғаның өзін-өзі
тәрбиелеу үрдісі септігін тигізеді. Мысалы: бұрын мүмкіндігім жоқ
болатын, ал қазір бар, бұрын істей алмайтынмын-қазір істей аламын, бұрын
білмейтінмін- қазір білемін.

Сонымен, тәрбие қоғамдық құбылыс бола тұра, тұлғаның түрлі
қайшылықтарын шешіп, оның дамып, есеюіне әсер ететін маңызды
шешуші фактор болып табылады..

Ұқсас жұмыстар
Психологиялық зерттеулердің даму принципі мен жүйелі-құрылымдық принциптер
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары
Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формалары
Орыс философиясына тән ерекшеліктер
Мифологияның ерекшеліктері
Канттың философиядағы таным мәселесі
Білім берудегі инновация
Бейнелеудің сатылары
Славянофиндер философиясы
Кантқа дейін тіпті философияда субъект
Пәндер