Құмайдың биологиялық ерекшеліктері


Slide 1

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Малазықтық құмайлардың (Sorghum Pers) биологиялық, экологиялық және ресурстық сипаттамасы

Орындаған: Хоганбек Б.

Ғылыми жетекші Аралбай Н. Қ.

Slide 2

Тақырыптың өзектілігі:

Құмай- ыстыққа да, қуаңшылыққа да төзімді, топраққа талғамы аз, суды үнемді пайдаланады (жүгері дақылымен салыстырғанда 2 есе аз), тұқым себу мөлшері жүгеріден 5-6 есе кем, тұзды топрақтарға шыдамды және әртүрлі мал азықтық дақылдармен салыстырғанда көк масса өнімділігі көп артық. Сондықтан, жоғары өнімді, топырақ тұздылығына және су тапшылығына төзімді болып келетін галофитті өсімдіктердің жаңа сорттары мен түрлерін инновациялық технологияларды пайдалана отырып Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіруді жолға қою, бүгінгі күннің өзекті мәселелері қатарына жатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Малазықтық құмайлардың (Sorghum Pers) биологиялық, экологиялық және ресурстық сипаттамасын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды.

1. Малазықтық құмайлардың (Sorghum Pers) биологиялық сипаттамасын анықтау.

2. Малазықтық құмайлардың (Sorghum Pers) экологиялық сипаттамасын анықтау.

3. Малазықтық құмайлардың (Sorghum Pers) ресурстық сипаттамасын анықтау.

Slide 3

Құмай - (Sorhum) - біржылдық шөптектес астық тұқымдас өсімдік. Оның 50 мәдени және бірнеше жабайы түрлері бар. Отаны Африка. Екінші шыққан жеріне Үндістан мен Қытайды жатқызады. Бұл өсімдіктің биологиялық ерекшелігі сол, табиғаттың қолайсыз жағдайларына аса төзімділігі. Ол ыстыққа, шөлге төзімділігі, қолайсыз жағдайларына өсетіндігі және ылғал жеткіліксіз болғанда, тіпті +450С температура да жақсы өнім беретіндігінде.

Slide 4

Құмайдың биологиялық ерекшеліктері

Тамыр бөлігі- талшықты, қатты тармақталған болып келеді

Сабағы - 1-2, 5м, тропиктік аймақтарда 7м-ге дейін жетеді

Жапырақтары жалпақ, дән жабындысымен жабылған

Гүлшоғырының ұзындығы 15-50 см. Дәні қабыршақты, тегіс, масақ қабыршақтарымен жабылған.

Slide 5

Малазықтық құмай (Sorhum) - жарық сүйгіш өсімдік

Құмай өсімдігінің қасиеттері мен өсу ерекшелігін зерттей келе, бұл өсімдіктің басқа өсімдіктерден ерекше екендігіне көз жеткіземіз.

Малазықтық құмай - жарық сүйгіш күндік өсімдік.

Тұқымдастарының көпшілігінде өсімдіктердің гүлдеуі қысқа тәулікте азаяды, ал ұзақ (15 сағаттан астам) күнде жақсы өседі.

Құмайдың экологиялық сипаттамасы

Slide 6

Топыраққа қатынасы

Малазықтық құмай топырақ таңдамайды, өте қарапайым дақыл болып табылады және құнарлы саздақтарда, жеңіл құмды және сазды, арамшөпсіз топырақта жақсы өседі.

Тамыр жүйесінің мықтылығының арқасында малазықтық құмай басқа дәнді дақылдар үшін тозған және құнарсыз деп табылған топырақта бірнеше жылдар бойы қанағаттанарлық және жақсы өнім бере алады.

Қышқыл топырақта нашар өседі.

Slide 7

Ылғалға қатысы

Малазықтық құмай ылғалға

мұқтаж емес;

Құрғақшылыққа төзімділігі

жоғары болғанымен,

ылғалмен қаматамасыз етілуі

өнімнің жақсы болуына әсер етеді.

Қазақстанның тау етегіндегі құрғақ дала аймақтарында суармалы жағдайда малазықтық құмай 52, 6-дан 62, 5 ц/га-ға дейін дән бере алады.

Slide 8

Температураға қатысы

Малазықтық құмай - жылуды жақсы көретін және құрғақшылыққа төзімді дақыл. Тұқымның өнуі, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін ең тиімді температура + 20 . . . + 30С аралығы

Өсімдік дамудың кез келген кезеңінде аязға шыдамайды. Көктемгі аяз дақылдарды толығымен жойып жіберуі немесе өнімді айтарлықтай азайтып жіберуі мүмкін, сондықтан отырғызу күндеріне асықпаған дұрыс.

Slide 9

Малазықтық құмайдың ауыспалы егістегі орны

Малазықтық құмай әдетте отамалы күздік дақылдардан, бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін егіледі.

Малазықтық құмай ылғалды жерлерде кеш көктемгі дақылдар үшін жақсы тыңайтқыш болып табылады. Қайта шабуға жақсы шыдайды. Алайда, бұл дақылды тұрақты өсіру кезінде жер асты қабаты қатты құрғайды.

Slide 10

Таралуы

Малазықтық құмайдың Азияда (негізінен оңтүстік-батыс бөлігінде), Африкада (Экваторлық және оңтүстік), оңтүстік және Солтүстік Америкада, Еуропада (континенттің оңтүстігінде), Австралияда өсетін немесе өсірілетін 50-ге жуық мәдени және жабайы түрі бар. Малазықтық құмай сонымен қатар Ресейдің оңтүстігінде және Украинаның далалы аймағында, Молдовада өсіріледі.

Slide 11

Құмай дақылының құндылығы - оның құрғақшылық пен аптаған ыстық кезеңдерде өнімділікке зиян келтірмей төтеп беру қабілеттілігі, жаздың екінші жартысында жауын-шашынды тиімді пайдалануы, ұзақ мерзімді ылғалсыз кезеңнен кейінгі биіктікке жетуі және жеткілікті түрде жоғары өнімділікті қалытастыруы қуаңшылық аймақтарда оны өсіруге мүмкіндік береді: Украинаның оңтүстігінде, Молдова, Ростовский аудандары, Ставропольский және Краснодар өлкелері, Орта Азия, Орта және Төменгі Поволжье облыстары, Оренбург облысы, Сальский және Калмыцкий даласы, Қара жерлер, Кизлярский жайылымы, Каспий маңы ойпатының тұзданған жерлері, Қазақстан мен Солтүстік Кавказ Республикасында, Солтүстік Кавказда құмай дақылы 1904-1905 жж. орыс-жапон соғыс дәуірінен бастап кең тарала бастады.

Slide 12

Қолданылуы:

Малазықтық құмай дәнінен ұн, жарма, крахмал, спирт алынады.

Әртүрлі ароматтық қоспаларды қосып, құмайдан алкогольсіз глюкоза-фруктозалы шырындар, йогурттар дайындалады. Сондай-ақ құмай медицинада сусамыр ауруының (сахарный диабет) науқастарына бірден-бір шипалы диеталық тағам дайындауда қолданылады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, мен құмай сортынан жасалынған ««КУАТ3»- сусынын артық салмақпен ауыратын адамдарға пайдалануға ұсыныс айтамын. Өйткені құмайдың құрамындағы көмірсулардың энергетикалық құныдылығы жоғары болғанымен де адам ағзасына түскен кезде бірден еріп, метаболизм жолымен ағзаға тез сіңіріледі.

Кейбір түрлерінің сабақтарынан сорго шәрбаты немесе сорго балы өндіріледі.

Сабанынан тоқыма бұйымдар, қағаз, сыпырғыштар жасалады.

Slide 13

Мал азықтық құмайлардың (Sorghum Pers) ресурстық сипаттамасы

Химиялық талдау деректеріне сүйене отырып, 1 келі құмайдың құрамына зерттеу жүргізілді. Деректерге сүйенетін болсақ, 1 келі құмайдың 130, 4 грамын ақуыз құрайды. Жасұнық одан сәл көбірек, дәлірек айтқанда 177, 4 грамм. Оның құрамындағы ең үлкен үлесті БЭВ алады, ол 502, 6 грамды құрайды. Ал ең аз үлеске май ие, ол 12 грамм.

Slide 14

Бұл диаграммада 1 келі құмай пішенінің құрамына енетін 4 бөлігінің қорытылу коэффициенттері талданған. Деректерге сүйенсек 1 келі құмай құрамындағы ақуыздың 48 %-ы қорытылса, БЭВ-тің қорытылу коффициенті 57, 30 %-ға тең. Ал май мен жасұнықтың қорытылу коэффициенттері өзара тең және 50, 60 %-ды құрайды.

Slide 15

Дәндердің құрамында талшық, ақуыз, көмірсу және май бар. Өнімнің энергетикалық құндылығы шамамен 340 ккал құрайды. Сондай-ақ, дәнінде аскорбин қышқылы, фолий қышқылы, биотин, ниацин, рибофлавин, тиамин сияқты компоненттер бар.

Сондай-ақ құрамында адам ағзасын тазартуға және қорғауға көмектесетін антиоксиданттар ретінде әрекет ететін заттар бар. Осы өнімнен жасалған асты үнемі тұтыну денедегі метаболикалық процестерді жеделдетуге көмектеседі.

Slide 16

Өсімдіктің құрамында келесі

пайдалы элементтер бар:

мыс, темір және калий;

В тобының витаминдері;

хлор және күкірт;

фосфор және натрий;

РР дәрумені;

магний және мырыш;

токоферол;

кремний, алюминий және йод;

Н дәрумені;

холин;

марганец және хром;

кальций және кобальт.

Slide 17

Өсіру технологиясы

Егер алдында тұқымдарды алдын ала сұрыптайды, қыздырады;

Басқа дақылдармен бірге себу өте маңызды, Қосымша дақылмен бірге егілген малазықтық құмайдың өнімділігі жалғыз себілген дақылына қарағанда 15-20% жоғары өнім береді;

Әдетте 3-5 см тұқым себу тереңдігінде топырақ 12-15°C дейін қызған кезде себіледі.

Егу әдісі негізінен кең қатарлы;

Егу жылдамдығы қолданылуына байланысты 20-50 кг/га құрайды.

Slide 18

Егінді ору

Дәнді құмай тікелей

комбайнмен тазаланады.

Дәндері әбден пісіп жетілген кезде жиналады.

Сыпырғыш тәрізді түрін жинау кезінде алдымен гүлшашақ басы кесіледі, содан кейін сабақтары шабылады.

Сүрлемге арналған малазықтық құмай төменгі жапырақтары құрғағанға дейін дәні піскен кезде жемшөп жинайтын комбайндармен жиналады.

Slide 19

Өнімділігі


Ұқсас жұмыстар
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Күріштің гүлшоғыры
Тұлғаның дамуы
Шығыс ешкішөбі: биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, шаруашылық маңыздылығы
Алғы дақылдар
Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі
Организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Ақ алабота (лат. Chenopodium album)
КӘДІМГІ ҚЫШАБАС
Микроорганизмдер селекциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz