Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары: теориясы, құрылымы және легитимділігі


Slide 1

Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары.

Орындағандар:Тұрсынбай. Б

Уалихан. С

Қабылдаған:Есбергенова. Г

Slide 2

Саяси зерттеулердегі салыстыру обьектісі әрқашан әр түрлі қоғамдағы биліктің бөлінуі болып табылады. Шын мәнінде, билік саясаттағы негізгі нәрсе. Сонда билік дегеніміз не? Күнделікті өмірдің өзінде ұғым әр түрлі мағыналарда қолданылады. Билік-адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Саясаттану ғылымында саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың саяси институттары мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп, білуге мүмкіндік береді.

Slide 3

«Институт» латын тілінен аударғанда орнату, қалыптастыру деген мағынаны білдіреді. Жалпы ғылымдарда институт ұғымының мекеме, ұйым, құрылым деген мағыналары қолданылады. Ал, саясаттануда саяси институт қоғамдық өмірді басқару, ұйымдастыру іс-әрекеттерімен айналысатын барлық ұйымдар, мекемелер, құрылымдарды айтады. Олардың ішіндегі негізгі ұйым -мемлекет. Сонымен қатар саяси институттарға: Саяси партиялар, түрлі қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, жастар одағы т. б. жатады. Қоғам өміріне саяси партиялар, шығармашылық жастар одағы - мемлекет басқару органдарына сайлану, заң шығарушы органдарының жұмысына қатысу арқылы саяси қатынастардың тәртібі мен тұрақтылығын сақтап реттеп отырады.

Slide 4

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

Slide 5

"Партия" деген сөз-латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Ал қазіргідей нағыз партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады.

Қазақстан Республикасында “Саяси партиялар туралы” Заң 2002 жылы 15 шілдеде қабылданды.

Slide 6

Шамадан тыс күшті биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, халықтың, елдің, мемлекеттің мүдделерін есепке алу мақсатымен жүзеге асырылады. Биліктердің бөліну принципі жүзеге асырылатын мемлекеттерде, мемлекеттік биліктің үш міндетінің біреуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган, өзара бірлесіп әрекет етеді және бұл жағдайда бір-бірін шектеп отырады. Қазіргі заман дәуірінде биліктердің бөліну принципі конституционализмнің ең негізгі идеясы болып табылады.

Slide 7

Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері

«Легитимділік» термині (лат. legitimus - заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды.

Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимділік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Slide 8

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Slide 9

Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.

Slide 10

Саяси институттардың мақсаты

Әлеуметтік тәртіп пен әділеттілік - бұл институттардың әр қоғамда көздейтін мақсаттарының бірі. Кез-келген саяси режим, мейлі демократиялық болсын, диктаторлық болсын, өзінің саяси, мәжбүрлейтін және құқықтық институттары арқылы тәртіпті сақтауға тырысады. Алайда оның жұмыс механизмі әр қоғамда өзгертіліп отырады.

Slide 11

Бірлесетін дербестік

Саяси, әлеуметтік, кәсіби немесе кез-келген басқа мақсаттар үшін еркін қауымдастық - бұл саяси институттар кепілдік беруі керек шарттардың бірі.

Олар заңдарға сәйкес келсе және зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы терең өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылмаса.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси институттар мен билік жүйесі
Саяси билік: ұғымы, формалары, институттары, ресурстары, қызметтері және легитимдігі
Билік феномені: ұғымы, қызметтері, жіктелуі және легитимділігі; саяси режимдер мен мемлекеттік құрылыс
Саяси билік институттары: құрылымы, қызметі және партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың рөлі
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие реттеу: теориясы, қызметтері және институттары
Саяси билік: теориясы, әдістері, түрлері мен легитимдігі Қазақстан мысалында
Саяси билік: мәні, құрылымы және жүзеге асыру механизмдері
Саяси биліктің теориясы, түрлері және институттары
Саясаттану семинары: саяси ой тарихы және билік теориясы
Саяси билік: ұғымы, функциялары, құрылымы және легитимдігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz