Мемлекетті басқару формасы


Slide 1

Тақырыбы: «Мемлекет және азаматтық қоғам»

Орындаған: Хайрбег Айгерим

Тексерген: Қарлығаш Атанакова

Slide 2

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ AЗАМАТТЫҚ КОҒAM

Мемлекет және азаматтык коғам ертеден ғалым заңгерлердің, саясаттанушылардын, философтардын, тарихшылардын, әлеуметтану-шылардың және экономистердін назарына іліккен. Бүл кездейсок нәрсе емес еді, өйткені оларды калай түсінуге орай мемлекет пен азаматтык коғамға катысты проблемаларды, әсіресе мемлекеттін, азаматтык коғамнын сактанғыштығы, өмір сүргіштігін мәселелерін шешу, олардын казіргі коғам алдында пайда болған міндеттерді шешу кабілеті соларға байланысты.

Ұзак уакыт бойы саясаттануда "мемлекет" және "азаматтык коғам" ұғымдарынын жеке карастырылмай, бір мағынада колданылып келгені белгілі. Осыған орай "мемлекет" және "азаматтык коғам" үғымдарының коғамдык өмірдің әр түрлі жактарын көрсететіндігін атап айткан жөн. Мемлекет және азаматтык коғам топтар, индивидттер жэне т. б. ортак маңызды мүдделерінін көрініс беру формасы болып табылады, оларды жүзеге асырудың тәсілдері іспетті. Солай болғанмен де оларды түсіндіруде пікірлер мен бағалаулар шашыранкы.

Slide 3 Slide 4

Мемлекет - негізгі саяси институт

Мемлекет - бұл күрделі конструктиве, көп функциональді коғамдык-саяси түзілім. Оны зерттеу әртүрлі аспектіде болуы мүмкін.

"Мемлекет" термині әлеуметтік-саяси әрекеттерде әдетте екі мағынада - тар және кен мағынада қолданылады. Тар мағынада ол үстемдік институты ретінде, мемлекеттік билікті алып жүруші, иеленуші ретінде түсіндіріледі. Өз мәнінде мемлекет - бұл тарихи калыптаскан үйым немесе сол аумакта жоғары билікті иемденген саяси институт. Ал, кең мағынада алғанда мемлекет дегеніміз калыптаскан жалпылык, аза. маттародағы, кауымдастык. Бұл жерде ол "мемлекетті" (тар матынадағы) және "коғамды" камтитын тұтастыкты білдіреді. Баскаша сөзбен айтканда, мемлекет деп белгілі бір аумакта орналаскан және жоғарғы билік органдары баскаратын ел, коғам ретінде түсіндіріледі.

Осымен байланысты саяси ойлар тарихында мемлекеттін шыккан кезінен бастап оған әр түрлі түсініктеме (трактовка) берілді, себебі адамзат тарихының түрлі кезендерінде алдынты катарға онын кайсы бір функциялары мен касиеттері шытып отыртан. Сондыктан мемлекеттің генезисі (шығуы) мәселесі жүздеген жылдар бойы ұзаққа созылған пікірсайыстардын такырыбы болды. Ол туралы әр түрлі кәземелдер, теориялар, тұжырымдамалар ұсынылды.

Slide 5

Мемлекеттің шытуы туралы бірден-бір ертедегі түсінік патриархалдык теориялар идеясымен байланысты. Патриархалдык теория бойынша (Р. Фалмер, Н. Михайловский жэне баскалары) мемлекет - ерікті бірігудін негізінде кұрылған үлкен отбасы ретінде, отандык биліктін кортаушылытымен билеуші мен онын кол астындағылардың карым-катынасы әке мен отбасы мүшелерінін карым-катынасымен ұксас етіліп, шағын отбасының бірігуі ретінде карастырылады.

Теократиялык теория (Ф. Аквинский, Маритен, Мерсье жэне баскалары) мемлекетті кұдайдын кұдіретінін негізінде пайда болтан, ал бүкіл билік кұдайдан деп карастырады. Осыдан келіп әркім барлық мәселеде билеушіге бағынуға міндетті. Өмірде калыптаскан адамдардың әлеуметтік-саяси және құқықтық теңсіздіктері кұдайдың еркімен белгіленген, соған көну керек және кұдайдын жердегі наместнигіне карсылык жасамау кажет. Мемлекеттін кұдайлык генезисін казіргі діндерде мойындайды. Дәлірек айтканда, мысалы, католизм мемлекеттін және биліктіи күдайдан пайда болу идеясын дәріптейді, оны жүзеге асырудын накты формаларымен байланыстырады.

Slide 6

Бастауын Аристотельдің еңбектерінен алған антропологиялык теория мемлекеттің шығуын адамнын котамдыктабитатымен түсіндіреді. Мысалы, Аристотель адам коғамдык (саяси) жөне үжымдык тіршілік иесі ретінде белгілі бір коғамдык өмірде, олардың ең жоғарғысы болып саналатын мемлекетте емір сүреді және өз кабілетін дамытады деген көзкарасты бекітті. Демек, осы сүракка сәйкес, коғамдык өмірдің мемлекеттік формасы адам табиғатынын монінде жатыр.

Коғамдык келісім теориясы бойынша (Т. Гоббс, Б. Спиноза. Дж. Локк, Ж-Ж. Руссо және баскалары) қоғамдык өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамассыз ету максатында, адамдар арасында, билеуші мен батынушыларынын арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартка отыру негізінде мемлекет пайда болады. Сонымен бірге адамдар өз еркіндігінің (өз билігінің) бір бөлігін мемлекетке береді. Мемлекет шыққанға дейінгі окшауланған индивидтер ендігі жерде біртұтас халыққа айналады. Нәтижесінде билеушілер мен қоғамда өзара құқық пен міндеттер және соңғының іске асуы үшін жауапкершілік кешені пайда болады.

Slide 7

Сонымен катар котамдык келісім теориясында мемлекет адамдарды жаппай ымыраға келтіру органы ретінде пайымдалады.

Психологиялык теория (Л. Петражицкий, Г. Тард, З. Фрейд жэне баскалары) мемлекеттін шығуын адам психикасының: белгілі бір адамдардың билік еткісі келу қажеттілігі, өзгелердің батынуға тырысуы, еліктеуі, ал баскаларының - бағындыруға, еліктеу үшін үлгі болуы іспетті ерекшелікті касиеттерімен байланыстырады. Алғашкы қауымдық адамның тайпа көсемдеріне, абыздарта, бақсыларға, көз бояушыларға және басқаларына жапсырған қабілеттері мемлекеттің пайда болу, шығу себептеріне айналған.

Мемлекет шығуының органикалық теориясы (Г. Спенсер, Вормс, Прейс жэне баскалары) XIX ғасырдың екінші жартысында кеңінен етек алды. Бұл кезде ғылым, соның ішінде гуманитарлық ғылым Ч. Дарвин айтқан табиғи сұрыптау идеясының қуатты ыкпалын бастан кешіріп жаткан болатын.

Slide 8

Органикалык теория өкілдерінің пікірі бойынша мемлекет - бұл организм, оның бөлімдерінің арасындаты тұрақты қарым-қатынастар тірі жанның мүшелерінің өзара байланысына ұксас болады. Яғни, мемлекет биологиялык эволюцияның бір түрі болып есептелетін әлеуметтік эволюцияның жемісі.

Мемлекет шығуының әлеуметтік-экономикалық теориясы (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин жэне баскалары) мемлекеттін пайда болуын ең алдымен мынандай әлеуметтік-экономикалық себептермен (факторлармен), атап айтқанда, қоғамдық еңбек бөліністері, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т. с. с. түсіндіреді.

Экономиканын дамуы мен мемлекеттің пайда болуы үшін үш ірі енбек бөлінісі (жер шаруашылығынаң мал шаруашылығының және қол өнердің белінуі, тек айырбаспен айналысатын адамдар табының жіктелуі) аса маңызды болды. Мұндай бөліну және онымен байланысты еңбек кұралдарын жетілдіру оның еңбек өнімділігін арттыруға серпіліс береді. Артық өнім пайда болды, ол түптеп келгенде жеке меншіктің шытуына әкеп соқтырды, соның нәтижесінде қоғам мүліктілер және мүліксіздер таптарына бөлінді.

Slide 9

Жеке меншіктің пайда болуының маңызды нәтижесі ретінде ендігі жерде қоғаммен үйлеспейтін және оның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірмейтін жария саяси билік бөлінді. Билік ету рөлі басқарушылар санатына айналған бай адамдардың колына көшті. Олар өздерінің экономикалык мүдделерін қорғау үшін жалпы саяси кұрылым - мемлекетті ойлап шығарды.

Сайып келгенде, мемлекет негізінен біртаптын екінші тапка үстемдігін сактау мен оны колдау максатында, сонымен қатар қоғамның біртұтас организм сияқты өмір сүруіне кепілдік беру мақсатында пайда болды.

Күштеу териясы (Шан Ян, Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский. Ф. Оппенгеймер және басқалары) мемлекеттің шығу себептерін экономикалык катынастардан емес, күдай ісінен емес, керісінше, әскери- саяси факторлардан: күштерден, жаулаушылыктан, біртайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Жаулап алынған халықтар мен аймақтарды басқару үшін қысым жасау аппаратынын кажеттігі туды, міне сондай аппарат болып мемлекет шықты.

Slide 10

Осымен байланысты мемлекеттің пайда болуы белгілі бір деңгейде кемеліне жеткен коғамның табиғи дамуының заңды, объективті нәтижесі екенін атаған жөн. Мемлекет қоғамнан алғашкы қауымдық құрылыс ыдырау үрдісінде бөлініп шықты.

Мемлекеттің маңызды элементтері.

Жалпы халықаралық түсінік пен саяси аспекті тұртысынан қарағанда мемлекеттін мәнін сипаттауда аумак, халық - ел-жұрт және билік сияқты оның негізгі элементтерін құрайтындардың маңызы аса зор екенің айтқан жөн. Аумақ - бұл мемлекеттің физикалық, материалдық негізі, оның кеңістіктік мәні. Мемлекеттің өз аумақтық иелігінің нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс. Тарихтың көрсеткеніндей бір мемлекеттердің баска мемлекеттерге аумақтық егестері және талаптары кескілескен талаптарға, дау-жанжалға, тіптен әскери қақтығытарға дейін жеткізген. Жаулаушылықтың нәтижесінде мемлекет аумағынан айырылатын болса, онда ол өмір сүруін тоқтатқан.

Slide 11 Slide 12

Мемлекеттін екінші манызды элементі - халық, яғни сол мемлекеттің аумағында өмір сүретін және оның билігіне бағынатын, ұлысты немесе ұлтты құрайтын адамдар қауымдастығы. Мемлекет халкы - ел-жұрты бір ұлттан немесе көпұлттан түруы мүмкін. Мемлекеттің тұтастығын және оның барлық мүшелерінін өзара байланысын азаматтық институты немесе бір елдін азаматы болу камтамасыз етеді.

Мемлекеттік билік бұл тұрақты, орнықты сипаттағы саяси институт. Ол егеменді, тиімді, ұйымдық жағынан қалыптасқан, мемлекет алдында тұрған міндеттерді табысты шеше алатындай болуы тиіс.

Мемлекеттің белгілері.

Мемлекеттін белгілері бұл - жалпы мемлекетті және баска да кептеген коғамдық-саяси ұйымдардан, бірлестіктер мен қауымдастықтардан мемлекеттік органдардың жеке әркайсысын бөліп даралайтын мемлекеттіліктін кажетті айырыкша ерекшелігі.

Мемлекет өз аумағында тұратын барлық халықты біріктіреді. Саяси өзін-өзі баскарушы ұлт мемлекеттің субстаниионапдык элементі болады.

Slide 13

Мемлекеттінң негізгі белгілерінін арасында салықтар маңызды рөл аткарады. Салықтар жария биліктін өз функцияларын жүзеге асыру барысында мемлекеттің шығарған шығынын жабу үшін азаматтардан және коммерциялык ұйымдардан алынатын міндетті төлем. Салықтар мемлекеттін экономикалық дербестігіне мүмкіндік береді, олар мемлекеттік бюджетті толыктыратын басты көз болып саналады.

Егемендік мемлекеттің маңызды, айқындағыш белгілерінің бірі болып есептеледі. Мемлекет аумағынын көлеміне, халқының - ел-жұртының санына, саяси режиміне қарамастан егеменді болады.

Мемлекет егемендігі аумақтың тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, шекаранын бұлжымастығы және ішкі істеріне араласпау сынды негізгі принциптерді қамтиды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекетке мынандай аныктама беруге болады. Мемлекет бұл - оның барлық азаматтары үшін міндеттілік сипаты бар, мемлекеттік биліктін көмегімен белгілі бір аумақта қайсыбір халықты ұйымдастыруға және оның өмірін баскару үшін кұрылған негізгі саяси институт.

Slide 14

Мемлекетті басқару формасы.

Мемлекеттік басқару формасы бұл мемлекеттік билік жоғарғы органдарынын ұйымдастырылуы мен өмір сүруі және олардың халыкпен өзара тығыз қарым-қатынастарынын тәртібі. Мемлекет басқару формасына қарай монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

Монархия бұл биліктің толық немесе жартылай бір адамның - монархтың (король, патша, шах, хан, император және т. б. ) қолына шоғырлануы. Монархия институты казірдің өзінде элемнің 30 астам елінде сақталған.

Монархия екі түрлі болады: абсолюттік және конституциялық. Абсолютті монархия бұл мемлекеттік билікті бір тана монарх іске асыратын және оған ешкандай шек койылматан мемлекеттік баскару формасы. Бүгінде осындай баскару формасы Сауд Арабстанда, Катарда, Оман мен Брунейде орын алған.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің функциялары
Мемлекет нысаны түсінігі - мемлекеттану ішіндегі негізгілердің бірі
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшелігі
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
Саяси ойлар тарихы
Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары
Цицеронның саяси ойлары
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Геосаясаттың негізін қалаушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz