Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Презентация қосу
4-тақырып. Мүмкіндігі шектеулі
категориядағы балаларға инклюзивті
білім беру жағдайлары
.
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына
жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар
еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар
көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар
балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар
балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
• Жалпы еліміз бойынша 420 арнайы білім беру
ұйымы бар, оның ішінде 195 психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеті, 98 арнайы мектеп,
14 оңалту орталығы және 38 арнайы мектепке
дейінгі ұйым, 75 психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация (ПМПК) жұмыс
істейді. Психологиялық-педагогикалық түзету
кабинеттері мен оңалту орталықтарында 24 503
бала қолдау алады, оның ішінде мектеп
ұйымдарына бармайтын 2415 бала.
• Арнайы мектепке баланы білімді басқару органдары тек
ата-анасының келісімімен жэне психолгиялық-медико-
педагогикалық комиссияның келісімі бойынша жіберіледі.
Сол сияқты ата-ананың келісімімен бала арнайы мектеп
ішіндегі ақыл-есі кем балаларға арналған сыныпқа тек
онда бір жыл оқығаннан кейін ауыстырыла алады.
• Арнайы мектепке, жалпы білім беру процесі жағдайында
психологиялық-медико-педагогикалық бақылау
барысында мүндай балаларды (айқындау) анықтау шарасы
бойынша, кемістігі күрделі қүрылымды балаға арналған,
сынып (немесе топ) қүрылуы мүмкін.
• Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі білім беру
жүйесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар білімді арнайы
(коррекциялық) оқу мекемелерінде, үйде немесе арнайы
мектеп-интернаттарда алады. Біздің елімізде арнайы білім
беру мекемелерінің (арнайы (коррекциялық) мектептер
мен мектепке дейінгі мекемелер, реабилитациялық
орталықтар, психологилық-педагогикалық түзету
кабинеттері) кеңейтілген жүйесі қалыптасты, соңғы
онжылдықта республикада объективті және субъективті
себептер бойынша, қоғамның мүмкіндігі шектеулі
адамдарға деген қатынасында маңызды өзгерістер болды.
• Психикалық немесе физикалық ауытқуы бар
баланың даму жағдайы көп
жағдайда оның денісау қатарластарының даму
жағдайынан түбегейлі
айрықшаланады. Ата-аналардың, дәрігерлер мен
педагогтардың барлық күш-
қуаты кемістікті емдеуге және түзетуге
бағытталады; балаға жалғыз
әлеуметтік рөл – пациент рөлі беріледі.
• Арнайы (коррекциялық) мектепте оқыту, өзінің алдына басым
міндеттерді қояды: барлық коррекиялық-педагогикалық жұмысты оқушылардың
физикалық және психикалық дамуын «нормаға» барынша жақындату мақсатында
құру. Сонымен бірге, Н.Н.Малофеев атап көрсеткендей, «ерекше» баланың өзінің
балалық шағын толыққанды өткізу құқығы болатынына, ешқандай коррекциялық
мақсатты көздемейтін өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау, ойындар мен
сауықтар, туыстарының қамқорлығы мен махаббатыа ие болу құқығы болатынына
ойланбайды.
• Кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және
түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім
және ғылым министрлігінің қарауында
орналасқан. Қазақстанда кемтар 120665
бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар
бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру
ұйымдарында арнаулы біліммен
қамтылған, оның ішінде:
• 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін
(1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар
еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу
қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру
мүшелерінің функциялары
бұзылған балалар үшін;
• Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар
балалардың білім алуға қол жетімділігін
кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
мақсатында психологиялық-педагогикалық және
медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж
балалар үшін жаңа типті мекемелер желісінің
дамуына жол ашылды:
• 16 облыстық және республикалық маңызы бар
Астана және Алматы қалаларының
психологиялық-медициналық педагогикалық
консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК)
қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17
қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту
орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинеттері ашылды.
• көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы
құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;
• есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін
қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын
үйрену, сөйлеу тілін дамыту;
• ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық
функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-
өзі жұмыспен қамтуға дайындау
• қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға –
толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша
меңгеру;
• қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға –
толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша
меңгеру;
• сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің
коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
• Керен-мылқау өз қимыл-қозғалысын
бақылай алады. Керең-мылқаудың дене
бітімі дені сау адамдардікімен бірдей
екендігін Н.А.Попов айрықша атап
көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету
қабілеті мен үйренуі айтарлықтай қиындық
тудырмайды. Көзі көрмейтін жандардың
айырмашылығы еңбектін, қандай түрі болса
да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай.
• Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу.
Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік
еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу
ерекшелігі. Адам табиғатында дыбыстық алатын
орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға
қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу. Естімейтін
балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы
арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол
1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің
бұйрығымен ашылды.
• Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың
мектеп- интернаты мықты материалдық
базасы бар, өздерінің оқу корпустары,
жатақханалары, жаңа заманға сай
құралдары, есту аппаратары және басқа да
құралдармен қамтамасыздандырылған.
Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие
жұмыстары балалардың жеке
ерекшеліктерін танып білуден басталады.
• Зияты зақымдалған балалар. Зияты бұзылған балаларды
зерттеуде үлкен үлес қосқан Л.С.Выготский болды, ол
аномальды балалар психикасының даму заңдылықтарын
көрсететін тұжырымдар жасады. Олар:
• Ақыл – ой кемістігі жағдайында баланың аффект және зият
қатынасындағы өзгерістерді тұжырымдау
• Аномальді балалардың дамуындағы бірінші және екінші
кемістікті көрсету және сәйкесінші әрбір баламен жүргізілетін
кооррекциялық оқу тәрбие жұмысының бағытын анықтау.
• Адам психикасының құрылуының жүйелігін
тұжырымдау,мұнда бір бөліктің зақымдануы,бүкіл дүние
жұмысын өзгертеді
Зияты зақымдалған балалардың ерекшеліктері
Эмоцияның
бұзылуымен
Жоғары түсіндірілетін
психикалық
қиындықтар
функциялардың физикалық
бұзылуы
дамудағы
кемшіліктер
• Ақыл-ой дамуындағы кемшілік» түсінігі
психологиялық-педагогикалық тұрғыда
бұзылу симптомдары арқылы
• олигофрения мен деменцияға бөлінеді. Зияты
зақымдалған балалардың топтастырылуы
• Дебиль— ақыл-ой дамуының жеңіл түрдегі
бұзылуы
имбециль — ақыл-ой дамуының орташа түрдегі
бұзылуы
идиотия — ақыл-ой дамуының күрделі түрдегі
бұзылуы
• Ақыл – ой кемістігі бар балаларды
арнайы (түзеу) мектепте оқыту бірнеше
кезеңнен тұрады:
• пропедевтикалық-диагностикалық кезең 0
(дайындық сыныбы) ;
• бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;
• жалпы білім беру кезеңі- 5-8 (9) сыныптар;
• әлеуметтік – еңбекке дайындықтың аяқталу
кезеңі
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру
процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары,
физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар
оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы
міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Олардың
қатарына келесі міндеттерді жатқызуға болады:
- мүмкіндігі шектеулі -білім беруге ерекше қажеттілігі
оқушының даму бар балалардың оқу сапасына
ерекшеліктерін зерттеу, білім мониторинг жүргізу, жалпы
беру процесіне қосудың тиімді білім беру жағдайында оны
түрін таңдау, арнайы арттырудың тиімді жолдарын
педагогикалық қолдау қарастыру;
мазмұнын анықтау;
- әлеуметтік тәжірибесін байыту, дені сау адамдармен бірлесе қарым
қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау,
мәдени құндылықтар мен нормаларға бейімдеу, мәдени өмірге белсене
араласуға тарту;
физикалық дамуына ықпал ету, жеке гигиена дағдыларын
қадыптастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, еңбекке сүйгіштікке,
дербестікке, өз әрекетіне есеп беріп, бақылауға үйрету және
жүрістұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру;
еңбекке қабілеттілігін зерттеу мәліметтері бойынша жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру,
әлеуметтік тұрмыстық бейімдеу, оқытудың барлық деңгейінде білім
берудің бірыңғай ашықтығын қамтамасыз ету;
- әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар балаларды оқытудың
арнайы әдістері мен технологияларын меңгерген педагог кадрларды
дайындау;
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім
алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға
ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік
қызметке мұқтаждығын нақты және жанжақты зерттеу керек.
Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау
мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы
анықталғаннан кейін, психологиялық медициналық-
педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады.
Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі:
баланы оңалтудың
медициналық,
кешенді бағдарламасын
әлеуметтік қызмет
жасау және жеке
көрсету мен білім
даралап оқыту бағдарын
алуға қажеттіліктерін
(маршрут) белгілеу.
анықтау және растау
Оның құрамында:
білім қызметі (оқу
бағдарламасының типін
әлеуметтік қызмет
және психологиялық
(жәрдемақылар және
педагогикалық қолдау медициналық қызмет
жеңілдіктер, техникалық
мазмұнын анықтау); (әртүрлі мамандарға
көмекші құралдар мен
өмір сүру ортасын тексерілу және емделу
бейімдеу қажеттілігі, стационарда
және т.б.)
педагогтарға,
психологтарға және мектеп
кеңес беру, үйрету және ұйымының басқа да
ата-аналарды мамандарына ерекше
педагогикалық түзету қажеттілігі бар балаларды
процесіне қатыстыру; оқыту мен тәрбиелеуде
кеңестік-әдістемелік көмек
көрсету;
психикалық даму мониторингі
және білім беруде ерекше
қажеттілігі бар балаларды
медициналық-әлеуметтік-
психологиялық-педагогикалық
тұрақты қолдау.
Екінші шарт – білім беру
процесінің барлық
Бірінші шарт – оқыту процесін қатысушыларын (балалар, ата-
дараландыру және саралау аналар, мұғалімдер, білім
жүйесінің басшыларын)
дамуында шектеуі бар
оқушылармен өзара қарым-
қатынаста қатар өмір сүруге
Үшінші шарт – ерекше дайындау.
қажеттіліктері бар балаларды
оқыту және тәрбиелеу
мәселелері бойынша мұғалімдер
және ата-аналарды арнайы Төртінші шарт – ерекше
дайындықтан өткізу және оларға қажеттіліктері бар
уақытылы кеңес беру. оқушыларды арнайы
психологиялық-медициналық-
педагогикалық сүйемелдеу.
Бесінші шарт – ерекше
қажеттіліктері бар оқушылардың
оқу жетістіктерінің мониторингі
және психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің
жеке бағдарламасын толықтыру.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда
біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-
совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар.
Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды
ескеру керек.
а) қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері
сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім
беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің
жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше
қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай
сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру
саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады
б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап
етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту
тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар,
психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық)
оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы
педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен
мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.
Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша
сараланады – есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің
ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар,
тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар
контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-
аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті
болғанда ашылады.
Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар
оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін
барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады:
нашар еститін және
естімейтін зағип балаларға
кейіннен естімей
балаларға арналған арналған - 8
қалған балаларға
- 8 адамнан артық адамнан артық
арналған - 10
емес; емес;
адамнан артық емес;
көзі нашар көретін
сөйлеу тілінің ауыр тірек-қозғалыс
және кейін келе
бұзылыстары бар аппараты бұзылған
көрмей қалған
балаларға арналған балаларға арналған
балаларға арналған
– 12 адамнан – 12 адамнан
– 12 адамнан
аспайтын; аспайтын;
аспайтын;
Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған
құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы
ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды
барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын
болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс
сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша
ұстау себептерін түсіндіруі қажет .
Мұндай жұмыстар ата-аналар жиналыстарында да жүргізілуі
тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ықпалды
(толерантты) көзқарас қалыптастыру мақсатында көзделуі
тиіс:
мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар
пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту
және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету;
ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы құрдастарымен
бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және пәндік іс-
әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру;
ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы
құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір
сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі;
ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және мектепте
мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және мектептен
тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып,
дарындылығын ашуға жағдай жасау
Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар
балаларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу
көбінесе барлық деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және
ынталылығына, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің
басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби даярлығына
байланысты.
Бірінші кезекте арнайы курстан жалпы білім беретін
мектептердің басшылары өтуі тиіс, өйткені ерекше қажеттіліктері
бар балаларды оқытуға ең басты жауапкершілік директорға
жүктеледі.
Басқару құрылымы өзгереді – күн тәртібі, сабақ кестесі,
мектептегі сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының
тиімділігін және сапасын бақылау, түзету, мектепте міндетті түрде
психологиялық-медициналықпедагогикалық сүйемелдеу
қызметінің құрылу және т. б.
Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар
білім беру және түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары
болуы керек. Ата-аналарға арнайы педагогпен балаларының түзету
және консультативтік сабақтарына қатысуға мүмкіндік жасалуы
тиіс. Арнайы педагог баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде оқыған
материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды
болдырмау өте маңызды.
Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік болса, баланы
жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл оқушыға
дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және
спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысаны
ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тақырыбы -
баланың әлеммен, айналасындағылармен (ересектер,
құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде
оның даму жағдайы.
Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу 12
командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог,
логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер
мен ата-аналардың өзара тығыз байланысын көздейді.
• Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте
қажетті мамандар болмаған жағдайда штатында,
мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік дене
шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін.
• Іштей сүйемелдеу командалық жұмыс ретінде
консилиумді пайдаланатын психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарымен
жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің
мамандарымен жүзеге асырылады
Cұрақтар:
1.Әлеуметтік – педагогикалық «сүйемелдеу» түсінігін талдаңыз.
2.А.М.Битянов психологиялық- педагогикалық сүйемелдеудің үш
компонетін анықтаңыз.
3.Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын көрсетіңіз.
4.Инклюзивті білім беруді іске асыруда психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеудің ерекшеліктері.
5.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудегі сіздің жұмыс
жоспарыңыз ?
6. Инклюзивті мектепте оқитын сау балалардың ата – аналары
мүмкіндігі шектеулі балалармен оқытуға қарсы сіз не істер едіңіз?
7. Сыныптағы қалыпты баланың бірі, ерекше білімді қажет ететін
бала мен бірге оқымаймын деп жатыр, сіздің педагог ретіндегі
әрекетіңіз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz