Гесс заңы және химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеу әдістері

Slide 1

Гесс заңы және оның салдары

Оқыту мақсаты:

10. 3. 1. 4 Гесс заңының физикалық мағынасын түсіну және оны химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеп шығаруда қолдануға үйрену

Сабақ мақсаты:

Гесс заңы бойынша анықтамалық мәліметтерді пайдаланып химиялық реакцияның жылу эффектісін есептейді

Бағалау критерийі:

Гесс заңы бойынша анықтамалық мәліметтерді пайдаланып химиялық реакцияның жылу эффектісін есептей алады

Slide 2

Гесс заңы термохимияның негізгі заңы болып табылады, ол келесідей тұжырымдалады:

Изобарлық-изотермиялық немесе изохоралық-изотермиялық жағдайларда жүргізілетін химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің энергетикалық күйлерінің айырмасымен анықталады.

Slide 3

Гесс заңының салдары:

1-салдар. Реакцияның энтальпиясы өнім мен реагенттердің түзілу энтальпияларының айырмасына тең.

аА + bB = cC + dD

∆Hр = с∆Нf (C ) + d∆Hf (D) - a ∆Нf (A ) - b ∆Нf (B )

∆Нf жай заттар үшін 0 -ге тең

Slide 4

2-салдар

Реакцияның энтальпиясы реагенттер мен өнімнің жану энтальпияларының айырмасына тең

аА + bB = cC + dD

∆Hр = а∆Нреаг (А ) + b∆Hреаг (B) - c ∆Нреаг (C ) - d∆Нреаг (D )

Slide 5

3-салдар

Реакцияның термохимиялық теңдеуін қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады, реакция қайтымды болмаса да, теңдеуді оңнан солға қарай жазуға болады.

Slide 6

С СО2

СО

I∆Н1

∆Н2

∆Н3

II

Slide 7

Есеп. Реакцияның ∆Н0 есептеңіз:

2Mg + CO2 = 2MgO + C

Егер ∆Н0түз (MgO) = - 601кДж, ∆Н0түз (СO2 ) = - 394кДж

Шешуі.

∆Н0 жай заттар үшін 0-ге тең.

∆Н0 = 2∆Н0түз (MgO) -∆Н0түз (CO2)

∆Н0 = 2(-601) - 1(-394) = - 808 кДж < 0

Реакция экзотермиялық

Slide 8

Анықтамалық мәліметтерді пайдаланып химиялық реакцияның жылу эффектісін Нo298 есептеңіздер:

2H2S(г) + 3O2(г) = 2SO2(г) + 2H2O(с) ; Нo298 = ?

Егер ∆Н0түз (H2S) = - 20, 60кДж, ∆Н0түз (SO2 ) = - 296, 9кДж, ∆Н0түз (H2 O ) = - 285, 83кДж

Гесс заңының салдарына сай:

∆Но298 = 2∆Ноf, 298(SO2(г) ) + 2∆Ноf, 298(H2O(ж) ) - 2∆Ноf, 298(H2S(г) ) - 3∆Ноf, 298(O2(г) )

∆Н0298 = 2(- 296, 90) + 2(- 285, 83) - 2(- 20, 60) = - 1124, 21 кДж.

Slide 9

Анықтамалық мәліметтерді пайдаланып химиялық реакцияның жылу эффектісін Нo298 есептеңіздер:

4NH3(г) + 3O2(г) = 2N2(г) + 6H2O(с) ; Нo298 = ?

Егер ∆Н0түз (H2S) = - 20, 60кДж, ∆Н0түз (NH3 ) = - 46 кДж, ∆Н0түз (H2 O ) = - 286 кДж

Гесс заңының салдарына сай:

∆Но298 = 2∆Ноf, 298(N2(г) ) + 6∆Ноf, 298(H2O(ж) ) - 4∆Ноf, 298(NH3(г) ) - 3∆Ноf, 298(O2(г) )

∆Н0298 = 6(- 286) - 4(- 46) = - 1532 кДж.


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz