Ғылымдағы әдіс мәселесі



Ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдістемесі: зерттеу әдістерін таңдау және негіздемелеу, зерттеу әдісін таңдау критерийлері, денсаулық сақтауда ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер
Орындаған: Дүйсенбаев Д.
Тобы: 226 ЖМ
Тексерген: Бердалиева Л. С.
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
«Астана Медицина Университеті» АО
Астана 2019
СӨЖ
Орындаған:Асқар Аяужан
Тақырып: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ғылыми зерттеу құралдары
Эмпириялық деңгей әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылыми әдіс - жалпы ғылым аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Зерттеу құралдарына:
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.
Тәсіл - күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика - бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Жүйе - күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа:
- жалпы ғылыми;
- интерғылыми
- жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған.

Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т. б. біріктіреді.
Интерғылыми әдістерге - экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т. б. жатады.
Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау - құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

1) Формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) Аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс - нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- Анализ - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т. б) бөлу;
- Синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- Абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- Жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- Индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- Дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- Аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т. б классификация - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т. б. ғылымдардың түрлі бөлімдері) .

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
• Экстрополяция - ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• Интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
.

• Модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу - түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме - дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
• Ретроспекция - объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• Эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары

-Сұхбат;
- Сауалнама;
- Эксперимент;
- Рейтинг;
- Сарапшы бағасы;
- Өзін-өзі бағалау;
- Нәтижелерді талдау.
Эмпирикалық зерттеу әдістері:

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz