Мәдениет элементтері


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Рахымжанова Қ. Н.

Тобы: ЖМҚА-08-21

Қабылдаған: Майлыбаева Л. С

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Тақырыбы: Мәдениет элементтері.

Шымкент 2022

Slide 2

2. Вирустар туралы жалпы сипаттама

3. Вирустарды дақылдандыру

4. Вирусологиялық зерттеу әдістері

Негізгі бөлім:

Мәдениет, мәдениет қызметтері

Мәдениет элементтері және түрлері

Әлеуметтік нормалары

Мәдениет әлеуметтануындағы негізгі терминдер

Кіріспе:

I

II

Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер:

III

IV

ЖОСПАР:

Slide 3

Мәдениет (арабша “маданият” - қала, қалалық ; латынша - өңдеу, өсіру ) -

1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;

3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т. б. ) ;

4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т. б. ) .

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтитын құндылықтарының жиынтығы

Slide 4

Мәдениеттің қызметтері

Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.

Танымдық қызметі.

Реттеу қызметі.

Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі

Slide 5

Мәдениетің элементтері

Slide 6

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтитын құндылықтарының жиынтығы

Қоғамның материалдық байлықтары

материалдық өндірістің жемісі

Қоғамның рухани байлықтары

рухани өндірістің өнімі деп қаралады

Slide 7

Кез келген мәдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың әлемтануына тән ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда баяндалған және тілде тіркелген байыпты тәжірибе болып табылады. Тіл - адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және берудің шынайы нысаны. Тілді белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын әлеуметтену барысында, яғни тәрбиелену және білім алу барысында меңгереді.

Мәдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік, білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың шындығында да нені ұстанатыны, өзінің қызметінде және қатынастарында нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрысы үлгілері нені қамтитыны көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың ақиқаттылығын тәжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады. Діншілдікке қарағанда нанымдардың мәні болмыс туралы логикалық негізделген және тәжірибе жүзінде расталған білім болады. Алайда нанымдар мен діншілдіктің біліммен байланысты болатыны сөзсіз. Білім нанымдарға және діншілдікке қандай да бір мағынаны беріп, оларды идеямен толықтырады.

Slide 8

Мәдениет анықталған құндылықтар негізінде болмысты рухани меңгеру тәсілі. Құндылықтар - жетуге талпынуға тырысатын адамның көпшілігімен әлеуметтік мақұлданатын және қабылданатын мақсаттар туралы түсініктері. Құндылықтар ретінде кез келген материалдық объект, қоғамдық қатынас немесе рухани құбылыс болуы мүмкін. Құндылықтар әлеуметтік субъектімен өзінің қажеттіліктерін оларды қоршаған орта заттарымен салыстыру, яғни адам үшін не пайдалы, не жақсы, не жаман және т. с. с екенін көрсететін құнды қатынас нәтижесінде қалыптастырылады.

Slide 9

Құндылықты бағалау критерийлері қоғаммен өзінің әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қалыптастырған сол қоғамның құндылықтар жүйесіне кіретін негізгі құндылықтар болып табылады. Бұл өмірдің келмейтін құндылығын жариялайтын, жақсылық және жамандық, бақыт, өмірдің мақсаты және мәні, денсаулық, жеке қауіпсіздік және т. с. с. туралы түсініктері; тұлға аралық қатынастың құндылығын растайтын: жалпы адамзаттың өзара әрекеттесудің адалдылығы, адал ниеттілігі, ақкөңілділігі; демократиялық бостандықтар, тұлғаны құрметтеу және т. с. с. Құндылық қатынас құндылық бағдарлаудың, құндылық нұсқамада көрінетін қызмет пен қатынастарды ақпараттандырудың қажетті компоненті ретінде болады. Құндылық нұсқамалары қоғаммен қоғамдық-тарихи қызмет барысында қалыптасады және индивидтермен және келесі ұрпақпен әлеуметтену барысында беріледі: оқыту, тәрбиелеу және т. с. с.

Slide 10

Әлеуметтік нормалары - тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид қызметіне және қатынастарына, әлеуметтік топтарға, таптарға және шынайы жағдайларға сәйкес қызметті және қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарына қоятын талаптары. Олар қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тән мүдделерді, құндылықтарды білдіретін әлеуметтік нормалар жалпы адами нормалар деп аталады. Бұл нормалар әділеттік және гуманизм, адам құқықтарына құрмет және т. с. с. белгілейді. Әлеуметтік нормалар қоғамда бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Олар:

жүріс-тұрыс эталондары қызметтерін атқарады;

индивидтерді топтарға, топтарды қауымдастықтарға біріктіреді;

әлеуметтанудың жалпы барысын реттейді;

жүріс-тұрысты бақылайды.

Slide 11

Аккультурация -қандай да бір халықтың, мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін жартылай не толық қабылдау кезінде болатын мәдени өзара ықпалдасу;

Субмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі;

Контрмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі;

Ассимиляция-бір халықтың мәдениетінің басқа халықтың мәдениетімен араласып, сіңісіп кетуі;


Ұқсас жұмыстар
Мәдени морфологияны зерттеудегі әдістер мен тәсілдер
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
Саяси мәдениет және саяси идеология
Мәдениеттің көшпелілік типтері
Экономикалық жү йе
Мәдениет морфологиясының мазмұны
БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz