Тағамдық заттардың қызметі
Презентация қосу
«Биология және биохимия»кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Адам тағамының құрамы.
Орындаған:Рахымжанова Қ.Н.
Тобы:ЖМҚА-08-21
Қабылдаған:Жиенбаева.А.А
Шымкент 2022ж.
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Тағамның құрамы
2.2 Тағамдық заттардың қызметі
2.3 Органикалық компаненттері
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену
арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін
жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген
сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық
заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған
тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда
тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға
таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы
ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке
мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін
жұмсалады.Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.
Тағамның құрамы.
Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті
пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және
көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды.
Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық
заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы
ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей
сіңіріледі.
Тағамның негізгі компоненттерінің тәуліктік қажеттілігі әртүрлі болады және ағзаның
энергия шығынына байланысты. Бұл жағдайда энергия шығынының 55% көмірсулармен,
30% липидтермен және 15% белоктармен толтырылады.
• Нәруыздар
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам
ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті
қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз,
әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың
құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп
кездеседі.
• Май
Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің,
жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе,
жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады.
Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп
бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға
тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.
• Көмірсулар
Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті
пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың,
ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында,
сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы,
өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі.
Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде
жиналады.
• Минералды тұздарды
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам
пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті
тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең
мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын
пайдаланса, жеткілікті.
• Су
Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі
физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда
көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне
1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті
пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде
ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су
тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану
бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.
Тағамдық заттардың қызметі
Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде екі
түрлі кызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам
ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны
тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы
химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі
ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу,
механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық
қызметі дейді.
Дұрыс тамақтану кезінде тағамда белоктың, майдың және көмірсулардың тек белгілі бір мөлшері
болып қана қоймай, олар бір – біріне белгілі бір қатынаста болуы керек. Мысалы, омыраудағы
балаларда белоктар, липидтер, көмірсулар қатынасы 1:3:6 аралығында, оқушыларда – 1:1:2,
ересектерде – 1:1:4 болады. Негізгі тағамдық компоненттерге деген қажеттілік адам жасына қарай
өзгереді. Балаларда белоктарды, липидтерді, көмірсуларды тұтынудың физиологиялық нормасы
мынындай:
Витаминдер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында
болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер
(дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан
алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы
витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады.
Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде
патологиялық жағдайлар – гиповитаминоздар,
авитаминоздар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда,
витаминдердің биологиялық қызметіне байланысты
метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да, ол
сәйкес симптомдар түрінде көрінеді. Мысалы, В12
витамині жетіспегенде – қатерлі анемия пайда болады,
В1 витаминінің жетіспеушілігі – Бери Бери
полиневриттің, С витаминінің жетіспеушілігі – Цинга,
Д – витаминінің жетіспеушілігі – Рахит және т.б
ауруларды тудырады.
Тамақтанудың голозойлы түрі мынадай кезеңдерден
тұрады:
• тағамды жұту және қорыту;
• қорытылған заттарды сіңіру;
• заттардың және энергияның клетка ішілік алмасуы немесе
метаболизмнің нақ өзі;
• метаболизмнің соңғы өнімдерінің шығарылуы.
Адам ағзасына негізгі тағамдық компоненттерінен
басқа белгілі бір мөлшерде, аз көлемде болса бірқатар
ауыстырылмайтын тағамдық факторлар да түсуі қажет.
Ауыстырылмайтын тағамдық факторларға адам ағзасында
синтезделетін аминқышқылдары (ауыстырылмайтын
аминқышқылдары), полиқанықпаған май қышқылдары, соның ішінде
ең алдымен линолен қышқылы, витаминдер және минералдық заттар
(микроэлементтер) жатады. Ауыстырылмайтын аминқышқылдарына
10 аминқышқылы жатады, солардың ішінде аргинин мен гистидин
жартылай ауыстырылатын болып табылады. Бірқатар авторлардың
мәліметі бойынша ауыстырылмайтын аминқышқылдарының тәуліктік
қажеттілігі (граммен) мынадай:
• Ауыстырылмайтын аминқышқылдары адам ағзасына белоктардың
құрамына кіреді. Ауыстырылмайтын аминқышқылдарының болуына қарай
белоктар құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды белоктарға барлық
ауыстырылмайтын аминқышықлдары бар белоктар жатады. Бұл белоктар
жануар тектестер. Тек өсімдік тектес заттармен тамақтанған жағдайда
адам ағзасында жалпы белоктық жетіспеушілікпен қатар
ауыстырылмайтын аминқышқылдарының жетіспеушілігі де байқалады.
Мысалы, тағамда лизиннің жетіспеушілігі кезінде бойдың өсуі тежеледі,
қанның азаюы, бауыр мен бүйректің зақымдалуы (квашиокор ауруы)
байқалады.
• Тағамдық жағынан жеңіл ерігіш липидтер, соның ішінде өсімдік майлары
биологиялық құнды болып табылады. Олардың құрамында
полиқанықпаған май қышқылдары бар және соның ішінде
ауыстырылмайтын линолен қышқылы бар:
• CH-(CH2)4-CH=CH-CH2-CH=CH-(CH2)7-COOH
• Органикалық компоненттер – құрамында негізгі элемент ретінде
әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек
оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары). Адам
ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т.б. пайдалана
білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің
атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық
қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия
зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.
• Табиғи органикалық қосылыстарға жататын нуклеин
қышқылдары, ақуыздар, липидтер, гормондар, витаминдер, т.б.
жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде және құрылысында маңызды
орын алады.
Құрылымына қарай органикалық қосылыстар: ашық
тізбекті (алифатикалы), тұйық тізбекті (алициклді,
ароматты), гетероциклді болып негізгі үш топқа бөлінеді. Ашық
тізбекті қосылыстарда көміртек атомдары тармақталған немесе
тармақталмаған тізбек құрады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс
материалдарымен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Әрбір
халықтың ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдары бар.
Сондықтан да «ұлттық тағам - ұлы байлық» деп бекер айтылмаған.
Қазақстандық көрнекті ғалым, академик Төрегелді Шарманов көп
жылдар бойы ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді.
Ғалымның зерттеуі бойынша ұлттық тағамдар - айран, қатық, құрт,
ірімшік, ет, қымыз, шұбат, жент және т.б. қуаты мол әрі нәрлі. Елімізде
ұлттық тағамдарды пайдалана отырып балаларға «Балдырған»,
«Балбөбек», «Тұлпар», үлкендерге арналған «Шафе» тағамдары
шығарылуда. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың
ыдырап, қан мен лимфаға өтуі асқорыту деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тапбергенов С. О. “Медициналық биохимия” Алматы 2009
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz