Өнімді сертификаттауды жүргізудің тәртібі мен талаптары


Slide 1

Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі

Slide 2

Сертификаттау - бұл тауардың мәлімделген сапасын үшінші, тәуелсіз тараптың растау процедурасы.

Slide 3

Өнімді сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі:

1) өнімді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде сыныптау топтамасына тиесілігін, техникалық құжаттаманың сәйкестігін, осы партияға шығу тегін, тиесілігін, сондай-ақ жиынтығында өнімнің техникалық регламентке және стандарттау жөніндегі құжатқа, тауарға ілеспе құжаттамаға, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіге және өнімді сипаттайтын басқа да құжатқа сәйкестігін растау үшін жеткілікті болатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша оның сәйкестігін тексеруге міндетті. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының өнімді таңбалаудағы қажетті ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауы ескеріледі;

Slide 4

2) өнімнің адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда сәйкестікті міндетті растау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде тексерілетін басқа да талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға міндетті.

Басқа тексерілетін сипаттамалардың (көрсеткіштердің) құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып айқындалады.

Slide 5

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе) ;

Slide 6

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе) ; 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.


Ұқсас жұмыстар
Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі: мақсаттары, принциптері және кезеңдері
Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Қазақстандағы тағам өнімдерін сертификаттауды жүргізу тәртібі
Өнімді сертификаттаудың құжаттарын рәсімдеу және сертификаттау тәртібі
Құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізудің ұйымдастырылуы мен сақтау тәртібі
Нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізудің тәртібі, мерзімі және тіркеу негіздері
Курстық жұмыстың негізгі талаптары және орындау тәртібі
Қазақстандағы іс қағаздарын жүргізудің нормативтік негіздері мен рәсімдеу ережелері
Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері мен принциптері
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің тәртібі, нөмірлеу жүйесі мен техникалық талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz