НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ

ОРЫНДАҒАН: ҚУАНДЫҚ НҰРГҮЛ

.

Slide 2

1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

«Қайта өрлеу» терминін алғаш рет атақты кескіндемеші мен архитектор Джорджо Вазари қолданды 1550 ж. өзінің еңбегінде қолданды.

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ТӨРТ КЕЗЕҢІ БАР:

XIV-XVI ғғ.

1. ӘУЕЛГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе ПРОТОРЕНЕССАНС (итал. ТРЕЧЕНТО) -- 14 ғ.

2. ЕРТЕДЕГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ (итал. КВАТРОЧЕНТО) - Италияда 1420-1500 жж.

3. ЖОҒАРЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ - (итал. ЧИНКВИЧЕНТО) - Италия мен Францияда - 1500-1580 жж.

4. КЕЙІНГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ - Италияда 1580 жылдан бастап 16 ғ. соңына дейін.

Сонымен бірге Нидерландыда, Германияда, Данияда Швецияда 16 ғ. бірінші

жартысында «СОЛТҮСТІК ҚАЙТА ӨРЛЕУ» дәуірі пайда болды.

ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе РЕНЕССА́НС (фр. Renaissance, итал. Rinascimento)

- Орта ғасырлардан кейін дүниеге келген зиялы мәдениет дәуірі,

Алдымен Италияда, кейіннен Францияда, Германияда, Нидерландыда пайда болды.

Орта ғасырлардағы үстем болған діни сипаттағы мәдениеттен кейін

АНТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР мен ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ дәуірі болып табылады.

Slide 3

1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:

1. АНТРОПОЦЕНТРИЗМ - адам тұлғасын тұтастық түрде абсолютизациялау,

яғни философиялық, эстетикалық, өнер трактаттарында адам ардақталып,

оның ақыл-ой мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталды.

3. ГУМАНИЗМ (лат. humanus - «адамсүйгіштік») - адамды тұлға ретінде қастерлеу,

еркін ойлау мен адамның индивидуалдық дамуын насихаттау. «Гуманизм» терминін

алғашқыда Рим ораторы - Цицерон, Қайта өрлеу дәуірінде - Л. Бруни енгізді.

3. АНТИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕН ФИЛОСОФИЯНЫ ЖАҢҒЫРТУ -

Антикалық философия - неоплатонизм философиясында көрініс тапты.

4. АНТИКЛЕРИКАЛИЗМ (лат. аnticlericalis - дінге қарсы) - дүниеге діннен арылған

зиялы көзқарас - адамға дене пішінінің сұлулығы мен ақыл-ойын дәріптеу.

5. ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ - өнер еңбектеріне авторлық стильдің тән екендігі,

шығармашылық тың жаңа түрлері.

6. Философиялық негіз - 1) ГУМАНИСТІК НЕОПЛАТОНИЗМ -

адам мен табиғаттың рухани жағынан бірігуін қолдады.

2) ПАНТЕИЗМ - (гр. пан - бәрі, теос - құдай) - Құдайды табиғатпен тұтастай алып

қарайды, яғни табиғат пен Құдай бірге құйылысып қосылып кетеді,

екеуі бірдей дүниенің бастамалары.

Slide 4

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУРІНІҢ ӘЙГІЛІ ФИЛОСОФТАРЫ:

1. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ

2. МАРСИЛИО ФИЧИНО

3. ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА

4. ЛОРЕНЦО ВАЛЛА

5. МИШЕЛЬ ДЕ МОНТЕНЬ

6. ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ

7. МАРТИН ЛЮТЕР

8. ТОМАС МОР

9. ТОМАЗО КАМПАНЕЛЛА

10. НИККОЛО МАКИАВЕЛЛИ

11. ДЖОРДАНО БРУНО

ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА (орталықта), МАРСИЛИО ФИЧИНО (сол жақта)

И АНДЖЕЛО ПОЛИЦИАНО

Slide 5

НИКОЛО МАКИАВЕЛЛИ

(1469-1527)

ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА

(1463-1494)

ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ (1469-1536)

Slide 6

МОР ТОМАС

(1478-1535) -

ЛОРЕНЦО ВАЛЛА

(1507-1557)

МАРТИН ЛЮТЕР

(1483-1546 )

Slide 7

ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА

(1568-1639)

ЖАН КАЛЬВИН

(1509-1564)

МИШЕЛЬ ЭЙКЕМ ДЕ МОНТЕНЬ

(1533-1592)

Slide 8

2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский (1401-1464 жж. ) философ, Рим католик шіркеуінің кардиналы. Ойшылдың философиялық еңбектерінің таңдаулысы - «Ғылыми білімсіздік». Философиялық идеялары -пантеизм деп аталады.

Кузанский «Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те болады», - деді. Құдайдың абсолюттік жоғарғы шек ретінде пен абсолютті кіші шектің сәйкес келуі: біріншіден, Құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрі-барлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (әрбір зат белгілі бір дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады) ; екіншіден, Құдай дегеніміз - себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі; үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің бірлігін қуалайды.

Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында

анықталмағанның анықталғанмен, белгісіздің белгілімен салыстырылуында.

Бірақ, шексіздікті зерттегенде, мұны елестету мүмкін емес, өйткені оның көлемі белгісіз,

еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік

арасындағы қайшылық, Н. Кузанскийдің ойынша, білімсіздікті туындатады.

Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол - шексіздік, оны бұл жалғанның

шекті заттарымен салыстыруға болмайды.

Slide 9

2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады.

Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді.

Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі есебінде көрінісін табады. «Барлық заттар, - дейді ол, - қарама-қарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі қарама қарсылықтар арқылы айқындайды. . . шексіздік бізді кез келген қарама-қарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н. ) .

Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латынша

emanatio - өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум,

яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі

сатыларға өту деген сөз қағидасына сәйкес дамытады.

Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм.

Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а

сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады),

естілік және ақыл-парасат болады.

Slide 10

НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ

НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ

Slide 11

3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ

М. Фичино (1433-1499 жж. ) - замандастары «екінші Платон» деп атаған католиктік шіркеу қызметкері, Платонның барлық еңбегін латын тіліне аударды.

Осы теориялық негізде Фичино Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино: «Құдай табиғаты жағынан қайда да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап, жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек», - дейді.


Ұқсас жұмыстар
ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері
Қайта өрлеу дәуір философиясы
Қайта өрлеу философиясы
Еуропада феодализмнің құлдырап және алғашқы буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық социологиялық ілім
Реформация философиясы
Денелер материяның туындысы
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz