АЛТЫНСАРИН АШҚАН МЕКТЕПТЕР
Презентация қосу
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889) — ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ
АҒАРТУШЫ-ПЕДАГОГЫ, ЖАЗУШЫ, ЭТНОГРАФ, ФОЛЬКЛОРШЫ,
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ.
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ
• Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында
терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.
Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында
тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.
Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген
кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен
Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де
сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек
пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің
мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен
табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына
асыруға талпынды.
БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан
айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі
би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында
тәрбиеленеді.
Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-
танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара
коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850
жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30
баланың бірі болып қабылданады.
Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа,
тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен
бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын
қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық
танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
1857 жылы жазда Ыбырай Орынбордағы мектепті үздік тәмамдап шығады. Осыдан кейін екі жылдай
атасы Балқожа бидің хатшысы болып жұмыс істейді. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш
болып қызметке алынады.
1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде алғашқы мектебін ашты.
1866-1868 жылдары Торғай уезінде уақытша судья болып қызмет етті.
1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды. Сол жылы
Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады.
1869 жылы ол уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалды. 1871 жылдар аралығында Торғай
уезінің судьясы болып жұмыс істеді.
1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1875-1876 жылдары Орынбор, Қазан,
Петербург қалаларына сапар шегіп, ол жақтан оқушыларға қажет әдістемелік және тағы басқа кітаптар
әкеліп, ағартушылық ісіне қызу кіріседі.
1879 жылы 1 қыркүйекте Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды.
АЛТЫНСАРИН АШҚАН МЕКТЕПТЕР
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы
өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды,
әрі өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.
Бірақ, жергілікті үкімет Алтынсаринге қол ұшын соза қоймады, сөйтіп мектеп ашу ісі ұзаққа созылды. Ыбырайдың армандаған мектебі араға төрт
жыл салып, 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде салтанатты түрде ашылды. Бұл ұлт ұстазы негізін қалаған алғашқы білім ордасы еді. Мектепті
Алтынсарин төрт жыл бойы жинаған ақшасына ашты.
"Қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен ісім жүзеге
1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы бойынша орыс-қазақ
учищелерінің инспекторы болып тағайындалды. Бұл оның қолын ұзартты. Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әуликөл болыстарында және
Қостанай қаласында тағы он бес мектеп салынды.
1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектепке ән-күй сабақтарын енгізді. Жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашты.
Қазақ балаларын тек біліммен сусындатпай, еңбекке баулуды көздеген ол 1883
жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты.
Алтынсарин қазақ қыздарын оқытуға да көп күш салды. 1887 жылы 15 қарашада Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалайды. 1888 жылы қыздарға
арналған 12 орындық мектеп интернат ашады.
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПОРТАЛЫ
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БІЛІМ ОРДАСЫ. ЫБЫРАЙ ЖӘНЕ
ШАХМҰРАТ МЕКТЕБІ
"Қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен
ісім жүзеге асып, мектеп ашылды және
оған қазақтың тамаша да, сүйкімді де, зерек
те 14 ұл баласы қабылданды. Мен оларды
оқытуға қойға тиген аш қасқырдай кірістім.
Қуанышыма қарай балалар айналдырған
үш айдың ішінде орысша және татарша
оқуды да, тіпті жазуды да меңгеріп алды", -
деп жазған еді Ыбырай Алтынсарин.
ДҮНИЕ ҚАЛАЙ ЕТСЕҢ ТАБЫЛАДЫ
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып
тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта
бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады.
Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып
жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан
қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін
фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы,
тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк[1] ақша тауып, енді бір
қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым[2] бар, фабрикамды
балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға
үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай
етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да,
қасыма келіп айтты:
— Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
Сонда ойыма түсіп, таң қалып:
— Сен Антонбысын? — дедім.
— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары
көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор
дүкеннің иесі болдым, — деді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz