Теріс эмоциялар және денсаулық


Slide 1

Презентация

Тақырып: Теріс эмоциялар және денсаулық

Шымкент 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ПСИХОЛОГИЯ және АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» кафедрасы

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

Эмоцияның жіктелуі

Теріс эмоция

Теріс эмоцияның денсаулыққа әсері

Қорытынды

Slide 3

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоциялар - бұл аса кең ұғым, сезімдер эмоционалды күйлердің белгілі бір көрінісін білдіреді. Күнделікті өмірде эмоция деп, біз әдетте адамның алуан түрлі реакцияларын - ынтызарлықтың буырқанған күйінен көңіл-күйдің нәзік тербелістеріне дейінгі реакцияларды атаймыз. Психологияда эмоция деп, адамның өмір сүруіне арналған ішкі және сыртқы жағдаяттарды бағалауды және тұлғалық маңыздылықты көрсететін, толғаныстар түрінде жүзеге асатын психикалық процестер аталады. Нәтижесінде, эмоцияның аса маңызды сипаттамасы ретінде олардың субъективтілігі алынады.

Эмоциялар арқылы адам өзінің заттарға деген қажеттіліктерін саналы ұғынады. Кез келген эмоция жағымды немесе жағымсыз болуы себепті, адам қойылған мақсатқа жету туралы тұжырым жасай алады. Мысалы, жағымды эмоция әрдайым қаланған нәтижеге жетумен байланысты болса, ал жағымсыз эмоция керісінше, қойылған мақсатқа жетудегі сәтсіздіктермен байланысты болады. Осылайша, эмоциялар адамның іс-әрекетін реттеумен тікелей байланысты болады деген тұжырым жасауымызға болады.

Кіріспе

Slide 4

Көңіл күйі, көңіл-күй - адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т. б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.

Кейде адамның көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстайды. К. к-н меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.

Slide 5 Slide 6

Теріс эмоция

Теріс эмоциялар - теріс көзқарастар мен жағымсыз көзқарастар негізінде туындайтын эмоциялар. Қорқыныш, қаскөйлік, күйзеліс күйі, тітіркену, үмітсіздік, ашулану т. б.

Теріс эмоциялар (жағымсыз эмоция) - белсенді əрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін сезімдер. Теріс эмоциялар өмірдің салауатты бөлігі екенін түсіну маңызды болғанымен, оларға тым көп еркін билік етудің кері жағы бар. Жағымсыз эмоциялар адам өмірінде жаман жол нұсқаушылар, себебі олар өзіңді жоғалту, түңілу, қайғыру, сағыныш сезімін тудырады.

Руминация дегеніміз - жағымсыз эмоционалдық тәжірибелер мен жағдаяттарды ойлауға, қайталауға немесе баурап алуға деген ұмтылыс. Бұл жағымсыз ойлау спиралінде сіз жағдайды және өзіңізді нашар сезінесіз. Нәтижесінде сіздің психикалық және физикалық әл-ауқатыңызға зиянды әсер етуі мүмкін.

Slide 7

Ашулану - күдер үзу, ауырсыну, ашулануға және қауіпке жауап ретінде пайда болатын күшті эмоция. Егер сіз бірден әрекет етіп, оны дұрыс білдірсеңіз, ашулану денсаулыққа пайдалы болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда ашулану біздің денсаулығымызды бұзады. Атап айтқанда, ашулану адамның логикалық қабілетіне әсер етеді және жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупін арттырады.

Қайғы, мұң сияқты эмоциялар өкпені әлсіретеді, тез шаршатып, тыныс алуды қиындатады. Бұл тыныс алудың табиғи ағынын бұзады, өкпе мен бронхты тарылтады. Егер көңіл күйіңіз болмай, мұңға батып жүрсеңіз ауаның өкпеге келуі және шығарылуы қиындайды, ол астма мен бронх ауруларына әкелуі мүмкін.

Депрессия мен меланхолия теріні бұзады, қандағы оттегі мөлшері төмендеп, іш қатуы мәселелерімен бетпе-бет келесіз. Күйзелісте жүрген немесе соған бейім адамдар оп-оңай артық салмақ жинайды немесе жоғалтады. Әрі олар есірткі және басқа да зиянды заттарға әуестеніп кетуі, тәуелденуі де оңай. Егер сіз қайғырып жүрген болсаңыз, көз жасыңызды еріксіз тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені осылай ғана Сіз бұл эмоцияларды сыртқа шығара аласыз.

Денсаулыққа әсері

Slide 8

Стресс: жүрек және ми

Стресс әр адамның бастан кешіретін халі және оған әркім әр түрлі жауап қатады. Аздаған стресс денсаулыққа пайдалы, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Алайда, егер стресс тым көп болса, бұл жоғары қан қысымына, астмаға, асқазан жарасына және тітіркенген ішек синдромына әкелуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, стресс жүрек ауруларының пайда болуының негізгі себептерінің бір.

Ол қан қысымын және холестерин деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар темекі шегу, физикалық белсенділіктің болмауы және артық тамақтану сияқты жаман әдеттерге есік ашады. Ал аталған факторлар қан тамырларының қабырғаларына зақым келтіріп, жүрек ауруларына әкеледі.

Жалғыздық: жүрек

Адам жалғыз қалғанда ми күйзеліс тудыратын кортизол сияқты стресс гормондарын шығарады. Бұл өз кезегінде қан қысымына және ұйқының сапасына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, жалғыздық психикалық аурудың пайда болу ықтималдығын, сонымен қатар жүректің коронарлық ауруы мен инсульт қаупін арттырады. Жалғыздық иммундық жүйеге де теріс әсер етеді. Жалғыз адамдарда стреске жауап ретінде қабыну жиі кездеседі, бұл иммундық жүйені әлсіретеді.

Slide 9

Қорқыныш: бүйрекүсті безі мен бүйрек


Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар мен сезімдердің қызметтері
Эмоциялар мен сезімдер
Қарым - қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі
Қоршаған орта факторы
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Эмоциялық әрекет
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі
Эмоция және мотивация
Балалар мен жасөспірімдердің дене
Эмоцияның даму және қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz