Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау


Slide 1

Инклюзивті білім беру

Орындаған-Сейлхан

Slide 2

Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Slide 3

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Slide 4

1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;

2. Адамдарды шектеудің болмауы;

3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау;

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту,

5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;

6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;

7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т. б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі

8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары

Slide 5

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:

а) функционалдық қиындық;

б) науқастанудан туындаған қиындық;

в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;

г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;

д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық.

Slide 6

Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері:

Инклюзивті оқыту - баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша оқуын және оқуға деген құқығын сақтау ұстанымына сүйенетін жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесі және ол үшін:

а) оқу бағдарламасы мен жоспарларын бейімдеу;

б) оқыту әдісі мен формаларын бейімдеу;

в) ерекше қажеттілігі бар балалардың әр түрлі оқу формасы мен жеке білім алу қажеттілігін есепке алу мен серіктестікте болу.

Slide 7

Инклюзивті білім беру - барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.

Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:

Толықтай кіріктірілген -

Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы) .

Толық емес кіріктірілген -

- Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы

Slide 8

Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:

1) ҚР «Білім туралы заңы» ;

2) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» .

Slide 9

Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын мекемелер:

- Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары; - Үйде оқыту; - Арнаулы мектеп-интернаттар; - Коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер; - Оңалту орталықтары.

Slide 10

- 18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар; - Туа біткен және жүре пайда болған науқастар; - Естуінде кемістігі бар балалар (естімейтін, әлсіз еститін, кейіннен есту қабілеті бұзылғандар) ; - Көруінде кемістігі бар балалар ( зағип, нашар көретін, кейіннен көру қабілеті бұзылғандар) ; - Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар; - Сөйлеуінде кемістігі бар балалар; - Ақыл-ой кемістігі бар балалар; - Психикалық дамуында кемістігі бар балалар; - Эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқы бқзылған балалар; - Күрделі кемістігі бар балалар.

Мүмкіндігі шектеулі балалар:

Slide 11

1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуы мен қамтамасыз етілуі мәселесін төмендегідей құжаттармен айқындап берді:

1945 ж. Адам құқығы туралы декларация;

1960 ж. Білім саласында дискриминациямен күресу туралы конвенция;

1959 ж. Бала құқығы туралы Декларация;

1971 ж. Ақыл-ойы кем адамдар туралы Декларация;

1975 ж. Мүгедектер құқығы туралы Декларация;

Slide 12

Адам құқығы туралы декларацияда білім берудің гуманистік құндылығы былай беріледі:

“Білім беру адам тұлғасының толыққанды дамуына бағыттау және адам құқығын құрметтуді арттыру. Білім беру өзара түсіністікке, төзімділікке халықтар, нәсілдер, діни топтар арасындағы достыққа бағыттауы жіне БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдауына ықпал ету қажет”.

Slide 13

1959 жылы - Адам құқығы туралы декларация

Соматикалық, психикалық және әлеуметтік қатынастағы ауытқушылығы бар балаларға блім беру, қамқорлық жасауы және арнаы күн кестесін әзірлеуі қажеттігі мәселесінің нақтылануы.

Slide 14

1960 жылы - Білім беру саласындағы дискриминациямен күресу туралы конвенция.

Жеке тұлға немесе топ үшін білім беру саласындағы кез-келген мекеме деңгейінің жабық болуы.

Slide 15

1971 жылы - Ақыл-ой кем адамдардың құқығы туралы декларация:

1) Ақыл-ой кем адамдардың құқықтарының да өзге адамдармен бірдей сақталуы;

2) Ақыл-ой кем адамдардың емделуі, білім алуы, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруі арқылы олардың мүмкіндігін дамыту, отбасында өмір сүруі немесе арнайы мекемеге жіберілуі.

Slide 16

1971 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың одағы құрылып, жаңа әлеуметтік тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындығы қоғамдағы кедергілерге байланысты туындағаны талданды. Қоғам осындай кедергілерді тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды дамуын тежейді.

Slide 17

1975 жылы -Мүгедектер құқығы туралы декларация. Ментальдық және өзге де денсаулығындағы ауытқушылығы бар адамдардың білім беру және әлеметтік құқығын қамтамасыз ету нормалары. Бұл құқықтар нәсілдік, жыныстық, тілдік, діни, саяси немесе өзге де және оның отбасы үшінде сақталуы тиіс.

Slide 18

Мүгедектер құқықтары:

Медициналық ем алуғы:

Психикалық ем алуы;

Ортопедиялық апараттарды қолдануға;

- Білім алуға;

- Кәсіби даярлыққа;

- Еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне.

Slide 19

XX ғасырдың 70 жылдарындағы “Білім беру - барлығы үшін” ұстанымын басшылыққа алып, әлемдік мүгедектерге қатысты әрекет ету бағдарламасы олардың өзгелермен бірдей білім алу құқығын қолдануына мүмкіндік берді.

Slide 20

1989 жылы - Бала құқығы туралы Конвенция. 1990 жылы Тайландта Халықаралық барлығына білім беру конвенциясы өткізілді және мынадай мәселелер талданды:

Білім беру жүйесін тұтынушы талаптарына сәйкестендіру және олардың қажеттілігіне, мәдениеті мен тарихи жағдайына бейімдеу.

- Мүгедектік - ағзаның қызметінің бұзылуынан өмірлік әрекеттің шектелуі және әлеуметтік қорғауды қажет етуі.

Slide 21

1994 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Испанияда Халықаралық ерекше қажеттілігі бар адамдарға білім беру конвенциясы өткізілді.

Педагогикаға “инклюзивті білім беру” термині енгізілді, ұстанымдары айқындалды. Саламан декларациясы бойынша, білім беру жүйесі әр баланың қажеттілігі мен ерекшелігіне бейімделуі қажет, сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте бірге оқытумен қатар арнаулы оқыту орындарының да маңыздылығын жоққа шығарылмайды.

Slide 22

2000 жылы сәуірде халықаралық білім беру форумы өтіп, дакарлық декларация қалыптасты. Әр баланың, жас адамның және ересектің базалық бәләм алуын қамтамасыз ету.

2015 жылға дейін барлық балалардың тегін бастауыш білім алуын қамтамасыз ету.

Slide 23

Қазақстан Республикасының Конституциясы:

-Барлық азаматтардың мемлекеттік оқу орнында тегін міндетті орта білім алуы;

Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы заң:

-Барлық балалардың білім алу құқығының сақталуы, тегін бастауыш, орта білім алу құқының сақталуы;

Slide 24

Қазақстан Республикасының мүгедекттерді әлеуметтік қорғау туралы заң.

Адам құқығының сақталуы;

Мүгедектердің құқығының теңдігі;

-Білім алу және қызмет түрін таңдау құқығы;

Slide 25

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы

Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық нұсқауын есепке алу.

“Ерекше балаларды” оқыту жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жеке оқу жоспарын, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу бағдарламасын әзірлеу мәселесін шешу.

“Мүмкіндігі шектеулі” балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық - коррекциялық қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2002)

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алу құқығының болуы.

Slide 26

Заңның 15-бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде техникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқығыгың қарастырылуы.

жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің “Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулығы” «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.

Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Slide 27

“Ерекше” балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:

Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту формасын ұсынды) .

“Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар:

Кіріктірілген оқыту сыныптары - 3-тен кем емес “ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;

Жартылай кіріктірілген - жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай жасау.

Коррекциялық - педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі.

Slide 28

“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:

Арнайы білім беру мекемелерінің мамандары;

ПМПК мамандары;

Психологиялық - педагогикалық коррекция кабинетінде;

Логопедиялық пунктте;

Келісім - шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.

Slide 29

Профессор Р. А. Сулейман мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік қолдау моделін ұсынды:


Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету
Деменция ния
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Инклюзивті білім беру моделі
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz