Паравербалды коммуникация


Slide 1

Дайындаған: Батжанова Асем

Мәдениеттану,

1 курс магистранты

Мәдениетаралық коммуникация түрлері: вербалды, вербалды емес және паравербалды коммуникация

Slide 2

Адамдардың ара қатынасы белгі жүйесі арқылы іске асырылып, осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі мүмкін. Ара қатынастың үш түрі болады꞉

Вербалды коммуникация

Вербалды емес коммуникация

Паравербалды коммуникация

Slide 3

Вербалды коммуникация (сөз арқылы қатынасу)

Сөз арқылы мәлімет адамнан адамға ұсынылып, қатысушылар бір-біріне әрекет жасайды, бағыт береді, өз ойын түсіндіруге тырысады.

Сөз-ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады.

Медицина қызметкерлерінің қажетті сөзді дұрыс қолдана білуі, науқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі өте күрделі.

Slide 4

Сөз арқылы әрекет-вербальды коммуникацияға жатады. Мұнда қосымша вербальды емес әрекеттер мінднтті түрде қолданылады.

Оларға жататындар:

Мимика

Жест (қол қимылдары)

Поза (дене қалпы)

Көзқарасы

Дауыс ерекшіліктері

Slide 5

Сөздің психологиялық әсері.

Медициналық қызметкердің әрбір сөзіне науқастың психологиялық оң не кері әсерін тез арада бағалап, оған беретін жауабына, ойына байланысты. Яғни, сөз арқылы науқасқа психологиялық әсер беріп, оның жауабына байланысты келесі ойын жеткізеді.

Медициналық қызметкердің айтылған сөзі, нұсқауы іске асырылып, орындалу үшін, оның дауысы жайлы, ұнамды болуы керек. Науқасқа тез, асыға, қатал және жоғары дауыста сөйлеуге болмайды.

Slide 6

Науқасқа сөгіс айту, ескерту жасау

Науқас ауруханада емделу тәртібін және режимді бұзуына байланысты оған сөгіс айтылады, ескерту жасалады. Мұндай жағдай туғанда, медициналық қызметкер нақты, анық дәл және қысқы сөйлейді. Әңгіме нәтижесінде ауру адам дәрігердің айтқанын толық түсініп, қабылдауы керек. Медициналық қызметкер ашу-ыза кейіп көрсетпей, объективті және сыпайы, әдепті түрде қарым-қатынас жасағаны дұрыс.

Slide 7

Вербалды емес ара-қатынасу тәсілдері

Қарым-қатынас барысында медициналық қызметкерлер сөз арқылы араласуымен қатар, қосымша келесі вербальды емес әдістерді де қолданады:

Қатынасушының мимикасын зерттеу;

Дене қалпын зерттеу;

Қас қабағын, көзқарасын зерттеу;

Қол қимылдар зерттеу;

Дауыс ерекшеліктерін анықтау;

Slide 8

Визуальды қатынасу (“көз жанасуы")

Көзбен жанасу-вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі 3 сек аспауы керек, себебі бұл уақыт партнерды қоздырмай, тиімді психологиялық жанасу құруға жеткілікті. Егер тік қарау 3 сек ұзақ болса, пациентте дискомфорт және мазасыздық жағдайын туады, ал 10 сек астам уақыт конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.

Slide 9

Дене қимылдары, дене қалпы

Науқастың жүріс мәнері оның физикалық жағдайын, көңіл күйін сипаттайды. Қол сермеуі және дене қалпы пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді. Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады. Науқастың қолын төсіне айқастыруы, қолын арқасында ұстауы, қолымен тосқауыл жасауы сияқты жестілері оның қорғаныш реакцияларын білдіреді. Ал қолдарын беліне таянуы, алақаның төмен қарап ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттері науқастың қарсылығын білдіреді.

Slide 10

Науқастың бет әлпеті, мимикасы

Науқастың нағыз ойын, сезімдерін және эмоцияларын айқындайды. Бет әлпеті науқастың психологиялық құбылыстарын сипаттайды:назалануын, қорқуын, қайғыруын т. б. Мысалы, еріннің бұрыштары төмен түсіп тұрса, науқастың қайғыру үстінде екенін, шаршап, қалжырауын көрсетеді. Ал ерін бүрыштары жоғары қарай бағтталса медициналық қызметкерге тәуелділігін, оның мақұлдауын, демеуін күтіп тұрғанын, сенімсіздік ойын бейнелейді. Ауыз сызығы тік болса науқастың жағдайы жақсарған деп болжауға болады

Slide 11 Slide 12

Ашық позалар накқастың ара қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді. Оларға жататындары:басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған, бетке тік қарауы.

Жабық позалар науқастың қатынасуға қарсылық жасағанын сездіреді. Оларға жататындары:кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы -Наполеон позасы, аяғын айқастыра, қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы, басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы, жерге немес дәрігерден тыс қарауы.

Slide 13

Паравербалды коммуникация

Паравербальды коммуникация-ауызша сөйлеуді олардың физикалық және сандық сипаттарымен қоса жүретін дыбыстық сигналдардың жиынтығы. Паравербалды коммуникацияны тағайындау серіктестің белгілі бір мақсаттар мен ниеттерге жету үшін қажетті эмоцияларды, сезімдерді, уайымдауды шақыруы болып табылады. Пікірдің мағынасы қандай интонация, ритм, тембр, фразалық және логикалық екпіндер оны беру үшін пайдаланылғанына байланысты өзгеруі мүмкін.

Slide 14

Қарым-қатынастың паравербалды құралдарына жатады:

Просодика - сөйлеу қарқыны, тембрі, биіктігі және дыбыс, дауыс.

Экстралингвистика-үзіліс, жөтел, кебіс, күлкі және жылау (яғни дауыспен ойнайтын дыбыстар) .

Slide 15

Паралингвистикалық компоненттер

Түрлі дыбыстар-жөтелу, ыңырсу, есінеу, терең дем алу және т. б сөйлеу тәсіліне жатпаса да, мағыналы болады, науқастың жағдайын, көңіл күйін, мәліметке көзқарасын білдіреді. Бұлардың арасында келесі белгілер маңызды роль атқарады:


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында мәлімет алмасу процесі
Менеджменттегі коммуникация туралы
КОММУНИКАЦИЯ ҰҒЫМЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
Ұйымдағы коммуникация мәселелері
Ұйымдағы коммуникация ұғымы
Жіберілетін ақпарат блогы
Коммуникативті қатынас
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Коммуникация
Ұйымды басқарудағы коммуникацияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz