САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА


Slide 1

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА және САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ

ЖОСПАРЫ:

1. Саяси мәдениет пен мінез-құлық: мазмұны мен мәндік сипаттамалары.

2. Саяси мәдениеттің негізгі түрлері.

3. Саяси сана және идеология: мәні, құрылымы, қызметтері.

4. Саяси идеология түрлері.

Slide 2

Саяси мәдениет ұғымы алғаш рет Платон, Аристотель еңбектерінде кездеседі. Аристотель «Политика» еңбегінде қоғамның тұрақтылығы, немесе, өзгерісіне әсер ететін «ой жағдайы» туралы айтты.

Т. Гоббс «Левиафан, немесе, материя, форма және шіркеулік, азаматтық, мемлекеттік билік» (1651ж. ) еңбегінде адамдардың қалыпты жағдайы - бұл бәрінің бір-біріне қарсылығы, және «кедейлердің байлармен келісімге консенсусқа келуі - мәдениеттің көрінісі» дейді.

Адамдар қандай да бір әлеуметтік организм шеңберінде бірігіп өмір сүре алады. Ендеше оларды не біріктіреді, әлеуметтік байланыс пен қоғамдық тұрақтылық механизмі не деген сұрақтар туады. О. Конт бұл механизмді жалпыға ортақ келісім принциптерінен - қоғамның барлық бөліктерінің қызмет етуінің заңдарын түсіндіруге мүмкіндік берген әлеуметтік консенсустан көрді.

Slide 3

Француз ойшылы А. де Токвиль қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету, немесе, өзгеруіндегі саяси құндылықтар мен мінез-құлықтар мәнін ерекше көрсетті («Америкадағы демократия туралы», 1835ж. ) .

Неміс социологы М. Вебер саяси құрылымдардың құрылуы мен қызмет етуінде дінге маңызды мән берді, («Протестанттық этика және капитализм рухы», 1904ж. ) .

Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм «ұжымдық сана» концепциясын берілген қоғам мүшелерінің бөлісетін ойлары мен сенімдері жиынтығы ретінде жасады («Қоғамдық еңбектің бөлінуі туралы. Социология әдісі», 1891ж. ) .

Саяси мәдениеттің теоретикалық мәні қазіргі заманғы философия, әлеуметтану, психологияда көрініс тапты. Әлемге танымал ойшылдар Дж. С. Милль, М. Вебер, Т. Веблен, У. Томас, Ф. Знанецкий және басқалардың еңбектерінде саяси мәдениет концепциясының негізі қаланды.

Slide 4

Иоганн Готфрид Гердер неміс ойшылы XVIII ғ. екінші жартысында «саяси мәдениет» ұғымын ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізген. Ол «саяси мәдениет» ешқандай жағдайда саяси шындықты бейнелей алмайтын «екі жүзділіктің көрінісі» деп бағалайды.

1. Саяси мәдениет: мазмұны мен мәндік сипаттамалары:

(1744-1803)

Slide 5

Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.

Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.

Саяси мәдениет: мазмұны мен мәндік сипаттамалары.

Slide 6

«Cаяси мәдениет нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтар ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.

Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді».

Саяси мәдениет: мазмұны мен мәндік сипаттамалары.

Slide 7

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

4

Саяси сана

мәдениеті

Саяси жүріс тұрыс

мәдениеті

Мемлекеттік

және саяси

институттардың

қызмет етуінің

мәдениеті

Саяси көзқарастар мен нанымдар

Саяси құндылықтар, дәстүрлер, және нормалар

Саяси қондырғылар

Саяси қатысу мәдениеті

Саяси іс-әрекет мәдениеті

Электоральдық үдеріс мәдениеті

Саяси шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру мәдениеті

Әлеуметтік-саяси шиеленістерді қабылдау және шешу мәдениеті

Slide 8

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

Саяси әрекет - жеке тұлғаның немесе топтың саяси жүйеде көрсеткен мінез-құлқы.

Slide 9

3. САБАҚТАСТЫҚ - аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді;

2. РЕТТЕУШІЛІК - саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді;

1. ТАНЫМДЫҚ. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі;

Саяси мәдениеттің қызметтері

4. БАЙЛАНЫС - Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.

Slide 10

Саяси мәдениеттің қызметтері:

Біріктірушілік: қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруга жұмылдыру.

Қорғау: Қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Сабақтастық: саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Slide 11

Идентификация, адамның ұдайы белгілі бір топқа кіру қажеттілігін ұғынуды, осы қауымдастықтың мүдделерін білдіруді және қорғауды көрсетеді;

Бағыттылық, адамның саяси құбылыстарды мағыналық бейнелеу, нақты саяси жүйеде өзінің бостандықтары мен құқықтарын іске асыру барысында жеке мүмкіншіліктерін түсіну ұмтылысын сипаттайды;

Танылу (бағдарламалау), адамның мінез-құлқына белгілі бір бағдар беретін, нақты нормалар мен көзқарастардың, бағыттардың басымдылығын білдіреді;

Бейімделу, адамның өзгеріп жатқан саяси ортаға икемделу қажеттілігін көрсетеді;

Әлеуметтену, тұлғаның өзінің құқықтарын, саяси қызметтері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір дағдылар мен қасиеттерге ие болуды сипаттайды;

Интеграция, нақты саяси жүйе шеңберінде әр түрлі топтардың қатар өмір сүруін, мемлекет тұтастығын қамтамасыз ету;

Коммуникациялар, жалпыға ортақ терминдерді, рәміздерді, стереотиптерді және басқа да ақпарат көздері мен қатынас тілі негізінде барлық субъектілер мен билік институттарының өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуді білдіреді.

Slide 12

Саяси мәдениеттің құрылымы:

Саяси түсініктер. Саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдыреттілігі мен тиімділігі жөніндегі т. с. с. түсініктерді қамтиды.

Саяси қазыналар мен құндылықтар. “Еркіндік”, “теңдік”, “әділдік”, “әлеуметтік қорғанушылық”, “автономия”, “төзімділік” және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады.

Адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.

Slide 13

Саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер:

Мемлекет

Қоғамдық ұйымдар, партиялар

Діни ұйымдар

Ақпарат құралдары

Бизнес әлемі

Академиялық қауым

Әскер

Slide 14

Г. Алмонд пен С. Верба, Д. Пауэлл «Азаматтық мәдениет» кітабында саяси мәдениет туралы өз түсініктерін 5 елдің - АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия және Мексикандық саяси мәдениетін тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы көрсетті.

Олардың анықтауынша саяси мәдениет - бұл әрбір саяси жүйенің айырмашылығын көрсететін саяси іс-әрекеттерді бағдарлаудың ерекше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет белгілі-бір автономияға ие болғанымен, берілген қоғамның жалпы мәдениетінің ерекше бөлігі болып табылады; екінші жағынан, нақты саяси жүйемен байланысты.

Slide 15

Батыстық саясаттанушылар С. Верба мен Г. Алмонд бес мемлекеттің саяси белсенділігіне талдау жасай келе саяси мәдениеттің 1963 ж. келесі түрлерін ажыратады.

«патриархалдық»

«бодандық»

«белсенділік» (азаматтық)

Саяси мәдениеттің негізгі түрлері :

Slide 16

1. Патриархалды - қоғам мүшелерінің саяси институттарға деген, орталық билікке деген қызығушылықтарының төмен болуы;

2. Бодандық - әлеуметтік субъектілердің саяси жүйеге және билік қызметінің нәтижелеріне күшті бағдарын мінездейді, бірақ осы жүйенің қызмет атқаруын жүзеге асырылуына қатысуы әлсіз;

3. Белсенділік (азаматтық) - қоғамның саяси өмірге белсенді қатысуына бағдарланған.

2. Саяси мәдениеттің негізгі түрлері :

Slide 17

2. Саяси мәдениеттің негізгі түрлері :

Саяси субмәдениет - қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т. с. с. белгілеріне байланысты болады.

Slide 18

Өзінің функцияларын іске асыру барысында саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты әсер етеді:

оның ықпалымен қоғам үшін дәстүрлі саяси өмір формалары қайтадан туындайды;

қоғам үшін белгісіз, жаңа әлеуметтік және саяси өмірдің формалары дүниеге келуі мүмкін;

бұрынғы және болашақ саяси құрылыстың элементтерін қиыстыру.

Саяси мәдениеттің түрлері:

жалпылама;

үстемдік етуші;

патриархалдық;

рационалды;

активті;

демократиялық;

бағынышты, бодандық;

субмәдениет;

контрмәдениет.

Slide 19

Сонымен саяси мәдениет дегеніміз - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.

Slide 20

Саяси мінез-құлық - белгілі бір қоғам мүшелеріне тән, өзара ортақ мүдделер, принциптер, мақсаттар негізінде біртұтастық, ұжымдылық, энтузиазм, сенім, қорқыныш сезімдерін қалыптастыратын ортақ эмоциялар мен әрекеттер.

Саяси мінез-құлықтың ерекшеліктері саяси психология ретінде зерттеледі. Оған негізге алынатын қоғамдағы жалпыға бірдей тұлғаларға тән мінез-құлықтың «базалық құрылымы»: саяси мінез-құлықтың қоғамның барлық мүшелерінде немесе олардың басым көпшілігінде кездесетін ортақ ұстанымдар, құндылықтар мен түрлі сенімдерінің жиынтығы «тұлғаның базалық құрылымын» құрайды.

Саяси мінез-құлықпен қатар қоғамда жаппай бұқаралық мінез-құлық та болады. Оған мына сипаттар тән: - статикалылық - халық бұқарасының тұтастылығы болмайды; - хаотикалылық - бұқара бей берекет, тәртіпке келмеген күйде болады;

- ситуациялылық - халық мінезі кездейсоқ жағдайлармен анықталады;

- әр тектілік - халық бұқарасының әлеуметтік құрамы әр түрлі таптар, топтар, ұлт өкілдері т. б. жіктерден болуы мүмкін;

- аморфтылық - бұқараның мінез-құлқындағы формасыздық;

- анонимділік - өзінің мінез-құлқын ашық көрсетпеу, жасырын ұстау.

Slide 21

Жалпы алғанда халық бұқарасын: ақыл-ой (рационалды) әрекеттесу негізінде қалыптасқан жариялы әлеумет (публика) ; бей-берекет түрде жиналған жабайы бұқара (толпа) деп екіге бөле аламыз.

Саяси мінез-құлықтың көптеген формалары бар. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:

- саяси араласу (сайлауға, референдумдарға, ұйымдар жұмыстарына және т. б. ) .

- саяси қызмет (саяси немесе мемлекеттік органдардағы жұмыстар жасау) .

- саяси иммобильділік (әрекетсіздік) - дамудың төмен деңгейі, жаттану, апатия, бойкот;

- абсентеизм - халықтың саяси өмірге бейжай қарауы, оған қатынасудан бас тартуының көрінісі.

Саяси мінез-құлықтың кейбір типтеріне мыналарды да жатқызуға болады:

Көтеріліс - белгілі бір территориялық ареалды қамтитын, ашық қарулы әрекеттер түрінде көрініс табатын халықтың наразылығы.

Бүлік (Бунт) - төменнен бастау алатын басқарушылар мен бағынушылар арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктерді стихиялы түрде шешуге бағытталған әрекет.

Қарулы бүлік (Мятеж) - әскерилердің, болмаса жекеленген ұйымдардың күш көрсете отырып, заңды билікке қарсы ұйымдасқан және қарулы түрде бас көтеруі.

Путч - белгілі бір адамдар тобының халық бұқарасын араластырмай билікке қол жеткізу әрекеті.

Саяси ойын - бопсалау, арбау, келісім, құпия әрекеттер жолымен жүзеге асырылатын саяси іс-қимылдың түрі.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Саяси мәдениет пен мінез - құлық
Саяси мәдениеттің дәрежесі және әртүрлігі
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саяси мәдениеттің түсінігі, саяси мәдениеттің типологиясы
Қазақстанның мәдени саясаты
САЯСИ МӘДЕНИЕТ
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
Саяси мәдениет және саяси идеология
Саяси сананың деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz