Саяси мәдениет пен мінез-құлық: тұжырымдамасы, құрылымы, әлеуметтену және типологиясы


Slide 1

САЯСАТТАНУ Саяси мәдениет пен мінез-құлық.

Slide 2

Лекция жоспары:

1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.

2. Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері.

3. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

4. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.

Slide 3

Ең алғаш рет «саяси мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген  ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы-философы И. Гердер (1744-1803) .

Саяси мәдениет туралы антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген еңбектерiнде назар аударған.

Кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье сияқты ойшылдар бұл құбылысты зерттеуге талпынды.

Slide 4

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты.

Саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне «саяси мәдениет» ұғымын  ғасырдың 60-шы жылдары американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба енгiздi.

Slide 5

Саяси мәдениеттiң анықтамалары:

Г. Алмонд, С. Верба- саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы деп санаған;

С. Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;

Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;

Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;

У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi.

Slide 6

Р. Такер «саяси мәдениет- қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы» - деп анықтама береді.

Бұл анықтама индивид санасы мен iс-әрекетiн қамтыды.

Slide 7

Саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамға немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Cаяси мәдениет құрылымы

саяси түсiнiктер

саяси қазыналар мен құндылықтар

адамдардың мемлекетке, саяси партия мен ұйымдарға қатынасы

саяси бағдар ұстау

әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыс

саяси рәмiздер

саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi

Slide 11 Slide 12

Саяси мәдениеттiң түрлері

Дамыған

Дамымаған

Саяси мәдениеттiң модельдерi

Тоталитарлы

Авторитарлық

Либералды-демократиялық

Slide 13

Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениет типологиясы

1. Патриархалдар, олар саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi.

2. Мақұлдаушылар, мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз.

3. Белсендiлер, бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады.

Slide 14

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

100

90

80

70

60

50

40

30

20

10

0

Белсенділер

Белсендiлер

Белсендiлер

Белсендiлер

Мақұлдаушылар

Мақұлдаушылар

Мақұлдаушылар

Патриархалдар

Мақұлдаушылар

Патриархалдар

Патриархалдар

Патриархалдар

демократиялы тоталитарлы өтпелi демократиялы

индустриалды авторитарлы- авторитарлы индустрия-

индустриалды ланбаған

Slide 15

Саяси әлеуметтендіру деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтамыз

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

1. қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

2. қоғамның мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

3. саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Slide 16

Саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:

жеке адамның белгiлi бiр норма, құндылық, күткен рөлiн игеруi;

белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-құлық түрлерiн қолдануы.

Саяси әлеуметтену арқылы адам толыққанды мүше боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Саяси факторлар: а) мемлекеттiк құрылыстың сипаты мен түрi; б) саяси тәртiп; в) саяси институттар, партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар.

Саяси емес факторлар: а) отбасы; б) достар тобы; в) оқу орындары; г) жұмыс орны; д) мәдениет, өнер, әдебиет; е) БАҚ; ж) ұлттық әдет-ғұрыптар.

Саяси әлеуметтендiру ұйымдары алғашқы және екiншi топтарға бөлiнедi:

1-топ - достар мен жолдастар, өнер, ойын және өзге де шағын топтар;

2-топ - мектеп, жұмысшы одақтары, саяси, діни ұйымдар мен БАҚ.

Slide 17

Саяси әлеуметтендiрудiң түрiнiң бiрi - мәдени трансмиссия. Яғни саяси мәдениеттiң ұрпақтан ұрпаққа, бiр топтан келесi топқа өтуi. Мәдени трансмиссия 3 жолмен жүзеге асады.

Аға ұрпақ - осы процестiң бақылаушысы, сондай-ақ аға ұрпақтың жас ұрпақты әлеуметтендiруi.


Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениет пен мінез-құлық: типологиясы, қызметтері және құрылымы
Саяси мәдениет, саяси сана, саяси мінез-құлық және саяси идеология: мазмұны, құрылымы және түрлері
Саяси мәдениет пен саяси идеология: тұжырымдамасы, құрылымы және қызметтері
Темперамент пен мінез-құлық: типологиясы, функциялары және қабілеттілік мәселелері
Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтенудің тұжырымдамасы, қызметтері және институттық негіздері
Саяси мінез-құлық феноменіне бихевиоризмнің ықпалы
Франциядағы дипломатиялық әдеп: мәдениет, мінез-құлық және гастрономиялық дәстүрлер
Іскерлік этикет және қарым-қатынас: мінез-құлық пен тілдік аспектілер
Саяси мәдениет: анықтамасы, жіктелуі және құрылымы
Саясат: анықтамасы, субъектілері, құрылымы және саяси мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz