Қазақ терминологиясы



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология институты
Терминді қолданудағы ерекшеліктер, терминжасам теориясы
Орындағандар:
1) Чабденова Айдана
2) Нуратдин Мерей
3) Мұратқызы Айдана
4) Нариман Жанна

Терминді қолданудағы ерекшеліктер
Термин сөздер белгілі бір саланың мамандарының арасындағы қарым-қатынас кезінде, ғылыми академиялық еңбектер жазуда қолданылады.
Мәселен, практика бойынша, халықтық IPO ұйымдастырылғанда, банктердің тараптарынан кредит беру, депозит ашу секілді қызметтер ұсынылып қарапайым халықпен қарым-қатынас жасағанда терминдер қолданылмайды. Жарнамалық акцияларда да осындай жағдай байқалады.
Бірақ біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, кейбір ұғымдар мен идеяларды қарапайым халыққа жеткізу, түсіндіру проблемалары туындайды. Сол саланың мамандары болмаса, халық түсініксіз терминдерді қабылдай алмайды.
Терминдерді қолданудың ерекшеліктері туралы айтылған жазбамыздың түйіні мынау. Ғылыми құжаттар, мемлекеттік құжаттар, ішкі қағаз алмасу процестері дәлдікті қажет етеді. Сондықтан, бұндай жағдайларда түсініспеушілік орын алмау үшін міндетті түрде сол саланың ғылыми терминологиясы қолданылады.
Сондықтан, бұндай жағдайда публицистикалық стильге жүгінуге тура келеді. Публицистикалық стильдің ерекшелігі сол, терминдер халыққа түсінікті қарапайым сөздермен алмастырылып, ақпарат қолжетімді күйде беріледі.
https://massaget. kz [3]

Терминжасам теориясы
Терминжасамның ұлттық үлгілерін қалыптастыру мәселесі
Біздің кеңестік кезеңдегі терминжасам тәжірибемізде өзге тілдік элементтерді пайдалану, дәлірек айтқанда, өзге тілде жасалған терминдерді дайын қалпында қабылдау дәстүрі орныға бастаған еді.
Терминқорымыздағы:
-микро, -макро, -ультра, -гидро, -аэро, -авиа, -авто, -моно, -анти, -архи, -транс, -супер, -гипер, сияқты грек, латын негізді терминдік элементтер соның көрінісі.
МЫСАЛЫ:
Терминтануда терминүлгі (терминмодель) деген термин бар. Ол сала терминдерінің белгілі бір қалыптасқан сөзжасамдық үлгісі бойынша біртектес болып жасалуына негіз болып отырған үлгіні білдіреді.
574 бет
574 бет
Кейінгі кезеңдерде жүйеленген салалық терминологияны қалыптастыруда сол саланың терминдерін белгілі бір сөз тудырушы морфемаларды немесе терминдік элементтерді пайдалана отырып жасау тәжірибесі бар.
Ісжүргізу саласында:
Фонетика саласында:
-ма/ме, -ба/бе, -па/пе
анықтама, хаттама, баяндама, мінездеме, мәлімдеме, көшірме, баянжазба, т. б
-м, -ым/ім
айтылым, алмасым, естілім, жасалым, жалғаным, т. б
А. Байтұрсынұлы негіздеген синтаксис саласында:
бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш терминдері бар.
Жасалым негізіндегі:
-уыш, -уіш, (-ыш/-іш) жұрнақтары белгілі
575 бет
575 бет
Ш. Құрманбайұлы. “Қазақ терминологиясы” Алматы. 2014 ж

Жалпы терминтану, терминжасау бағыттарында өзекті мәселелер аз емес.
А. Байтұрсынұлы - терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым.
Мұның жарқын көрінісі - ғалымның «Оқу құралы» және «Тіл-құрал» оқулықтарындағы, қазақ тілі қазынасына сүйеніп ұсынған, осы кезге дейін қолданылып жүрген мына терминдер: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, жалаң сөйлем, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, жақша, сызықша, буын т. б.
А. Байтұрсынұлы заманында да жаңа сөздерді жасауда қай тілді негізге алу керек және бұрынғы терминдерді қалай сараптап, пайдалануға болады т. б. мәселелерге қатысты ізденістерде түрлі талас-пікірлердің болғаны белгілі.
Мысалы, орыс тіл білімінде сөйлем мүшелерін «главные члены предложения» және «второстепенные члены предложения» деп атайды.
Сөзбесөз қазақшаға аударсақ, «басты сөйлем мүшелері» және «басты емес (екінші қатардағы) сөйлем мүшелері» деп аударылуы тиіс. Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы олардың бірін - «сөйлемнің тұрлаулы мүшелері», екіншісін - «сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» деп атап, оларды атауда қазақ тілінің құрылымдық жүйесінде қалыптасқан лексикалық бірліктердің мағынасына сүйенеді.
Сондай-ақ А. Байтұрсынұлының, терминжасам үдерісінде қоғамдық қызмет аясының тарылуына байланысты байырғы сөздер қатарына жататын сөздерге жаңа мағына үстеп, көрсетеді:
бүлік басылары, жасақ беру жұмысы, лау салығы, ереуіл сөз, дау ыспаты, даушар істер, би қарындас, аса билік, дәйімдік сиез, қоңсы уез, тарқы заман, тәуел оңаша мәселелер, дүния тегершігі, қорғандық дуандар т. б.
А. Байтұрсынұлы - XX ғасырдың басындағы қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаушы, қазақ терминологиясының тұңғыш ғылыми принциптерін жасаушы.

Терминжасамның лексика-семантикалық
немесе терминдену тəсілі
Түрколог ғалым К. Мұсаев
терминжасамның бұл өнімді тəсілі
халықтық лексиканың терминденуі;
лексика-семантикалық тəсіл;
жалпы əдеби тілдегі сөздердің
Терминденуі;
сөз мағынасының алмасуы;
жалпы қолданыстағы сөздерге
жаңа арнаулы мағына жүктеу;
Соңғы жылдары жарық көрген Иванов В. В., Фролова О. П., Пюрбеев Г. Ц.,
Суперанская А. В. жəне т. б. ғалымдардың еңбектерінде терминжасамның бұл
тəсілі көбінесе терминологизация терминімен аталып жүр.
Лексика-семантикалық тәсіл - терминжасау тәсілдерінің бірі. Оны басқа тәсілдерге қарағанда термин жасаудың басты негізгі тәсілі деп бағалауға да болады.
В. П. Даниленко лексика-семантикалық тəсіл арқылы əдеби тілдегі бар сөздерден мағынасын өзгерту арқылы термин жасау əдеттегі жəне өнімді тəсіл деп санайды.
►Мусаев К. М. Формирование, развитие и современные проблемы терминологии на языках союзных республик. М., 1986. -79С.
▶Ш. Құрманбайұлы “Қазақ терминологиясы” Алматы. 2014 ж

Морфологиялық терминжасам тәсілі
Түбірге қосымшалар жалғану арқылы жасалатын бұл тәсіл арқылы жасалған жаңа терминдер.
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік
Номинатив зат есімдер: арқалық (балка), биіктік (высота) деген сөздердің үлгісінде көптеген неонимдер жасалды: акротерий - шоқтық, аморфность - аморфтық, влажность - ылғалдылық,
-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті:
нанос - салынды, үйінді, осыпь - ысырынды, отсыпка - төгінді және т. б. сөздердің жасалуында зат есім тудырушы жұрнақ ретінде қолданылады.
арабша-
ша/-ше:
площадка - алаңша,
полочка - сөреше, приямок-шұңқырша, прослойка - қабатша,
пруток - шыбықша;
►Termincom. kz сайты

Терминжасамның синтаксистік (аналитикалық) тəсілі
Қазақ тіл білімінде терминжасамның синтаксистік тəсілі, бұл тəсіл арқылы жасалған терминдердің тілдік табиғаты əлі арнайы зерттеле қоймаған, жекелеген ғылыми еңбектер мен мақалаларда ғана сөз болып жүрген мəселелердің бірі.
Терминологиялық лексикамыздың қомақты бөлігін екі, үш немесе одан да көп сыңарлы терминдердің құрайтынын ескерсек, терминжасамның бұл тəсілін арнайы қарастырудың, жан-жақты зерттеудің мəні зор
А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми кеңесі ұсынған академиялық еңбек болғандықтан
1) сөзқосым,
2) қосарлау,
3) тіркестіру,
4) қысқарту тəсілдерін біз осы еңбек негізінде аналитикалық тəсілдің құрамында қарастырып, сала мамандарына ұсынған.
2002 жылы тіл білімі институты шығарған көлемді еңбектің бірі саналатын «Қазақ грамматикасы» авторлары - «Біріккен сөздер дүниежүзіндегі тілдерге өте кең тараған. Олардың аналитикалық тəсіл арқылы жасалатыны да ғылымда əбден танылған. » (253-б. ) жəне «қос сөздер тілдің аналитикалық тəсілінің қосарлама тəсілі арқылы жасалады» (256-б. ) - деп жазады. Бұл еңбектің сөзжасам бөлігін жазған тілші-морфолог ғалым Н. Оралбаева.

Терминдену тəсілінің түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz