Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары


Slide 1

Орындаған: Нұрмахан А. Б.

Тобы: В-ЖМҚА-02-21

Қабылдаған: Азимбаева С. Н.

Презентация

«Қалыпты және патологиялық физиология»кафедрасы

Шымкент 2022ж

Тақырыбы: Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі.

Slide 2

Ι. Кіріспе.

1. 1. Сезімдік жүйелер

1. 2. Талдағыштар бөлімдері

ΙΙ. Негізгі бөлім.

2. 1. Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары

2. 2. Иіс кірпікшелері

2. 3. Электрольфактограмма

2. 4. Қабылдағыштардың адаптациясы

2. 5. Стереохимиялық теория

2. 6. Жұмыс істеу механизмі

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

ЖОСПАР

Slide 3

Ι. Кіріспе

Сезімдік жүйелер организімнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.

Сезім мүшелерінің қабылдағыштарында тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Әрбір талдағыштың іс-әрекеті оның қабылдағыштарында сыртқы түрткілердің физикалық және химиялық әсерін түйсіне өтеді. Олар қозу толқындарына айналып, әртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың тізбектері арқылы миға жетеді.

1. 1. Сезімдік жүйелер

Slide 4

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.

Slide 5

1. 2. Талдағыштар бөлімдері

Slide 6

ΙΙ. Негізгі бөлім

2. 1. Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары

Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан. Олардың ауданы шамамен 5-8 см2. Иіс беткей тінінің қалыңдағы 100-150мкм, олардың тірек жасушаларының арасында диаметрі 5-6мкм иіс қабылдағыштарына жалғасады. Адамда иіс сезу талдағыштарының жалпы саны 10-20млн жетеді. Әрбір қабылдағыш ұзындығы 10мкм 6-12 жіңішке кірпікшелері шығып тұратын, иіс буылтығымен аяқталады

Slide 7

Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады

Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді

Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді

Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың молекулаларымен белсенді түрде жанасады

2. 2. Иіс кірпікшелері

Slide 8

Хош иісті заттар бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабықшасында орналасқан маманданғын белоктармен әрекеттеседі. Соның салдарынан қабылдағыштық потенциал туады, оны алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке талшықтары арқылы иіс буылтығына өтеді. Бұл иіс талдағышының бастапқы орталығы болып саналады.

Slide 9

Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электрольфактограмма деп атайды. Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда пайда болып, бірнеше секундтқа созылатын, шайқалу тербелісі 10мВ монофазалық теріс толқыннан тұрады. Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген қабылдағыштардан шығатын синхронды серпініс шоқтары қабаттасады. Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және қырқына сәйкес өзгереді.

2. 3. Электрольфактограмма

Slide 10

2. 4. Қабылдағыштардың бейімделуі

Slide 11

Ауа неғұрлым таза болса, иіс талдағыштары сезімталдығы соғұрлым жоғары болады. Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атаймыз. Иісті заттардың мұрынның кілегей қабығындағы иіс аймағына өтуі қиындаған жағдайда, мысалы тұмау кезінде, сезу табалдырығы көтеріліп, иіс сезімталдығының күрт төмендейтіндігі және тіпті толық жойылып кететіндігі байқалады

Slide 12

Иіс түйсінудің кең таралған қағидаларының бірі-стереохимиялық теория. Бұл теория бойынша, заттың иісі оның құрамындаңғы бөлшшектердің мөлшері, пішіні және көлемімен анықталады. Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады. Көптеген зерттеулерде иіс буылтығында пайда болатын электрлік жауаптың көрсеткіштері оған әсер етуші иісті заттардың қасиеттеріне тәуелді екендігі көрсетілді. Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған және тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш талшықтары алмаспайды, яғни мидың қарсы сыңарыына ауыспайды.

2. 5. Стереохимиялық теория

Slide 13

Иіс талдағышының сезімталдығы өте жоғары. Иісті заттың бір моллекуласы бір рецепторларды қоздырады. Ал, бірнеше рецепторлардағы қозу түйсік туғызады. Адам бірнеше мың иісті ажырата алады. Ондай қабілет иттерде 3-6 есе артық болады. Иісті заттың бір молекуласы бір қабылдағышты қоздырады, ал бірнеше қабылдағыштағы қозу түйсік туғызады. Белгілі бір иіс тітіркендіргіші әсер еткенде үлкен ми сыңарлары қыртысында жоғары қозғыштықтың тұрақты ошағы пайда болады. Мұндай жағдайларда иісті басқа әртүрлі заттар әсер еткенде де түйсінуге болады

Slide 14 Slide 15

Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады - иіс эпителийі.

Иіс рецепторлары - биполярлық жасушалар:

Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері шығып тұрады;

Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа малынып тұрады;

Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады.

Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады.

2. 6. Жұмыс істеу механизмі

Slide 16

2. Өткізгіш бөлімі: Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді. Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.

3. Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі - самай бөлімінің ішкі беті - гиппокамп.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Иіс кірпікшелері
Иіс талдағыштары
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (зейін,түйсік,ой,сана,сөз) туралы ақпарат
Иіс және дәм сезу Мүшелері
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері
Дәм қабылдағыштары
Дәм сезу механизмі
Иіс талдағышы
ТАЛДАҒЫШТАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Иіс сезу талдағыштары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz