Жүрек қабырғалары
Презентация қосу
«Қалыпты және патологиялық физиология»кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Жүректің қақпақшалық аппараты. Қанның систолалық және
минуттық көлемі.
Орындаған: Нұрмахан А. Б.
Тобы: В-ЖМҚА-02-21
Қабылдаған: Азимбаева С. Н.
Шымкент 2022ж
ЖОСПАР
Ι. Кіріспе.
1.1. Қанайналым жүйесі
1.2. Жүрек туралы жалпы мәлімет
ΙΙ. Негізгі бөлім.
2.1. Жүрек қабырғалары
2.2. Қақпақшалар
2.3. Қанның систолалық және минуттық көлемі
2.4. Жүректің минуттық қан көлемін табу әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ι. Кіріспе
1.1. Қанайналым жүйесі
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және
кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос
тәрізді қанды сығымдап қантамырларына айдайды да оның
үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса,
табиғи ырғағы бұзылса, не алсіресе, қан дене тіршілігіне қажет
мөлшерде тарамайды да, сан қилы өз қызметін атқара алмайды.
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және
кіші шеңберінен тұрады.
Қанайналымының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан
қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі
капиллярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы
оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де,
артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан
жіңішке венулаларға, одан әрі веналаларға, жоғарғы және төменгі
венаға (V. cava inferior, V. cava superior) жeтеді де, сол арқылы
жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қанайналымының
үлкен шеңбері бітеді
Қанайналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе
сабауынан (truncus pulmonalis) басталады. Оң қарыншадан
шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық
қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып
отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір
қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық
қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр
өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып
отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қанайналымының
кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда жүректен
шыққан қан үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд
ішінде қайтып оралады
1.2. Жүрек туралы жалпы мәлімет
Жүрек (лат. cor, грекше cardia) – қалың жолақты еттен тұратын төрт
куысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300 г) жұмыр ағза, жүрек
кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан
тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзын білігі
оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы
кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына
тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі
бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары
бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше (atrium) мен қарыншадан
(ventriculum) түрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше,
екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлык
(жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы
атриовентрикулярлық қақпақшалар бар.
ΙΙ. Негізгі бөлім
2.1. Жүрек қабырғалары
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі – эндокард, ортаңғы
— миокард, сыртқы — эпикард.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген атриовентрикулярлық тесікке
және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде
бұрылып қос қабат күрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш
жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады. Сонымен әр
қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады.
Миокард жүректің ортаңғы қабаты, ол көлденең жолақты ет
талшықтарынан тұратын ең калың қабат. Жүректің сырткы
кабаты эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не
оған келетін ірі кантамырларына жеткен жерде кері бұрылып
жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бул эпикардтың сыртқы
қабаты, яғни перикард жүрек қабы. Эпикард пен перикард
арасындагы саңылауда аздаған серозды сұйықтық болады. Бұл
сұйыктык эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап
қажалудан сақтайды. Перикард жүрек қуыстарының қанға
толып қатты керілуіне кедергі жасайды.
Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзара жарыса орналасқан
жолакты ет талшықтарынан тұрады. Ет талшықтары түйіскен
жерлерде қатар жатқан екі талшықты жалғастыратын дискілер
(мембрананын жуандау жері) болады. Талшықтардың дискілер
аркылы беттескен жерін нексус деп атайды. Нексустер арқылы
миокардта қозу өте тез жайылады, өйткені қозу бір талшықтан
екінші талшыққа медиатордың қатысуынсыз-ақ әрекет
потенциалы күйінде өтеді, сондықтан әр ет талшығы жеке
қозып, жеке жиырылмайды, топтасып жиырылады, яғни
жүрек еті әрекеттік синцитий (жалғам) ретінде қызмет етеді.
2.2. Қақпақшалар
Жүрекше мен қарынша арасындағы тесікті жауып тұратын
қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы (valvula tricuspidalis), ал сол
жақтағысы қос жақтаулы (V. bicuspidalis)-митральды. Қолқа мен өкпе
артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпақшалар (V.
semilunaris) орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырылған сәтте (систола)
қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді. Қан жүрекшеден
қарыншаға, қарыншадан артерияларға (қолқа мен өкпе сабауына) қарай
ғана ағады, сау адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған адамда
қақпақшалар толық жабылмай, соған байланысты қанның біразы негізгі
бағытынан айырылып кері қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі
тондарына (дыбыстарына) шуыл араласуынан байқауға болады
Жүрек қақпақшалары:
1. Митральді клапан
2. Аортальды клапан
3. Пульмональді клапан
4. Трикуспидальді клапан
Митральды қақпақша (лат. valva atrioventricularis sinistra, valva
mitralis) - сол жақ атриум мен жүректің сол жақ қарыншасы
арасындағы қос қанатты (бикуспидті) клапан. Сол жақ қарыншаның
систоласы кезінде қанның сол жақ атриумға регургитациялануына
(кері ағуына) жол бермейтін екі дәнекер тінінің қақпақтарымен
ұсынылған.
Аорталық қақпақша(лат. valva aortae) сол жақ қарынша мен
аортаның шекарасында орналасқан, аортадан сол жақ қарыншаға
қанның кері ағуына жол бермейді.
Адамдарда клапанның аортаға қарай ашылатын үш қанаты бар: оң
жақ коронарлық, сол жақ коронарлық және артқы (коронарлық емес).
Жартылай ай жапырақтары жабылып, аорта мен сол жақ қарыншаны
байланыстыратын тесікті жабады. Қанаттар аорта мен сол жақ
қарыншаның арасында тесік түзетін талшықты сақинаға бекітіледі.
Клапанның гемодинамикасы: сол жақ қарыншаның систоласына қан
қысымының әсерінен клапанның клапандары ашылып, қан аортаға
түседі, содан кейін қан қысымымен диастолаға сол жақ қарыншаға
қанның кері ағуына жол бермейді.
Пульмональды клапан (лат. valva trunci pulmonalis) өкпе
магистралінің оң қарыншадан шығатын жерінде орналасқан.
Оның үш жарты ай клапандары бар (алдыңғы, оң және сол),
олар тек бір бағытта — өкпе магистралінде қан ағымын
қамтамасыз етеді.
Трикуспидті клапан (лат. valva atrioventricularis dextra, valvula
tricuspidalis) - оң жақ атриум мен жүректің оң қарыншасы
арасындағы клапан, оң қарыншаның систоласы кезінде қанның
оң жақ атриумға регургитациялануына (кері ағуына) жол
бермейтін үш дәнекер тіндік пластинамен ұсынылған.
2.3. Қанның систолалық және минуттық көлемі
Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйкесіне қан айдау.
Систола кезінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің
систолалық қан көлемі(СҚК) деп аталады. Ол ересек адамда 70-
80 мл. СҚК жүрек соғуының минуттық санына көбейту арқылы
жүректің минуттық қан көлемін есептейді. Мысалы, жүрек
минутына 75 рет соқты делік, ал систолалық қан көлемі 70 мл
болса, жүректің минуттық көлемі: МҚК 75х70=5250 мл, яғни
5,25 л болғаны.
Бір минут арасында әр жүректен шыққан қанның көлемі
жүректің минуттық қан көлемі(МҚК) деп аталады.
Клиникада жүректің МҚК газ әдісімен анықталады. Бұл әдіс 1870 жылы
ұсынылған. Кейде ғалымның атымен Фик әдісі деп те аталады. Жүректің МҚК-ін
анықтау үшін артериялық және веналық қандағы оттегінің пайыздық мөлшерін
анықтайды да, олардағы оттегі айырмасын есептеп шығарады. Мәселен, артерия
қанында 18%, ал вена қанында 12% оттегі бар. Бұлардың айырмасы 18-12=6%.
Бұдан кейін адамды таза оттегімен дем алдырады да, бір минут ішінде жұтылған
оттегінің мөлшерін біледі. Адам минутына 30 мл оттегін жұтты, ал оттегінің
артерия мен вена қанындағы айырмашылығы 6мл. Енді 300 мл-ді 100-ге көбейтіп,
6-ға бөлу керек. Себебі өкпе арқылы минутына 100 мл қан өтсе, бұл 6 мл оттегі
өкпеден қанға сіңді деген сөз. Ал, 300 мл оттегі қанға сіңсе, онда өкпе арқылы
минутына 5000 мл қан өтеді.
МҚК = (300 х 100):6=5000 мл.
Жүректің оң қарыншасынан минутына қанша қан өтсе, өкпеден де сонша қан өтеді,
яғни МҚК - 5л-ге тең.
Фик әдісін қолдану үшін вена қанын жүректің оң жүрекшесінен зонд арқылы алуға
тура келеді. Бұл әдіс қиын, сирек қолданылады.
2.4. Жүректің минуттық қан көлемін табу әдістері
Жүректің минуттық қан көлемін табу үшін интегралдық
реография , қанға таңбаланған атом не бояу енгізу әдістері қолданылады .
Интегралдық реография әдісі бойынша адамның кеуде тіндерінің электр тоғына
деген кедергісі жазып алынады . Қан -
сұйық зат , оның электр тоғына деген кедергісі басқа тығыз тіндер кедергісінен
әлде қайда төмен . Сондықтан кеуде тіндерінде қан неғұрлым көп болса ,
олардың кедергі жасау қабілеті де төмендей түседі . Кеуденің электр тогына
кедергі жасауы систола кезінде айдалған қан мөлшеріне бай ланысты . Ол
реограмма арқылы анықталады . Содан кейін белгілі формула бойынша
систолалық қан көлемі есептеп шығарылады . СҚК жүрек соғуының минуттық
санына көбейтіледі де МҚК табылады .
МҚК ін венаға құйылған бояудың ( Стюарт пен Гамильтон әдісі ) не радиоактивті
заттың қанда жылжу жылдамдығы мен оның қанда еру ( жайылу ) дәрежесі
арқылы есептеп шығаруға да болады . Ол үшін қанға құйылған заттың деңгейін
әрбір 2 секунд сайын өлшеп туру қажет . Қандағы еріген заттың мөлшері алдымен
біртіндеп жоғары лайды да кейін төмендей бастайды , қан екінші рет сол жақ
жүрек арқылы өткен кезде ол қайтадан жоғарылайды ( рециркуляция - кері ағу ) .
Қандағы зат деңгейінің қайтадан өрлеу уакыты T әрпімен белгіленеді . Қандағы за
т мөлшерлері табылған соң , оның зерттеу уакыты на қарай өзгеруін
көрсететін қисық сызық сызылады , сөйтіп зат кон центрациясының бірінші
толқынына кететін уақыты табылады ( Т ) . Қанға құйылған заттың мөлшері ( J )
және оның бір литр кандағы орташа концентрациясы ( С ) есептеп шығарылады
да , мына формула бойынша минутына канша қан айдалғаны анықталады :
МҚК=60*J/С*Т=л/мин.
III. Қорытынды
Қорытынды ойға келсек, жүрек қақпақшалары өте
маңызды қызмет атқарады, яғни қанның белгілі бір бағытта
ағуын қамтамасыз етеді, дені сау адамдарда әрдайым бір
қалыпта ағады.
Систола кезінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері
жүректің систолалық қан көлемі(СҚК) деп аталады және СҚК
жүрек соғуының минуттық санына көбейту арқылы жүректің
минуттық қан көлемін есептей аламыз
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б.,
Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж. 226-238 беттер
Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің
мезгілдік құралымдар
бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж.
Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және
мектеп гигиенасы: Оқулық Алматы: «Білім», 2003 ж. Нұрмұхамбетұлы
Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ –
Алматы: «Эверо», 2007 ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz