Қой мен шошқа етінен дайындалатын тағамдар мен шалафабрикаттардың түрлері және технологиялық сипаттамасы


Slide 1

Қой және шошқа еттерінен дайындалатын тағамдар

Slide 2

Қой және шошқа еттерінен алынатын шала фабрикаттар:

Ірі кесекті шала фабрикаттар- «төстік тартымы», «қуырылған қой, шошқа еттері».

Сыбаға шалафабрикаттары-табиғи котлет, эскалоп, кәуап карша, жанышталған шницель.

Ұсақ кесекті шала фабрикаттар- кавказша кәуап, турам ет (рагу), палау (плов), кеспек ет (гуляш), қуырдақтық ет (поджарка) .

Slide 3

Төстік тартымы

Slide 4

Шошқа етінің арқа бел бөлігінің қабырға сүйексіз етінен, қалыңдығы 1, 5-2см етіп сыбаға кесектеріне кесіп, дайындалады.

ЭСКАЛОП

Slide 5

Жанышталған шницель

Жамбас сан бөлігінен қалыңдығы 1, 5-2см сыбаға кесектері түрінде дайындалады. Алынған жұмсақты жаншиды, сіңірлерін кеседі де тұз, бұрыш сеуіп, льезонда ылғалдайды, кепкен нан аунатпасында аунатады, белгілі-бір форма береді.

Slide 6

Кавказша кәуап

Арқа-бел және жамбас-сан бөліктерінен массасы 30-40г текшеше формада кесектерге туралады.

Slide 7

Турам ет (рагу)

Қой, шошқа төстік етінен, массасы 30-40г, текшеше формадағы сүйекті кесектер түрінде дайындалады. Әр сыбағаға 3-4 данадан келеді.

Slide 8

Палау

Жауырын бөлігінен, төстік еттен текшеше формалы, массасы 15-20г болатын кесектер дайындайды. Әр сыбағаға 6-8данадан ұсынылады.

Slide 9

Кеспек ет

Жауырын және шошқаның мойын бөліктерінен, текшеше формасында, массасы 20-30г, құрамындағы май 20%-тан аспайтын кесектер.

Slide 10

Қуырдақтық ет

Арқа-бел, жамбас-сан бөліктерінен, томарша формада, массасы 10-15г болатын кесектер.

Slide 11

Шапқан ет массасын дайындау және одан алынатын шала фабрикаттар даярлау.

Slide 12

Шабылған ет массасының құрамы:

800г-ет

120-май

70г-сүт

Шабылған ет массасынан төмендегі шала фабрикаттар дайындалады:

Шабылған ет бифштексі

Шабылған ет табиғи котлеттері

Шабылған ет табиғи шницелі

Фрикаделькалар

Люля-кебаб

Slide 13

Шабылған ет бифштексі

Бифштекс (ағылш. bееf - ет және steak-кесек) - ағылшындардың ұлттық тағамы. Таза еттен немесе фарштан жасалатын қою тағам. Шошқа майын ұсақтап текшешелеп турап, шабылған ет массасына қосады, сыбаға кесектеріне бөліп, бұйымға жалпақ-дөңгелек форма беріп, қалыңдығы 2см етеді. Әр сыбағаны 1 данадан әзірлейді.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Шабылған ет табиғи котлеттері

Массаны сиыр етінен дайындайды. Оған ұсақ текшешелеп туралған май қосады және ұсақталып туралған сарымсақ қосып араластырады, котлет формасын беріп, кепкен нан аунатпасында аунатады.


Ұқсас жұмыстар
Шошқа етінен дайындалатын окорок, рулет, буженина мен шпиктің технологиясы, гигиенасы және ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Сүзбеден дайындалатын тағамдардың технологиясы: салқын және ыстық тағамдар, ірімшік өнімдері
Шошқа етінен шпик пен тұздалған сан (окорок) дайындау технологиясы, гигиенасы және санитарлық талаптары
Шошқа тұқымдары және олардың өндірістік биологиялық сипаттамасы
Әлем халықтарының асханасы: ұлттық тағамдар мен олардың диеталық құндылықтары
Қой құйрық майы мен сүтінің емдік қасиеттері және қой шаруашылығының экономикалық-мәдени маңызы
Ет өнімдері: химиялық құрамы, ұшалау, субөнімдер мен ұлттық тағамдар
Былғары мен үлбірдің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, жіктелуі және өңдеудің технологиялық үрдістері
Бейсу ерітінділері: сипаттамасы, еріткіштерінің түрлері және технологиялық талаптар
Мал түрлері бойынша ет өнімдерінің сипаттамасы және тағамдық құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz