Қабылдау - тапсыру жолдарына вагондарды беру
Презентация қосу
ҚР станцияларындағы вагондарды
беру және әкету шығындарын
есептеу
Дайындаған: Қожабергенов Қайрат
Қабылдау-тапсыру жолдарына вагондарды беру
Тағайындалған станцияға келген вагондар тасымалдаушы мен жүк алушы
немесе ол уәкілеттік берген тұлға арасында қабылдау-тапсыру
операцияларын жүргізу үшін вагондарды беруге-әкетуге арналған
шартпен белгіленген қабылдау-тапсыру жолдарына беріледі.
Тасымалдаушы вагондардың қабылдау-тапсыру жолдарына берілгені
туралы жүк алушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға вагондар
берілгенге дейін екі сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
Вагондар хабарландыру берілген екі сағат аяқталғанға дейін
немесе хабарландыру берілгеннен кейінгі екі сағаттан кейін
берілген жағдайда, жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген
тұлғаның жауапкершілік уақыты вагондар іс жүзінде берілген сәттен
бастап есептеледі.
Вагондармен, соның ішінде жүк тиелген контейнерлермен қабылдау-тапсыру
операциялары кезінде, қатысушы тараптар техникалық және коммерциялық
байқау жолымен вагондардың, контейнерлердің түзіктігіне, сонымен қатар
вагондық парақтар мен темір жолдық жүкқұжаттарында көрсетілген
мәліметтердің сәйкестігіне көз жеткізеді.
Түзік вагонда жөнелтушінің түзік пломбаларымен келген, жөнелтушімен
жүк тиелген вагонды тасымалдаушы береді, ал жүк алушы немесе ол
уәкілеттік берген тұлға вагонның жай-күйін сырттай қарап әрі қақпақтар
мен есіктердің жағдайын, пломбалардың болуын, түзіктігін, сондай-ақ
пломбалардағы белгілердің жүк құжатыныда көрсетілген мәліметтерге
сәйкестігін тексереді.
Жүктер орындарының саны, массасы мен жүктердің жағдайы
тексерілмейді.
Вагон жүрісін есептеу мынадай құрамдастардан жүргізіледі:
1) жолаушылар поезының барлық жүру жолындағы және Қазақстан
Республикасының шекарасындағы қатынау маршрутының қашықтығы (поездар
қозғалысының кестесі бойынша анықталады);
2) жолаушылар (халық) тасымалын талдау негізінде анықталатын
құрамдағы вагондар саны;
Вагондар жүрісін есептеу вагондардың түрлері бойынша бөлінеді.
8. Жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды көлемі
мынадай формула бойынша есептеледі:
Vваг-км.= 2S* Nваг.* Nрейс
мұндағы:
Vваг-км. – жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды
көлемі;
2 S – тура және кері қашықтық, км;
Nваг – құрамдағы вагондар саны;
Nрейс – жоспарлы кезеңіндегі поезд қатынауларының кезеңділігі.
Болжамды жолаушылар айналымын есептеу вагондардың жүріс сомасын теміржол
көлігінің даму бағдарламасы бойынша жоспарлы өсуін есепке ала отырып,
алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар санына көбейтумен анықталады:
Vпасс/км=Vваг.км*p
мұндағы:
Vпасс/км – болжамды жолаушылар айналымы;
p – алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар саны.
Жолаушылар айналымы вагондар түрі бойынша жоспарланады.
Жолаушыларды белгілі бір бағыт және вагондардың түрлері бойынша тасымалдаудан түскен
кірісті есептеу мына формула бойынша анықталады:
Dжол жүру= [(Di-1жол жүру / kққс)/VW i-1жол/км]* VQ i жол/км
мұндағы:
Dжол жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан
түскен кірістер сомасы;
Di-1 жол жүру – алдыңғы кезең үшін "Экспресс-3" автоматтандырылған басқару жүйесінің
деректері бойынша поездың, вагонның тиісті түрінің барлық жүру жолында плацкарт бойынша
және Қазақстан Республикасының шекарасында билеттер бойынша кіріс түсімдерінің сомасы;
VWi-1жол/км – алдыңғы кезең үшін поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан
Республикасының шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;
VQi жол/км – жоспарланған кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы
шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;
kққс – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 29-бабына сәйкес
қосымша құнға салық коэффициенті (бұдан әрі – ҚҚС).
Шығыстарды қалыптастыру тәртібі өндірістік-технологиялық
факторларды ескере отырып жолаушы поезының әрбір маршрутына
жүргізіледі:
Rтасымалдаушы = Rмтж + Rлок + Rвагонды жалға алу + R жолау.тас.
мұндағы:
Rтасымалдаушы – толық өзіндік құнына енгізілген
тасымалдаушының шығысы;
Rмтж – магистральдық теміржол желісін пайдалану қызметі
үшін шығыстар;
Rлок – локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;
Rвагонды жалға алу – вагондарды жалға алуды ұсыну қызметі үшін
шығыстар;
Rжол.тас. – кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды
тасымалдаумен байланысты тасымалдаушының шығыстары.
Вагондарды жалға алу қызметіне шығыстар есебі:
Поездарды құру үшін жылжымалы құрам паркі есебі (резервтегіні есепке
ала отырып) қажетті вагон түрі бойынша мынадай формулалармен анықталады:
Жолаушылар вагондарына:
Rваг. жалға алу = (Nваг.* Nқұрам.* kрезерв* Nжалға алу күндері kпаркі* Pваг. жалға алу.)/VW i ваг-
км*VQ i ваг-км
Электр секциялар және дизельді поездар вагондары:
Rваг. жалға алу = [(Nваг+ kрезерв.)* Nқұрам. * Nжалға алу күндері *kпаркі* P Pваг. жалға алу]/ /
VW i ваг-км*
*VQ i ваг-км;
мұндағы:
Rваг. жалға алу – вагондарды жалға алу қызметіне шығыстар;
Nваг – құрамдағы вагондар саны;
Nқұрам – құрамдардың қажетті саны;
kрезерв – вагондардың міндетті резервті коэффициенті: жолаушылар
вагондары бойынша 1,07 тең (айналымдағы барлық вагондар санынан 7%); электр
секция және дизельді поездар бойынша 3 вагонға тең (бас, моторлы және
тіркемелі);
Nжалға – жоспарланған кезеңге жалға алынған күндер саны;
алынған күндер
kпаркі – жалға алынған жолаушылар жылжымалы құрамын пайдалану
коэффициенті 0,7 мөлшерінде;
VQ i ваг-км – Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жоспарланған
кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км;
VW i ваг-км – бүкіл жол бойында жоспарланған кезеңге поезд құрамында
қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км;
Pвагонды жалға алу – осы Әдістеменің 37-тармағымен белгіленген тәртіппен
анықталатын тиісті үлгідегі бір вагонды жалға алу тарифі, ваг.тәулік
үшін теңге.
Nқұрам = Zn * Vқұрам
мұндағы:
Zn – тәулік ішінде жөнелтілетін поездар саны;
Vқұрам – жолаушылар құрамының айналымы, тәулігіне.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz