АНДРОНОВТЫҚ ӘСКЕРИ АРБАЛАР
Презентация қосу
ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
АНДРОНОВТЫҚ
ӘСКЕРИ АРБАЛАР
ҚАРУЛАР
Андрондық әскери арбалар және қарулар. Қола дәуірінің негізгі
көлік құралы әскери арба болды. Ең алғашқы екі доңғалақты әскери
арба (б.з.б. XX-XVIII ғасырлар) Қисық көлдегі (Кривое озеро)1
Сынтасты қорымынан табылды. Оның негізі терімен қапталып, ұзын
білікке бекітілген ағаш жақтау болды. Арба берік болу үшін білікті
арбаның артына қарай орналастырған (андрондықтарда білік
ортасына орналасқан арбалар да болды). Арба ағаш бөлшектерден,
қайың қабығынан жасалып, шанағының арты ашық болды.
Диаметрі 90 см шамасындағы шабақты доңғалақтар сол кездегі
арбаның тұтас доңғалақтарына қарағанда анағүрлым жеңіл еді.
Арбаға жегілген аттарды тізгіннің немесе ұзын камшының
көмегімен басқарды.Андрондықтар әскери арбаны жиі қолданды.
Бұған қазба жұмыстар кезінде табылған арбалар мен жерлеу
орындарынан кездескен саздан жасалған шабақты доңғалақ
түрлері дәлел болады. Арбалар петроглиф түрінде жартастарға
қашалып бейнеленді. Қос донғалақты әскери арбалар жеңісте
шешуші рөл атқарды, ал ондағы жауынгер – батыр және басшылар
саналды. Қос доңғалакты әскери арбашылар ежелгі әлемнің
алғашқы кәсіби әскерилері болды.
Орталык Азияның шығысындағы көшпелілердің өздеріне тән әскери
арбалары болды. Бұл қаһарлы әскери арбалар қытайлардың зәре-
құтын ұшыратын.
АРҚАЙЫМ ,СЫНАСТЫ
ҚАЛАСЫ
Андрондык Арқайым, Сынтасты қалалары. Б.з.б. III
мыңжылдықтың соңы мен II мыңжылдықтың басында
Ұлы Даланың Оңтүстік Жайық, Солтүстік Қазакстан
аймақтарында нақты жоспармен тқрғызылған бірнеше
бекініс қалалары мен қоныстары пайда болды.
Осылардың ішінде жақсы сақталғаны топырақ пен
бөренеден тұрғызылған екі бекініс дуалы бар Арқайым
қаласы болды. Қаланың орталығында алаң орналасып,
онда көшелер түйісетін. Қорған кабырғаларында төрт
бағытқа қараған төрт қақпа болды. Әрбір андрондык
қаланың жанында қорғанды жерлеу қорымдары және
малға арналған екі жайылым болды. Қорымдардан
әскери арбалар жиі табылады. Мұндай қоныс түрлері
Авестада «вар» деп аталды. «Вардың» үш қабатпен
орналасуы аңыздан бастау алады. Аңыз бойынша, ең
алғашқы патша Йима адамдар мен малдарды сыйдыру
үшін жерді үш марте кеңіткен деп сипатталады.
САҚТАРДЫҢ
ҚАРУЛАНУЫ
Сақтардың қарулануы. Сақтардың негізгі қаруы «скиф»
үлгісіндегі садақ болды: көлемі шағын, М әрпіне үксайтын.
Қысқа жебелерінің ұштары қоладан жасалды. Жебеге
қызыл және қара бояулар жағылды (осы белгіден жебе
кімге тиесілі екенін анықтауға болатын). Садақ пен жебе
арнайы қорамсаққа салынып, белге тағылды. Сақтардың
басқа карулары: қысқа сайты сүңгі, найза, балталар –
түгелдей темірден жасалды. Өткір қарулар ретінде
ақинақ-қанжарларды немесе кылышты пайдаланды.
Ақинақты оң жағына қынымен белдікке тағып жүрді.
Сактардың қалқандары шағын болды, оны ағаштан және
теріден жасады. Б.з.б. IV ғасырда сақтар дулыға мен
сауытты сирек пайдаланды. Бірақ олардың қару-жарағы
толықтай темірден даярланды.Олар салт атпен де, жаяу да
соғыса береді. Әдеттегісіндей олар садақпен, найзамен
және айбалтамен қаруланады.Найзаның, жебенің,
айбалтаның ұшы мен жүзін жезден жасайды да, бас киімін
– дулығасын, белбеуі мен шығыршығын алтынмен
аптайды. Олар аттарына жезден өмілдірік – қап кигізеді.
Жүгенін, ауыздығын және ноқталығын алтынмен жалатып,
өрнектеп қояды. Олар темір мен күмісті тұрмыс-тіршілігі
үшін қолданбайды, өйткені оларды бұл елде кездестіре
алмайсың. Оның есесіне алтын мен жездің көптігінде есеп
жоқ».
ПАЗЫРЛЫҚ КІЛЕМ
Пазырық кілемі - әлемдегі түкті кілемдердің
алғашқылары. Ол Алтайдағы Пазырык қорғандарыньщ
бірінде, мәнгілік тоңның арасында жақсы сақталған.
Пазырык кілемі төрт-бұрыш пішінді, орта тұсы бес қатар
жиектемемен көмкерілген. Кілем геометриялық
өрнектермен безендіріліп, грифон, бұғылар, салт аттылар
мен гүл бейнелері салынған. Ол түтастай жүннен
даярланған және ашық түсімен ерекшеленеді. Пазырык
кілемі ертедегі көшпелілерде кілем тоқу өнері жоғары
деңгейде болғандығын көрсетеді.
ҰЛЫ ДАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ КИІМІ
Ұлы Дала тұрғындарының киімі Пазырық, Есік, Аржан корғандар кешенінен табылған жәдігерлерден белгілі.
Мысалы, салт атты әйелдің киімі үш қызыл жолақпен тоқылған ұзын әрі кең жүн белдемшеден тұды. Белдемшені
жүннен жасалған, қызғылт сары түсті шашакты белбеумен буды. Кеудесіне жеңі ұзын, мойын тұсы дөңгелене
ойылган және қызыл баулы шілтермен әсемделген жеңіл көйлек киді. Ұзын жеқді сырткиімі суырдың терісінен
тігіліп, кейбір жері кара құлынның терісімен безендірілген. Аяқкиімі киізден жасалған шұлық-етік болды. Пазырық
әйелдері шаштарын алып тастап, киізден жасалған, екі кабаттап шаш тігілген баскиім киді.
Сақ ерлері жеңі ұзын, белден төмен түсетін кең жейде мен балақ жағы тарлау шалбар киді (шалбар – скиф және
сақ киімінің негізгі бөлігі, өйткені бүған дейін Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия халықтары шал- барды білмеді).
Жейденің сыртынан ұзын түймесіз шекпен киді, оны көбінесе желбегей жамылды. Аяғына теріден табан
орнатылған киіз етік киді. Мұндай етіктер сақтардың өздеріне тән ерекшеліктері болды: Персепольдегі бедерлі
суретте бейнеленген сақ елшілері Дарий патшаға өзге сыйлыктармен қоса, осындай етіктерді сыйга тартып
жатқаны бейнеленген.
• Сақтар киімдерін әр алуан материалдардан – мақтадан, жүннен, киізден, теріден, былғарыдан дайындап, оны
әшекейлермен безендірді.
Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып,
тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ
үйлеріне ұқсастығы жақынрақ болғанды. Алайда андрондық
үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл
нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық
шаменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда
болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі
көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа
салынған суретте сақталып қалған.Көшпенділердің киіз үйі —
тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші
қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер
де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені
ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап
шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа
көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы
торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі
түрлі болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz