ДЕНЕ БИОМЕХАНИКАСЫ


Slide 1

Дене биомеханикасы. Науқастарды тасымалдаудағы кәсіптік қорғау.

Slide 2

Дене биомеханикасы

Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді. Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.

Slide 3

Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:

- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;

науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек; - алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды; - егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады. Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек

Slide 4

1. Қатаң төсек тәртібі - ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады. Бұл мақсатта функциональды төсек қолданылады.

2. Төсек тәртібі - төсекте бірқатар қимыл - қозғалыс жасауға рұқсат етіледі, дәрет ыдысына отыру.

3. Жартылай төсек тәртібі немесе палаталық тәртіп - емделушілердің қимыл - іс шараларын кеңейтеді.

4. Жалпы тәртіп - асханаға барып тамақтануға, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі.

Slide 5 Slide 6

Науқастардың төсектегі жағдайы.

активті - науқас өзінің қалауы бойынша төсектегі жағдайын өзгерте алады;

пассивті -науқас қозғалмайды, өзінің айқын әлсіздігінен төсектегі жағдайын өзгерте алмайды, немесе ессіз жатуы;

мәжбүрлі - науқас ауруын жеңілдетін жағдайда жатады:

Slide 7

Емдеу бөлімшелеріндегі пациенттердің төсектегі қалпы (позасы) әр түрлі болады.

1. Арқасымен жату.

2. Ішпен жату.

3. Бір қырынымен (оң, сол) жату.

Емделушілерге күтім жүргізу барысында арнайы терапиялық позициялар қолданылады.

Slide 8

Науқасты Фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

Slide 9

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз) .

3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса) .

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса) .

Slide 10

6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды) .

Slide 11

9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса) . Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту) . Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

Slide 12

10. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға) .

11. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту) .

12. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту) .

13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту) .

Slide 13

14. Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса) . Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Slide 14

Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудын алдын алуы.

Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй кереуетті.

Slide 15

Науқасты ішімен жатқызу

Slide 16 Slide 17

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса) .

6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

Slide 18

7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.


Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет тінінің түрлері
Биомеханика жайлы ақпарраттар алу
Медициналық биомеханика
Көлденең жолақты жүрек бұлщықет
Тірек – қимыл жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
Бұлшық биомеханикасы
Емхана мен аурухананың әртүрлі бөлімдерінде емдеу қорғау тәртібінің жүргізу ерекшеліктері. Дене биомеханикасы. Науқастарды тасмалдаудағы кәсіптік қорғаныс
Науқасты төсектің шетіне орналастыру
Сүйек қосылыстары
Өкпедегі газ алмасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz