Емдеу бөліміндегі емдеу-сақтау режимі мен емдеу медбикесінің тәртібі


Slide 1

Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі

Slide 2

Емдеу-сақтау режимі

Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады. Емдеу-сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі-сырқат психикасын сыйлау, оның толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау. Ұлы орыс физиологы И. П. Павлов, сырқаттың денсаулығы мен нерв жүйесінің ерекшелігіне сәйкес оған тыныштық пен жағдай жасай отырып, оның хал-жағдайы ауыр болатынын, талай рет атап айтқан болатын-ды.

Slide 3

Емдеу-сақтау режимін ұйымдастыруды сыртқы ортаның неғұрлым қолайсыз әсерін (дауыстап сөйлесу, есікті сілкіп ашып-жабу) жойып, терапевтік-емдік шаралар тиімділігін төмендетіп тиімді тәртібін белгілеу қажет. Қызметкерлердің алмасуы, бөлмені жинау, дененің қызуын өлшеу, сырқат тұрған соң, яғни таңертеңгі сағат 7-ден кейін істеледі. Барлық сырқаттар мазасын алмау үшін палатада жарық сигнализациясы мен түнгі шырағдандар дұрыс істеуі керек.

Slide 4

Қызметкерлер ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтап және онымен бөлімшеге келіп түскен барлық сырқаттарды таныстыру қажет. Сырқатты медициналық күтім заттары, қан тамған дәке, шприц пен скальпель, лас мақта мен бинт толған леген т. б. Көргенде болатын жиіркеніш сезімдерін болдырмаудың маңызы зор. Өздерінің ауруын ойланудан алаңдату үшін сырқаттың бос уақытын жақсылап ұйымдастырудың маңызы зор.

Slide 5

Арнайы бөлме жабдықтау жөн немесе коридорды пайдалануға да болады: кітаптар мен журналдар стендісін жасайды, өздері жүре алмайтын аурулар көру үшін теледидар қояды. Таза ауада (әсіресе жазда) серуендеудің рөлі үлкен. Бос уақытында сырқат оқиды, үстел үстінде ойындар ойнайды, тоқиды, құлаққа киіп радиоқабылдағышты тыңдайды. Сырқаттың қолайсыз эмоцияларын болдырмауға бағытталған шаралар ауруханаға түскеннен бастап, шыққанға шейін жүргізіледі.

Slide 6

СЫРТҚЫ ТҮРІ-. Медбикенің сырт пішіні емдеу кабинетінің визиттік көрсеткіші екенін еске саламыз, ашық косметикадан аулақ болуы керек, тырнақты қысқа алу керек. Халат таза болу керек, жейденің жені халаттың женінен ұзын болмауы керек. Шаш қалпақтың астында жиналуы болуы керек. Аяқ киім өкшесіз, жұмсақ және ыңғайлы болуы керек.

Slide 7

ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АРАЛАСУ- әріптестерімен қалыпты қарым-қатынас ұжым ішіндегі қалыптың, тазалықтың кепілі. Өзара қарым-қатынас, әрине, өзара көмек арқылы даму керек. Қандай жағдайда болмасын кіші медперсоналда дәрігерлер арасындағы субординация ережесін ұсталыну қажет.

Slide 8

ЕМДЕЛУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

емдеу медбикесі дәрігердің кез келген тапсырысын білікті, ұқыпты тез орындау керек. Емдеу медбикесінің емделушіге қатысты кез келген әрекеті оның ағзасына (егу жасау, зерттеудің биологиялық материалдарын жинау, сүнгілеу, пункция және т. б. ) араласу болатынын еске алу керек., ем жүргізудің қажеттілігін, кейде сендіру, жұбату арқылы әр емделушінің жеке ыңғайын таба білу керек.

Емдеу медбикесінің ем жүргізуінің техникалық әрекеті нақты және сенімді болуы керек, бұл кезде емделушінің алдында беделі өсіп, олардың алып жатқан емдерінің сәтті боларына сенімді болады.


Ұқсас жұмыстар
Ауруханалық емдеу-сақтау режимі: ұйымдастыру, күн тәртібі және науқастардың міндеттері
Туберкулез: науқастардың категориялары, емдеу режимдері, препараттары және емдеу критерийлері
Туберкулез: емдеу, бақылау, қайта сырқаттану және жұмысқа оралу тәртібі
Фобия: анықтамасы, түрлері мен емдеу әдістері
Пародонтозды кешенді емдеу және профилактикасы
Сиырларда эндометрит: себептері, клиникалық белгілері, диагностика және емдеу
Гастроэзофагеальды рефлюкстік ауруды фармакотерапиялық емдеу
Гипертрихоз: классификация, клиникалық көріністер, этиология және диагностика мен емдеу
Эндотоксикоз: клиника, диагностика және емдеу
Малдардағы зат алмасу бұзылыстарының себептері мен емдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz