ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
Презентация қосу
ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК
ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
ТАЛАПТАРЫ
ЖОСПАР:
Кіріспе
Дәрілік заттардың түрлері
Дәрілік заттарды қолдану әдістері
Дәрілік заттарды сақтау
Дәрілік заттардың есебін жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Дәрілік терапия емдік шаралардың ең маңыздысы
болып табылады. Емнің жетістігі көп жағдайда
мейірбикенің тағайындалған дәрілік затты
науқасқа білікті және сауатты енгізуіне
байланысты. Ауруханада емделіп жатқан
науқастарға дәрілік заттарды жаздырып алу
арнайы талап қағаздарына жазылады. Дәрігер
күнделікті бөлімшедегі науқасты қарап, оған
қажетті дәрілік заттарды және олардың мөлшерін,
қабылдау реттілігі мен енгізу жолдарын
медициналық картаға жазып отырады.
Бөлімшеде 3 күнге жететін
қажетті дәрілік заттар болуы
тиіс. Улы және есірткі заттар
мен этил спиртінің талап
қағазы, штампы бар арнайы
бланкте латын тілінде жазылып,
емдік мекеменің басшысының
немесе емдеу жөніндегі
орынбасарының қолы мен мөрі
қойылады. Бұл қағазда этил
спиртінің концентрациясы мен
препараттың енгізу жолдары
көрсетіледі.
Бақылаушы мейірбике түрлі
дәрілік заттарды, керектісін тез
табу үшін реттеп салады
Дәрілік заттарды енгізу
тәсілдеріне байланысты бөлу
қажет. Барлық ампуладағы
және флакондағы стерильді
ерітінділер емшара
бөлмесінде: шыны шкафтың
бір қатарында – антибиотиктер
мен оның ерітінділері, келесі
қатарында тамшылатып
құятын ерітінді флакондары
200-500 мл, қалған қатарында
А (улы) және Б (әсері күшті)
тізіміне кірмейтін қораптағы
ампулалар (витамин, дибазол,
папаверин, магний сульфат
ерітінділері) тұрады.
А және Б тізіміне кіретін дәрілік заттар арнайы шкафтарда
(сейфте) сақталады. Сейфтің ішкі жағында олардың тізімі
көрсетіледі.
А тізіміндегі дәрілік заттарды(наркотикалық аналгетиктер,
атропин) және Б тізіміндегі заттарды (аминазин) бөлек
жабылатын бір сейфте сақтауға болады
Дәріханада дайындалған залалсыз
ерітінділердің сақталу мерзімі үш күн.
Егер олар осы уақыт ішінде
пайдаланылмаса, жарамсыздық
белгілері (түсінің,мөлдірлігінің
өзгеруі) болмаса да оларды төгіп
тастаған жөн.
Сыртқа және ішке енгізуге арналған
дәрілік заттар бақылаушы
мейірбикенің жұмыс орнындағы
шкафта “сыртқы қолдануға арналған ”
және “ішке қолдануға арналған” деген
жазулары бар әртүрлі сөрелерде
сақталады. Дәріханада дайындалған
сыртқы қолдануға арналған дәрілік
формалардың этикеткасы сары, ал
ішке қолдануға арналғандардың
этикеткасы ақ болады.
Дәрілік заттар қажетті препаратты тез тауып алуға
болатындай етіп орналастырылуы қажет. Бұл үшін
тағайындалуына байланысты жүйелендіріп, жеке
ыдыстарға салған жөн. Мысалы, антибиотиктер
(ампициллин, оксациллин, және т.б.) сыртына
“антибиотиктер” деп жазылған бір ыдысқа
салынады; артериялық қысымды төмендететін заттар
(папаверин, дибазол, раунатин және т.б.) басқа
ыдысқа салынып, сыртына “гипотензивті заттар” деп
жазылады
- Жарықта ыдырайтын дәрілік заттар жарықтан
қорғалған жерде сақталады. Сол себепті оларды
күңгірт флаконда шығарады.
- Күшті иісті дәрілік заттар жеке сақталынады
* Тез бұзылатын дәрілік заттар
(тұнбалар , қайнатпалар,
микстуралар), сондай-ақ майлар ,
вакциналар, сары сулар дәрілік
заттарды сақтауға арналған
тоңазытқышта орналастырылады.
Тұнбалар, қайнатпалар, және
микстуралардың тоңазытқышта
сақталу мерзімі үш күннен
аспауы керек. Мұндай дәрілік
заттардың жарамсыздық белгілері
– лайлануы , түсінің өзгеруі және
жағымсыз иістің пайда болуы.
Майдың жарамсыздық белгілері-
түсінің өзгеруі, қабыршақтануы,
көгерген иістің болуы.
Спиртте дайындалған тұнбалар, ерітінділер, экстрактар
уақыт өткен сайын спирттің булануына байланысты
қоюлана түсетінін ескерген жөн. Сондықтан бұл дәрілік
заттарды тығындары жақсы жабылатын флакондарда
сақтаған жөн.
Сондай-ақ, өз түсін өзгерткен таблеткалар мен ұнтақтар
қолдануға жарамсыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнында,
емшаралық бөлмедегідей сыртқы және ішке
қолдануға арналған А және Б топтағы, сондай-ақ
тапшы және қымбат дәрілік заттарды сақтауға
арналған сейф болуы керек. Сейфтің кілтін өткізу
арнайы дәптерге тіркеледі. Сейфте сақталатын
дәрілер заттардың шығынын есептеу үшін арнайы
журналдар болуы керек. Бұл журналдар сейфте
сақталады және белгілі бір форма бойынша
толтырылады. А және Б топтағы дәрілік заттар
шығынының жылдық есебін аға мейірбике жүргізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
“Мейірбике ісінің негіздері”- Биназаров Н.Д.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz