Медициналық қалдық кластары
Презентация қосу
Медициналық қалдық кластары.
Медициналық қалдықтарды
класына
байланысты жинау,
зиянсыздандыру және сақтау
ережелері
«Медициналық
қалдықтарды жинауға,
зарарсыздандыруға,
сақтауға, тасымалдауға
және көмуге қойылатын
санитарлық –
эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық –
эпидемиологиялық
нормалары мен ережесі
ҚР № 533 23. 07. 2010
бұйрығымен бекітілген
Медициналық қалдықтарды
жинауға зарарсыздандыруға,
сақтауға, тасымалдауға және
көмуге қойылатын
санитарлық-
эпидемиялогиялық талаптар
ережесі мен нормалары
Жалпы ережелер
медициналық қалдықтарды жинауға,
зарарсыздандыруға, сақтауға,
тасымалдауға және көмуге қойылатын
сан-эпид талаптар, сан-эпид ережелер
мен нормаларды меншік түріне
қарамастан жеке және заңды
тұлғалардың орындауы міндетті.
медициналық қалдықтар - медициналық
көмек көрсету және медициналық қол
әрекетін жүргізу үрдісі барысында
түзілетін қалдықтар.
медициналық қалдықтарды көму
әрі қарай қолдануға жатпайтын,
қоршаған ортаға зиянды заттардың
түсуін болдырмау мақсатында
жіберілген және оларды қайтып
қолдану мүмкіндігін болдырмайтын,
зарарсыздандырылған
медициналық қалдықтарды
оқшаулау, зиянсыздандыру.
медициналық қалдықтар қауіптілік
дәрежесі бойынша 5 класына
бөлінеді.
медициналық қалдықтарды
зарарсыздандыру-механикалық,
физикалық, химиялық немесе биологиялық
өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың
қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
медициналық қалдықтарды сақтау-
тасымалдау және жою мақсатында алып
кеткенге дейін арналған жабдықталған үй-
жайларда, контейнерлерде медициналық
қалдықтарды ұстамау.
нысананың жауапты адамдары осы
санитарлық ережедегі үлгі бойынша
журналда медициналық қалдықтардың
санын және сапасын күнделікті есепке
алуды жүргізеді.
медициналық қалдықтарды көлік
құралдарына тиген сәттен бастап
белгіленген жерде оларды қабылдағанға
дейін тасымалдауды жүзеге асыратын
адам олармен жұмыс істегенде
қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:
Қалдықтарды жинау,
зарарсыздандыру.
ЕСҰ аймағында (А класы) және
арнайы ажыратылған
бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы)
медициналық қалдықтарды
контейнерлерде уақытша
сақтау.
Қалдықтар су өткізбейтін қағаз
қаптарда, пакеттерде, металл немесе
пластмасса контейнерлерде жиналады.
Әрбір контейлердің класына қарай өз
түстері бар:
А класы – ақ, Б класы-сары, В класы-
қызыл, Г класы-қара, Д класы –
радиоактивті қауіптілік белгісімен
маркерленеді.
Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін
толтырылады және жұмыс
орнында 1 тәуліктен артық
сақталмайды. Контейнерлерді
тасымалдау үшін арнайы арба
қолданылады.
Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта
қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау,
тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы
қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді
– электрқыздырғыш аспаптарға жақын
қоюға; қалдықтарды қолғапсыз
жайғастыруға.
Б, В класс қылдықтарын уақытша сақтау
бөлмелерінде контейнерлерді жуу,
зарарсыздандыру және таза ыдыстарды
сақтау бөлмелері болу керек.
А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-
шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында
(инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге
қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары,
буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз,
құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.
Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) -
операциялық, реанимациялық және басқа
манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде,
егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-
венерологиялық бөлімшелерде, клинико-
диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші
патогенділік тобындағы микроорганизмдермен
жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы
бөлме, әжетханаларда болады.
В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса
қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ
ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы
микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда,
фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық
инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық
қалдықтар.
Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет.
Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын
пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы
жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін
бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып,
қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады.
Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды.
Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц,
ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады,
жоюға жіберіледі.
Г класының қалдықтары - құрамы
бойынша өнеркәсіпке жақын
медициналық қалдықтар
- диагностикалық, химиотерапевттік,
патологиялық бөлімшелерде,
фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық
лабораторияларда болады: жарамдылық
мерзімі өткен дәрі-дәрмектер,
диагностикалық препараттар, вакциналар,
зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер
және басқа да химиялық заттар, құрамында
сынабы бар заттар, аспаптар және
жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік
класына сай жүргізіледі.
Д класы қалдықтары - радиоактивтік
медициналық қалдықтар - құрамында
радиоактивтік құрауыштары бар
медициналық қалдықтардың барлық
түрлері.
Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер
мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы
керек, тасымалдауды арнайы
дайындалған қызметкер орындайды.
Медициналық қалдықтарды
тасымалдауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
медициналық қалдықтарды тасымалдау
қызметкер мен қоршаған орта үшін
қауіпсіз болуы тиіс.
медициналық қалдықтарды тасымалдау
арнайы оқытылған қызметкермен
жүзеге асырылады.
автокөлік құралының арнайы таңбасы
болуы тиіс. Автокөлік құралында
Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып
тіркелген «Көлік құралына санитарлық
паспорт болу, есепке алу және жүргізу
ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау міндетін
атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі №
349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі
санитарлық паспорты болуы тиіс.
А класының медициналық
қалдықтарын тасымалдау кезінде
қатты тұрмыстық қалдықтарды
тасымалдау үшін пайдаланылған
автокөлік құралдарын пайдалануға
жол беріледі.
Медициналық қалдықтарды
уақытша сақтау және жою
жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
контейнерлерді орнатуға арналған
ашық алаңқайдың беті
асфальттанған болуы және автокөлік
құралының жүруіне және тиеп-түсіру
жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы
болуы тиіс
контейнерлерді орнатуға арналған
ашық алаңқайлар емдеу
корпустарынан 25 м және ас
блоктарынан 100 м кем емес жерде
А, Б, В класына жататын қалдықтар
түзілген орнында бір тәуліктен
аспайтындай, ал уақытша сақтайтын
арнайы алаңқайдағы контейнерлерде
немесе үй-жайларында қалдықтарды
сыйымдылықтарында 3 тәуліктен
аспайтындай уақытта сақталады. Б
класының биологиялық қалдықтары
сондай-ақ тағам қалдықтары + 5˚С-тан
аспайтын температурада сақталады.
А, Б, В класының медициналық
қалдықтарын нысанның аумағы
бойынша сақтау және
тасымалдау аузы тығыз
жабылатын көп реттік
қолданылатын контейнерлерде
жүзеге асырылады. В класының
қалдықтарын жою басқа
кластағы қалдықтардан бөлек
жүзеге асырылады.
Қалдықтарды аумақтардан
шығару контейнердің 3\2 бөлігі
Г класының медициналық
қалдықтарын сақтау осы мақсат
үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-
жайларда жүргізіледі
нысанның аумағында медициналық
қалдықтарды жою бойынша
қондырғы болмаған жағдайда А, Б,
В класының медициналық
қалдықтарын шығару күнделікті
жүргізілуге тиіс.
Б класының медициналық қалдықтары
(матералдар мен аспаптар,
пациенттерден бөлінген бөлінділер,
микробиологиялық зертханалар мен
виварийлердің медициналық
қалдықтары) осы санитарлық
ережелердің 5 тарауына сәйкес
жүргізілген дезинфекциядан кейін
полигонға шығарылады.
Г класының медициналық қалдықтарын
көму қалдықтарға арналған
полигондарда жүзеге асырылады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz