Дебиторлық берешек есебі және оның түрлері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Презентация

Тақырыбы:Дебиторлық берешек есебі

Shymkent 2022

Орындаған:Сапыбек Мадина, Сапарәлі Жәнел

Тобы:Эф20 5кт

Қабылдаған:Тулебаева Венера

Slide 2

Дебиторлық берешек-сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

Slide 3

Күмәнді талаптар - ҚР-ң заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ ҚР-да тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар- резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және ҚР-ң заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.

Slide 4

Міндеттеме -бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Slide 5

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырылады: - ақшалай қаражат төлеу; - активтерді табыстау; - қызмет ұсыну; - міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру; - міндеттемені капиталға аудару.

Slide 6

Банк қарызы - бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі. Банктен тыс мекемелерден қарыз алу - «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немее материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер және әр қилы жұмыс орындаушылар жабдықтаушылар мен мердігерлер болып табылады.

Slide 7

Дебиторлық қарыздар және оның түрлері

Ақша қаражаттары және ақша қаражаттарының баламаларымен қатар өтімділігі жоғары

болып саналатын активтің тағы бір түрі ол дебиторлық борыштар және алынуға тиісті

вексельдер болып табылады. Алынуға тиісті шоттар өз құрамына тауарлар, ақша

қаражаттары, қызмет көрсетулерді қосады. Дебиторлық борыштар төлену мерзіміне

байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болады. Дебиторлық борыштар шот фактурамен

расталады. Алынуға тиісті вексельдер ресми ұзақ міндеттемелермен расталады.

Сатуға арналған дебиторлық борыштар - бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесінде тауар және

қызмет көрсету үшін сатып алушылардың төлейтін міндеттемесі. Саудаға арналмаған

дебиторлық борыштар қатарына:

«Шығындарды жабуға арналған депозиттер»

«Жұмысшылардың дебиторлық борыштары»

«Алынуға тиісті дивидеттер және пайыздар»


Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешек: есеп, жіктелуі және басқару
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің бухгалтерлік есебі мен аудиті
Қысқа мерзімді активтер, ақша қаражаты және дебиторлық берешек: бухгалтерлік есеп және ХҚЕС 7 талаптары
Дебиторлық берешекті аудит: есеп жүйесі, жіктелуі және ішкі бақылау
Дебиторлық қарыздарды есептеу және күмәнді талаптарды бағалау әдістері
Маманның сөйлеу мәдениеті және банктік бағалы қағаздар мен дебиторлық қарыздардың жіктелуі
Капитал және резервтер есебі: жарғылық капитал, эмиссиялық кіріс, резервтер және бөлінбеген пайда
Қаржылық инвестициялар: анықтамасы, түрлері, тәуекелдері және бухгалтерлік есебі
Банктік несиелік операциялардың түрлері, қамтамасыз етілуі және бухгалтерлік есебі
Меншікті капитал мен резервтердің құрылымы мен бухгалтерлік есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz