Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
«Жалпы хирургия» кафедрасы

Орындаған: Әзімбайқызы Э.
Топ:ЖМ-005
Тексерген:Турсынбаева Г.А.
Түркістан-2022
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Жаралардың жергілікті және жалпы белгілері.
2.Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу.
3.Жараға тігіс салу.
4.Жараға салынған тігістің алыну техникасы.
5.Емдеуде қолданылатын дәрілер
IІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың
кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген,
мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан
Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген
Жараны тесілген жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда
болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып
тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі жараны кездейсоқ жара деп
атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым-жырым
болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек,
жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы
мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне,
адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
Жазылуы дәрежесіне қарай:
Қорытынды
Нормалар
Алғашқы көмек
Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды
уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің
алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен
тазалау) болып есептеледі.Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы
жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді
қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен
кескен мақұл.Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған
дұрыс.Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын
жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді.
Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда
еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу
мекемесіне апару қажет.Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген
жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру
және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау,
жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет.
Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу
мекемесіне жөнелту керек.
Жараны тазалау.
Жара бетін тазалау және бірден тігу жолы. Жара
кішігірім болғанда (сырылу т.б.) немесе көрінерлік
ластанбаған жағдайда, шеттері тегіс болып кесілген
жарада және тереңде жатқан тіндерді және мүшелерді
жарақаттанбаған науқастарға жараның беті тазаланып
бірден жіп салынады. Бұны бірден тігу деп
аталады.Жараның айналасындағы жүн қырылады,
теріге спирт сүртіледі және йод ерітіндісі жағылады.
Егер науқаста тек тері сыдырылған болса, онда
асептикалық таңғыш қойылады. Бұл жағдайларда
бактерицидтік қасиеті бар БФ – 6 желімін қолданып
және таңғыштың қойылмауы мүмкін
Алғашқы хирургиялық өңдеу

Жараны алғашқы хирургиялық өңдеудің негізіне жаншылған жиектері және түбі
сау тіндерге дейін (1,5 – 2 см) касіп алынып, жара асептикалық жараға
айналады.Алғашқы хирургиялық өңдеу жараның ауырлығына байланысты,
жергілікті немесе жалпы жансыздандыру шаралары жүргізіледі. Жараны тазалау
уақытында қан ағу біржолата тоқтатылады. Шеттерін жақындату үшін тері астына
кетгут жіптерді және жібек жіптер теріге салынады. Жараның шетіне
антибиотиктерді жіберуге болады. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу
жарақаттанғаннан кейінгі бірінші сағаттарда істелінеді. Антибиотиктерді
асқазаннан, ішектен тыс қолдану, оны едәуір кеш уақыттарда (бір тәулікке
дейін) істеуге мүмкіншілік бар. Жараның ішінде қалта пайда болғанда және
инфекцияның өсіп – өну қапі болса, онда жара түбіне резеңкелі түтік қойылады,
шетін жақындататын тігістер қойылады немесе жара кешірек тігіледі, жараға
асептикалық салфетка салынады. Ісіну құбылыстары жоқ болса, жараны тігу 3 – 5
тәуліктен кейін (бірінші кешіктірілген тігіс) салынады. Жараның ініңдеу
жағдайларында, оны қабыну өзгерістері басылғаннан кейін тігуге болады. Осы
уақытты жас тамырлар (грануляция) пайда болады. Олар кесіп алынады және жара
тігіледі, бұны екінші кешіктірілген тігіс деп атайды.Беттің, тілдің, қолдардың
қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне байланысты жараның шеттері аз ғана етіп
кесіледі, жіппен тігіледі және керек болса қозғалтпау құрсаулары салынады.
Жараға ауғашқы хирургиялық өңдеу жасалғаннан кейін, ондағы жара жақсы
жазылса 7 – 8 тәулікте жіптері шешіледі.
Емдеуде қолданылатын
дәрі дәрмектек
Қолданылған әдебиеттер
Қ.Д.Дурманов «Жалпы хирургия» Алматы .
А.Нұрмақов “Хирургия” Алматы
В.К.Гостищев «Жалпы хирургия»
Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Қойдың бөксе 1. Жара процесінің аумағындағы іріңді, биологиясымен жараларды танысу
Жараны хирургиялық жолмен емдеу
Медициналық жабдықтар
Антисептика. Жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешені
Артқы тесіктің қысқарылу себебі
ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
Антисептика
ХИРУРГИЯЛЫҚ СЕПСИС
Газды гангренаның таралуы
Пәндер