Соқырлар - көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар




Презентация қосу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тақырыбы:Көруі бұзылған
балалардың психикалық
ерекшеліктері
Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселесін зерттейтін ғылымды – тифлопедагогика деп атайды
Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика
ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі
саласы. Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады.
Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік
тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің
кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен
И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімі. Сондай-ақ
тифлопедагогика тифлопсихология, патофизиология, педиатрия,
психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты.
Көру кабілетінің зақымдалуы туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Туа
біткен сокырлықтың пайда болуына ұрықтың құрсақішілік дамуы кезіндегі
зақымдануы немесе ауыруы, болмаса көздің кейбір мүкістіктерің тұқым
қуалаушылық салдары себеп болады. Жүре пайда болған сокырлық әдетте көз
органдарының - ішкі тор қабығы, мүйізгек кабығы ауруларының, орталық
жүйке жүйесінің зақымдалуының (менингит, ми ісігі), организмнің жалпы
аурулары асқынуларының (кызылша, тұмау, қызамық), мидың немесе көздің
жарақаттануларының нәтижесі болып табылады. Көз талдағышының үдемелі
(патологиялық процестің әсерінен көру қызметтерінің бара-бара нашарлауы)
және үдемелі емес (астигматизм - көздің сыну кабілетінің нормадан ауытқуы,
көз фиксациясының жоқтығы, катаракта - көзбұршақтың бұлдырлануы)
бұзылыстары болады.
Туа біткен көру кабілетінің зақымдалуы психикалық дамуының көзі көретін
балалардын дамуына сай, бірак көзбен шолып бағдарлануының жоқтығы
қозғалу аясына, әлеуметтік тәжірибесіне көбірек әсер етеді
Көзінің зақымдану ауырлығына қарай соқырларды екі категорияға бөледі:

Көрмейтіндер (зағип) Нашар көретіндер
Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру
түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және
практикалық соқыр болып бөлінеді..Абсолюттік соқырлар бұл екі көзі соқыр
көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі
болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп
қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз
да болса саңылау болады.
Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре
алатын тұлғалар.Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-
әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын
алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс
қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің
қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу
әлеуметтік комуникациясы бұзылады.
Көру ақаулығы бар балаларды мемлекет жүйесінде арнайы білім
беру және тәрбиелеу аркылы ерекше қажетті жағдайда білім беру ,оқыту
барысында принциптер негізінде іске асыралады
Соқыр және көзі нашар балаларды оқытуға арналған мектеп мынандай
қызметтерді орындайды:
оқу –тәрбие, түзету , дамыту, санитарлық-гигиеналық, емдеу –
қалпына келтіру, әлеуметтік-бейімделу,бағдарлау.Бұлар көруі
бұзылған балаларды қалыпты тәрбиеге келумен оларды қоршаған
ортамен бұзылған байланыстарын қалпына келтіру қамтамасыз етеді.
Арнайы мектеп 3 сатыдан тұрады. 1-бастауыш ,2-негізгі ,3-орта мектеп
сатысы.Мектептің сатысы балалардың дамуының 3 кезеңіне сәйкес
келеді, балалық, жасөспірім, жастық.
Бастауыш мектеп оқушылары оқу қызметінің іскерлік дағдыларын
жинақтай отырып ,теориялық ойлау элеметтерін меңгереді ,жеке
басының гигиенасының негізін,өзіне-өзі қызмет көрсете білудің
тәсілдері мен жолдарын білуді үйренеді .Оқыту жұмысы арнайы жоспар
бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Негізгі сатыда білімдерін жалғастыра отырып ,қоғамдық өмірге толық
түрде қамту, еңбек етуге әзірлеу.Танымдық жеке тұлғалық, денсаулығын
нығайту ,көруін сақтау және қорғау бойынша түзету жұмыстары
жалғастырыла түседі.
Орта мектеп сатысында жалпы білім әзірліктерін жинақтау, қоғамдық
өмірге белсенді түрде қатысуға, қоғамға пайдалы еңбек етуге
қызығушылық, факультатив сабаққа қатыстыру, арнайы дәптерлер
пайдалану.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Көру кемістігі бар балаларды психологиялық педогогикалық сипаттамасы
Көз жарақаттары
КӨРУІНДЕ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Нашар көретін балалар
Алыстан көру
Көру қабілеті зақымдалған балаларға көмек көрсетудің психологиялық - педагогикалық негізі
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Дамуында ауытқушылығы бар балалар категорияларының жіктелуі
Пәндер