Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастырудың мәні


Slide 1

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастырудың мәні

Орындаған 1 курс логопедия магистранттары:

Ержанқызы Б.

Тексерген: PhD, аға оқытушы Ережепов Т.

Slide 2

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады (сурет 1) .

Ғылыми баяндамалар- аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Slide 3 Slide 4

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ) айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, институт қызметкерлерінің жетекшілігімен ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек

Slide 5

Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады. Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2] .

Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады

Slide 6 Slide 7

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т. б жазумен аяқталады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.

Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі -оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі- білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру.

Slide 8

Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:

мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;

- өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;

- студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;

- жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу.

Slide 9 Slide 10

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талапттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс аймақтық, республикалық байқауларға жіберіледі.

Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады.

Slide 11

Жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді бар:

студенттің теориялық білім деңгейін арттырады;

теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді;

студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;

озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;

талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;

мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.

Slide 12

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

ғылыми қызметке талабы бар студенттерді анықтау;

- ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;

- жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектесу;

- ғылым мен техниканың түрлі саласында қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;

- педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;

- ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған әлеуетін біріктіру.

Slide 13

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

пәндік жарыс пен сайыс ұйымдастыру және жүргізу;

студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысына;

түрлі деңгейдегі ғылыми-техникалық баяндама дайындау және қатысу;

республикалық және халықаралық конференцияға қатысу;

студенттер жұмысымен республикалық конкурсқа қатысу;

ғылыми мақала мен тезис дайындау және жариялау;

курс жұмысы мен диплом жобасы сайысын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;

мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;

Slide 14

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар Зерттеудің құрылымы және қисыны

Зерттеу проблемасымен танысу. Оның өзектілігін негіздеу, зерттелетін пәннің мақсатын, міндетін анықтау;

Негізгі теориялық ережелерді, әдістерді, біртекті ойды таңдау;

Зерттеу болжамын құру;

Зерттеу әдістерін таңдау, тәжірибе жасау;

Түрлендіру және өңдеу, қорытынды жасау;

Тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Slide 15

Тақырыпты негіздеуге қойылатын талаптар

Жұмысқа кіріспестен бұрын, алдымен зерттеу тақырыбына қатысы бар ғылыми әдебиетпен танысу және зерттеудің ғылыми аппаратын жасау керек.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу қажеттілігі;

Тәжірибеде бар және ғылымдағы сұрақтарды өңдеу деңгейі арасындағы қайшылықтарды шешудің жолын іздеу;

Ғылыми ізденісті қолдану, яғни зерттеу мақсаты;

Болжам - проблемада қалыптасқан сұраққа болжамды жауап беру;

Зерттеу міндеттері - зерттелетін тақырыптың мәнін ашу, мақсатқа жету үшін міндеттерді шешу;

Зерттеу әдісі мен процедурасы - әдістер қолдану арқылы тапсырмаларды шешу жолдарын қарастыру.

Алынғна нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.

Slide 16

Зерттеу әдістері

Бақылау - айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашкы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады.

Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау үшін зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

Анализ дегеніміз - объектіні бірнеше кұрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттык элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін.

Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің кез алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектиқалық бірлігін көрсетіп береді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары
Мақсатына қарай білім мен жаңа білімді дағдыларды жаңа білімді бекіту
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу практикасының жұмыс бағдарламасы
Курстық тақырып бойынша зерттеулер кезеңдері
Кредиттік оқыту жүйесі
Оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістері
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Лабораториялық жұмыстар
ТІЛДІҢ УНИВЕРСАЛДЫ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz