Қазақстандағы ерте диагностика және түзету-педагогикалық көмектің жүйесі: скрининг деңгейлері мен әдістемелік қағидалар


Slide 1

Ерте диагностика жағдайы туралы

Жетекші: Жиенбаева Н. Б.

Магистранттар:.

Ержанқызы Б.

Slide 2

Қазіргі уақытта ҚР-да даму мүскіндігі шектеулі ерекше білім беруді қажетсінетін балалар саны өсуде. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтарын ескеріп, дамуында ауытқушылығы бар балалардың санын азайтудың және олардың әлеуметтік бейімделуін көтерудің ең тиімді және ең жарамды жолы - ерте түзету мен дамытудың әлеуметтік жүйесін ұйымдастыру. Неғұрлым ерте түзету ықпалының маңыздылығы баланың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ерте балалық кезде мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың, жасөспірімдердің, ақыр аяғында ересектердің денсаулық дәрежесі қалыптасады. Бұл жаста ағзаның барлық қызметтері қалыптасады, ең алғашқы әлеуметтік байланыстар жүреді. Осы кезеңде жас балалар қолайсыз және әлеуметтік ықпалдарға халықтың ең сезімтал контингенті болып табылады.

Ерте диагностика маңызы

Slide 3

С. Выготскийдің идеяларына сәйкес, дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабілеттерін бағалаған кезде ең алдымен назарды оның сақтау қызметтеріне аудару керек, оларды белгілі бір өтемақы және әлеуметтік бейімделу жағдайына жету үшін пайдалануға болады. Ерте жастағы балалардың және бөбектердің педиатриясы, психологиясы, физиологиясы және патофизиологиясы салаларындағы заманауи көзқарастар дамудың ерте стимуляциясы методологиясының іргетасы болып табылды.

Slide 4 Slide 5

Жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері

II деңгей - психофизикалық дамуға ПМПК-да терең зерттеу жүргізу. Екінші кезең зерттеуін әртүрлі мамандар бірлесіп жасайды. Мамандар пәнаралық зерттеу нәтижесінде баланың психофизикалық даму барысына баға беріп, әлеуметтік бейімделу дәрежесін анықтайды.

I деңгей - балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларға скрининг өткізу. Ерте жастағы айқындау жұмысының туу мекемелерінде өткізілуі жұмыс тиімділігін арттыра түседі. Алайда, жаңа туылған нәрестелік кезде анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге сай генетикалық және әлеуметтік факторлар ауытқулар ретінде көрініс таппайтындығын ескерген жөн. Сондықтан скринингтің келесі кезеңі алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі. Скрининг белгілі жас кезеңдерінде қайталануы тиіс.

Slide 6

IV деңгей - ерте жастағы түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру. Бұл деңгей жұмыс барысында алынған мағлұматтарды жүйелеу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын өткізу, түзету жұмыстарының барлық бағыттарын жетілдіруді қамтиды.

V деңгей - мемлекеттік-құқықтық қамсыздандыру. Қазақстан республикасында денсаулықты сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған орталықтанған мемлекеттік басқару мекемелері жұмыс істейді. государственно-правовое обеспечение. Бұл мекемелердің құзырына мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және түзету-педагогикалық көмек көрсету жатады. Балаларға көрсетілетін мелекеттік түзету-педагогикалық көмек республикалық және жергілікті қаржыландыру мен әртүрлі қорлар мен мекемелер көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Slide 7

А. Қ. Ерсарина ПМПК-да балаларды ерте жаста психологиялық зерттеу мен диагностикалық-кеңес беру жұмыстарының мазмұны мен принциптерін анықтады. Бұл жұмыс мазмұны мен негізгі принциптері қазіргі кездегі Қазақстан республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жаста айқындау жүйесінің негізі болды. ПМПК-ның диагностикалық-кеңес беру жұмыстары пәнаралық және отбасына орталықтанған бағыттар негізінде ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар А. Қ. Ерсарина «Бала дамуына ерте жаста скринингтік аттестация жасау» әдісін қарастырған.

Аталған әдісті сынақтан өткізу барысында оның тиімділігі мен болжамдық құндылығы анықталды. Бұл әдіс бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларды анықтау үшін қолдануға берілді

Slide 8

А. Қ. Жалмухамедова ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру процессін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандырудың әр түрлі жолдарын ұсынды .

Ерте жаста кірігу бағдарламасын жобалау барысында баланың психикалық қызметтерінің әлеуметтік көрінісін, бала дамуының жүйелік құрылымы мен қарқындылығын есепке алу тиіс.

2. Бағдарламаның жобалау бірлігі іс-әрекет ерекшеліктерімен анықталған баланың стандартталған жас кезеңі болып табылады.

3. Педагогикалық түзету жұмысының құрылымы мен мазмұныны анықтайтын даму профилін қолдану жұмыстың негізгі принципі жеке-жіктеу бағытын ұстануға мүмкіндік береді. Яғни түзете-дамыту көмегі баланың жеке қажеттілігін өтеуге бағытталады.

4. Жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшеліктеріне сай аффективті, ақыл-ой және қимыл-қозғалыс қызметтерін ынталандыру арқылы онтогенездік реттілікті қамсыздандыру керек.

5. Ерте жаста кірігу бағдарламасы вариативті, пәнаралық және отбасына жұмылдырылған сипатта болуы тиіс.

Slide 9

Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету барысында олардың психологиялық даму деңгейіне сай төмендегі ерекше дидактикалық принциптерді қолдану қажет:

Онтогенетикалық принцип: түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлап, іске асыру кезінде бала дамуындағы ақыл-ой және жеке бастық қасиеттердің жасқа байланысты өзгеріп отыруын ескеру қажет.


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың әдістемелік, диагностикалық және түзету жұмыстарының жүйесі
Пренатальды диагностика және тұқым қуалайтын патологияның алдын-алу: биохимиялық скрининг, инвазивті және инвазивті емес әдістер, предимплантантты диагностика
Ерте жастағы аутизм синдромы бар балалардың психологиясы және түзету-педагогикалық әдістері
Ақыл-ойы кемістігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмектің ерекшеліктері мен түзету бағдарламасы
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы білім беру жүйесі: ерте анықтау, түзету және оқыту әдістемелері
Тәрбие әдістері: түрлері және педагогикалық-әдістемелік қағидалар
Арнайы мекемелердегі психологиялық-педагогикалық түзету жұмысы: ППТК пен ПМПК қызметі, диагностика және жеке дамытушылық бағдарламалар
Скрининг бағдарламасының нәтижелерін критикалық талдау
Тұйық және тұтығатын балалармен коррекциялық жұмыс әдістемесі: диагностика, түзету және отбасы-педагогикалық қолдау
Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек оқушыларға арналған мектептің әлеуметтік төлқұжаты мен түзету-педагогикалық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz