Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері


Slide 1

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері

Тексерген:Ербулатова А. К

Орындаған:Қаржаубай Н

Қаржаубаева А

Slide 2

Жоспар:

1. Отбасы тәрбиесі 2. Отбасы тәрбиесінің ерекшкліктері

3Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру

Slide 3

Глоссарий: Отбасы-бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Тәрбие- тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бала-әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” (ҚР Конституциясы 27-бап) .

Slide 4

Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында, ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процесінің жалпы атамасы әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамдардың тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы 1 жағынан - тіршілік қорғаушы болса, 2-ші жағынан - тәрбиелік орта зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыған педагогтар нақты да дәлел тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелігі ең алдымен отбасыға тәуелді.

Slide 5

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам - бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері.

В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін

назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.

Slide 6

Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.

Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады.

Slide 7

Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

үздіксіздік;

тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;

тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;

тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз) ;

қарым-қатынастың жекелігі;

өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;

Slide 8

Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.

Slide 9

Отбасылық тəрбие дегеніміз - ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

сендіру

тіршілікті ұйымдастыру

түзету

марапаттау жəне жазалау

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен) .

баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.

педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Ата-ананың отбасы - əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т. б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі. Əйел мен еркектің əлеуметтік рөлдері жүйесінде алға түпкілікті қадамдар жасалды. Əйелдің еркіндік алуы жəне оның өндірістік қызметке араласуы оның қоғамдағы жəне отбасындағы рөлін көтерді, сонымен бірге ана мен əке рөлдерінің дəстүрлі бөлінісін жойды. Қазір отбасында рөлдердің бөлінуі жұбайлардың жынысына емес, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы алғанда, бұл алға аяқ басу - биархатты отбасы тұрақтырақ жəне ондағы психологиялық климат жақсы. Алайда бұл да келіспеушілік туғызады. Əсіресе қазіргі күні балаларды тəрбиелеуде əкенің рөлі күрделі болып отыр [1] . Барлығына белгілі, отбасы адамзатты бірегей əлеуметтік құрушы болып табылады. Болашақ əлеуметтік білім ретінде, отбасының белгілі əлеуметтік функциялары бар, оның өмір сүруінің қоғамдық қажеттіліктері ретінде, сондай-ақ отбасы мүшелерінің дербес қажеттіліктері де бейнесі болып табылады. Отбасының бейнесі əлеуметтік институт ретінде, əлеуметтік нормаларда, жұбайлардың, ата-аналардың, балалардың жəне басқа да туысқандардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші санкциялар мен ұстаным үлгілерінде тұжырымдалған. Соңғы онжылдықта ата-ана мен балалардың қарым-қатынастары терең жəне бір-біріне бауыр басқандықпен анықталады, себебі көптеген адамдар үшін балалар негізгі құндылықтардың бірі болып келеді. Бірақ, бұл қазіргі отбасының қарым-қатынасын қиындатады. Мұндағы себептер, ата-аналардың əдеттегі мінезқұлқы өзгеруде. Əке - экономикаға қатысты отбасының басшысы емес, бұл қызметтерді анасы жиі орындайды, жұмыс істемейді, бұрынғыдай ата-ана билігінің беделі емес. Оған ауысымға ата-ананың жеке беделі келеді. Қазіргі уақытта балалар ата-аналарынан гөрі жақсы білім алған, уақытының көп бөлігін отбасынан тыс өткізуіне мүмкіндігі бар, демек, өмір сүрудің басқа саласында. Барлығы аз бақыланатын жəне жүзеге асырылатын ата-аналарының қарсылығы болды. Кейде ата-аналар өздері де нені болатынын, неге тыйым салу керектігін білмей қалады. Бұл балаларға қатысты əкесі мен анасының тəрбиедегі əлеуетін жиірек драматикалық жасайды. Бүгінгі отбасында дағдарыс құбылыстары дамуда. Бұл отбасының тұрақсыздығына да əсер етеді, оны іріткі салуынан көруге болады, онда күйеу мен əйел бір-бірін түсінбейді, ол баланы тəрбиелеуге ортақ жолды таба алмайды деген сөз. Іріткі салынған отбасыларда ережеге сəйкес, баланың қалыпты əлеуметтенуі мен дербестіктің дамуы үшін қажетті жағдайлар жоқ. Бұған социологтардың, психологтардың, педагогтардың, құқықтанушылардың, отбасымен жұмыс істейтін тəжірибешілердің ғылыми зерттеулерінің деректері куəлік етеді. Отбасымен жұмыс істеу қазіргі кезеңде қиындады жəне нысандар мен əдістерді, жаңа көзқарастарды талап етеді. Отбасының балаларды тəрбиелеу қызметі күрделі бұзылған, ол күн көруге ақша іздеу, өмір сүру мəселесімен басылып қалған, отбасының маңыздылығы шайқалды. Балалар мен ата-ана қарым-қатынастары барынша аз шамаға дейін жиылып тасталған. Бұның себептерінің бірі қазір Қазақстан, басқа да көптеген кеңес кезіндегі мемлекеттер тəрізді, Батысқа теңеседі. Бұл дұрыс емес, себебі біздің дəстүрлеріміз, мəдениеттеріміз бір-біріне ұқсамайды, біздің тіліміз басқа. Бұл қазіргі уақыттағы өте өзекті мəселе, қазір ерекше орынды - адамды құрастыру мен тəрбиелеудің маңызды ортасы ретінде отбасын бекіту


Ұқсас жұмыстар
Ана тәрбиесі
ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖАЙЛЫ
Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары
Отбасы тәрбиесінің негізі
Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТӘРБИЕСІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
ҚАЛА МЕН АУЫЛДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
Бала тәрбиесіндегі Отбасы рөлі
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие
Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz