Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Презентация қосу
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК-ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР»
КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:Мәдениет рәміздері және олардың
мәдени комуникациялық маңызы
КЕЙ
С
Орындаған: Өсербай
Әділ
Қабылдаған:
Жоспар
Коммуникациялық рәміздерді
семиотикалық талдау
Қазақ этномәдениеттіндегі
коммуникациялық бастаулар және
олардың рәміздік таңбалық нысандары
Дәстүрлі қазақ мәдениеттіндегі
коммуникaциялық рәміздер
Кіріспе
Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер
шарындағы халықтардың айтарлықтай бөлігіөзінің тілінен, ұлттық
ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі,
ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде
өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек
күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі
коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне
классикалық талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық
тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық
жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы
түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған
тұоғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума
белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің
көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным
арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін
мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де
құндылығын мойындамау болып табылады.Ұлттық рәміздер Елтаңба
мемлекеттік
Байрақ, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны белгілі.
Оларда ұлттық болмыс пен мәденидаму бағдарлары стратегиялық
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген,
сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі
мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның
мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің
жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін
танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе
мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып
отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай
ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың
жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір
азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар
мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы
қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше
екені даусыз.
«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен
Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қай үлттан
шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің
ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір
азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына,
алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің
мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің
күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім
берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір
отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау
керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның
мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын
деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» -
дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге
келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің
ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген
еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол
ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор
мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз
тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4
маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР
Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік
әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи
заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш
етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің
рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы
4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың
түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік
пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым
тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек
гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық
сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге
құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ
басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа
да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп,
Әнұран орындалады. Қазақстандық патриотизм елдің нағыз
патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты,
біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше
құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын
ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының
құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді,
халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды
жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың
дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан»,
«атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс»,
«адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық
пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті
жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен -
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың
мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына
өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан
басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл
міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына
қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден,
заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала
кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты,
мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей еткен жөн» - дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне
айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы
ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар.
Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік
туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік
әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол
қойды.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік тұтастық
идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей
белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі
бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша
арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін
белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-
тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады.
Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай
мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы
мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен
жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси
тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш
кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ
хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің
мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар.
Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің
пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі
дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте
әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ
қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші
кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл
деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын
тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда
болуы, төртінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық
герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік
елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда
пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол
кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына
байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.
Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің
тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық,
мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың
әрқайсысының өз таңбасы болды.
Қорытынды
Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рәміздер мен
дүниетанымдық ұстанымдар арқылы тұтастанатыны белгілі. Алайда бұл
бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. Қазақтың
дәстүрлі мәдениеті дәуіріндегі адам мен дүние қарым-қатынастары
туралы тікелей әдебиет болмағанымен, осы мәселенің кейбір жақтары
Қ.Ш.Нұрланованың, Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.Шаханованың, Г.
Шалабаеваның, Ә.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж.
Молдабековтың, Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың
және тағы басқа зерттеушілердің ғылыми нәтижелерінде XV ғасырдың
екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мәдени
өзгерістері, олардың рәміздік суреттемелері зерделенген.
Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік
хронологиясы жатады және ол өзінің рәміздік көп мағыналығымен көзге
түседі. Белгілі философ Ю. Хабермас индивидуалдық коммуникацияның
әр мәдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай қасиеттеріне
назар аудару қажет деген: а) жеке адамдардың қарым-қатынасқа түсу
қабілеттілігі: ә) өзіндік меннің бар болуы және оған сүйену; б) моральдық
жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда индивидуалдық дискурс жүре
алады
Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар
1) Қазақ би-шешендерінің дүниетанымы және философиясы.
Жиырма томдық. 9 – том. м Құраст. Молдабеков Ж.Ж., Раев Д. –
Астана: Аударма, 2007. – 450 б.
2) Асанқайғы, Тоған, Абат. Мұрын жырау нұсқасы // Батырлар
жыры. – Алматы, 1990. – 6 т. – 49 б.
3) Адамбаев Б. Шешендік сөздер. – Алматы: «Жазушы», 1990. – 321
б.
4) Қазтуған. Мұрын жырау нұсқасы // Батырлар жыры. – Алматы,
1990. – 6 т. – 73 б.
5) Құл-Мұхаммед Р. Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени құндылық
бағдарламаларының типологиясы. – Алматы: Атамұра, 2000. – 32
б.
6) Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия – Алматы: Ана
тілі, 1993. – 176 б.
Абай // http: //www. abay. nabrk. kz/index.php?page=content&id=149.
7) Молдабеков Ж. Ж. Тектілі тұрағы – тұлғалыққа тірек // Адам
әлемі. – № – 1999. – 12-17 бб.
ТЕСТ
1.Аксиология –дегеніміз не?(а)
А)құндылықтар ілімі
Б)мәдениет туралы ілім
С)конфликт туралы ілім
2.Архетип –дегеніміз не?(с)
А)мәдениеттану
Б)алға қадам басу
С)алғашқы үлгі, түпнұсқа.
3.Мәдениет –дегеніміз не?(б)
А)адам психикасы
Б) адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының
бәрін түгел қамтиды.
С)қорқыныш, стресс
4.Мәдениет құрылымы – дегеніміз не?(а)
А)жекелеген артефактілердің түрі мен құрылысы қарастырылатын мәдениет
туралы ғылым атауы.
Б)стреске түсу, қорқынышқа дол беру
С)қиыншылықтарға төтеп беру
5)Мәдениеттану — дегеніміз не?(а)
А)мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім.
Б)адам жан дүниесі туралы ілім
С)қоғамдағы мәселелер туралы ілім
Сұрақ жауап
1.Мәдениеттер сұхбаты концепциясы — дегеніміз не?
мәдениеттанудың бастаушысы.
2.Рухани мәдениет –дегеніміз не?
өркенді рухани құндылықтар жиынтығын тиісті мәдени – ағарту мекемелерінің
құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының
нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі.
3.Өркениет — дегеніміз не?
мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы.
4.Эволюция - дегеніміз не?
өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.
5.Алғашқы қауымдық мәдениет дегеніміз не?
тарихи мәдениет топологиясы бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы.
Көне, ежелгі архайкалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада
қолданылады. Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту
мүкіндігін туғызды.
6.Материалдық мәдениет дегеніміз не?
қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа
да14
материалдық байланыстардың жиынтығы.
7.Семиотика — дегеніміз не?
таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін
салалардағы табиғаттағы жануарлар дүниесіндегі коммуникация
немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы
қабылдау, логикалық пайымдау ақпараттың сақталуы мен қабылдануына
қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы
мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.
8.Этика дегеніміз не?
(грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық
құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин
және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен
алады.
9.Антикалық мәдениет-дегеніміз не?
(лат.antiquus ежелгі) Ежелгі Грек Рим мәдериеттерінің б.з.д . XII-I ғғ. қамтитын
дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының,
тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениеттілігінің ең басты
ошақтарының бірі деп есептелінеді.
10.Номадизм -дегеніміз не?
[грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды
интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың
шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен
ерекшеленетін)
15 аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz