Абылай хан есімізде




Презентация қосу
Абылай хан
Орындаган 9 «В» сынып оқушылары
Абылай хан
• Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр)
— 1771—1781 жылдар аралығында
билік құрған Қазақ хандығының 18-
ші ханы. Қазақ Ордасының
тарихындағы ең ұлы хандардың
бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін
қалаған Орда Ежен ханнан бастау
алады. Абылай онымен қоса Ұрыс
хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан
сияқты билеушілердің тікелей
ұрпағы. Абылай хан қазақ
тарихындағы бірегей тұлға
Кенесары ханның атасы.
Бала шағы

• Абылай – Жәңгір ханныңбесінші ұрпағы, Рахметтің
досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі
ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке
отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті
билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына
барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-
жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр
болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан
көркемУәлитуады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін

қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан
шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін
Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан
жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле
биоған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін
бақтырады.
Жоңғар агрессия

• 1730-33 жылдар аралығында болған бір
ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып,
қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан
Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде
күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен
әкесінің аруағын шақырып, жауға •
Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті
ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп
танылып, қазақ даласындағы ең беделді
әміршілердің біріне айналады. Бұдан
соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып,
Абылай атанады.
Әбілмансұрдың Абылай атануы

• 1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салды.
Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде
Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен
көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен
бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы
хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ
жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық
асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп,
намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – жектерге қазақ батырларын
шақырады. Сондай жекпе – жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан
екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының
жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға
ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты
батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! – деп айбар шегеді. Осы кезде
Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол майданға
шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын шауып түсіріп: «Жау қашты, жау
қашты!»
Шайқас
Цин әскеріне қарсы
соғыс
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ
қолы жоңғар басқыншылырына
бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж.
Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға
түседі. Сол кездегі ойрат
басқыншыларына қарсы күрестің ең
белсенді ұйымдастырушыларының
біріне айналған Абылайдың жау
қолына түсуі қазақ қоғамында
абыржушылық туғызып, Абылайды
босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналады. Тарихи жырларда қазақ
билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен
Абылайды тұтқыннан босатып алуда
ара түсуге өтініш жасайды.
Әбілмәмбеттің
• Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен
Түркістанға көшіп аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін
кетуі уақытына дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол
Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен
саяды. Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім
білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын
сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын
суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол
Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж.
Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші
топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан
айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс
Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде
қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық
қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай
қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен
аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж.
Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар
аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді.
1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан:
«бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан
бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ
сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай
сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Жорықтар
• Жазба деректерде Абылайдың шетел
басқыншыларына қарсы табанды соғыс
жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж.
ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20
мың адамдай ойраттар қолының
шабуылына тойтарыс берді. 1753ж.
желтоқсанда Абылай 5 мың
жауынгерімен жоңғар әскерлерімен
шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.
1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700
қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға
мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол
жылдың шілде-тамыз айында 4 мың
әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000
қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж.
Абылайдың бастауымен қазақтар
қытайлар мен қалмақтардың біріккен
күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде
жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді
• Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз
күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен
соғысының нәтижесіндеТүркістан, Сайрам,Шымкент қалалары қайтадан
қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға
созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық
күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық »
деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері
арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем
бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде
Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.
Соңгы жылы

1771 жылы жасы жеткен
Әбілмәмбет хан дүние салды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша
Орта жүздің ханы болып не
Әбілмәмбеттің інілерінің бірі,
не үлкен ұлы Әбілпейіз
сайлануға тиіс еді. Алайда
басты сұлтандардың,
старшындардың, Әбілпейіздің
өз қалауымен үш жүздің
басшы өкілдері Түркістанда
Абылайды хан көтерді. Абылай
іс жүзінде жалғыз Орта
жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ
ордасының ұлы ханы болды.
Абылай хан есімізде!!!

• Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсултан
Назарбаевтың 1999ж 5 қарашада
Көкшетау қаласында Абылай ханға
орнатылған ескерткіші ашты.
Қазақстан жеріндегі ескеркіштер

Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның бала кезі
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Абылай хан
Абылай хан - ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы
Абылай хан тарихын
Абылай (Әбілмансұр) хан
Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
ЖАС СҰЛТАН АБЫЛАЙ
Абылай қолбасшы
Пәндер