Зейін қою



Зейін қою. Зерде. Ойлау. Сөйлеу
Орындаған Сабирова А.
Тобы: ФҚБ-01-21
Қабылдаған: Жакипбекова Ғ. С
Шымкент -2022 ж.
Кафедра «Қалыпты және патологиялық физиология»

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Зейін қою
1. Зейін туралы ұғым
2. Зейін түрлері
3. Зейін қасиеттері
б) Зерде
1. Зерде
2. Зерде түрлері
с) Ойлау
1. Ойлау туралы жалпы түсінік
2. Ойлау формалары
3. Ойлаудың маңызы
д) Сөйлеу
1. Сөйлеу туралы ұғым
2. Сөйлеу түрлері
3. Сөйлеу іс-әрекетінің маңызы
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі қызметі - жоғары жүйке іс әрекетінің негізін құрайтын, яғни мінезді бейімдейтін күрделі биологиялық әсерленіcті жүзеге асыру.
Психикалық процестерге адамның таным поцестерін жатқызамыз( түйсіну, қабылдау, ес, ойлау мен сөйеу) .
Зерде - ойлау қызметінің жоғарғы типін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категория
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады.

Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық қатпарда - тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б. ) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысты. Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Ол жүйкелер - иіс сезу, көру, есту, көзді қозғалту және т. б. деп аталады.
Негізгі бөлім

а) Зейін қою
Зейін - бұл кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы. Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскидің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, жинақтылығы, толқымалылығы, алаңдаушылығы.

И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы) .

Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен еріксіз деп атайды. Қызығу - ырықсыз зейіннің бұлағы, өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
күшті тітіркендіргіштер (қанық бояулы заттар, қатты дауыс т. б. ) ;
заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы;
адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) .
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Үйреншікті зейін дегеніміз - қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.

Зейіннің қасиеттері
кең
тар

Зейіннің тұрақтылығы.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейіннің аударылуы.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейіннің бөлінушілігі.
Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейіннің көлемі.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитың объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистоскоп деген аспаппен тексеріледі.
Алаң болушылық.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Алаң болушылық адам қатты шаршап, болдырған кезде жиі кездеседі.

Суреттен 16 жылқы суретін тап. . .

б) Зерде
Зерде - ойлау қызметінің жоғарғы типін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категория. Зерде мен пайым ежелгі философияның өзінде-ақ “жанның екі қабілеті” ретінде бөлек қарастырылып, пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті түйсіндірсе, ал Зерде абсолютті, құдірет пен шексіздікті танып білуге бағыттайды деп саналды. Адамның бәрінен бұрын өз Зердесіне ғана жүгінуі Аристотельден басталды деуге болады. Қайта өрлеу дәуірі философиясының өкілдері Николай Кузанский мен Дж. Бруно пайыммен салыстырғанда Зерденің мейлінше жоғарғы таным сатысы екендігін айқындады.

Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай : мезеттік, қысқамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді.
Мезеттік зерде - әсердің іздерін қабылдағыш құрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Мұндай іздердің ұзақтығы жеке ауқымы тітіркендіргіштің әсер етуші күші мидағы қабылдаушы құрылымдардың күйіне байланысты болады. Олардағы алғашқы іздік үрдістер сезімдік зерденің негізін құрады. Мезеттік зерде мидың талдағыш құрылымдарына сигналдың жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.
Қысқамерзімді зерде ағымдағы өтіп жатқан мінездік және ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Ал өте маңызды ақпараттар ұзақмерзімді зердеде сақталады.

Ойлау - ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі.
Ойлау - бұл ерекше дәл, терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.
с) Ойлау

Г. Эббингауз
Г. Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялық шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.
Ойлаудағы құйын мен шабыс жайындағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.

Ойлау
Өзіндік ішкі қарама -қарсы қайшылықтарға толы процесс.
жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі.
тұлға рефлексиясының
қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі
жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады

Ойлаудың негізгі түрлері ұғым, пікір, ой қорытындысы
Ұғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден -оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарынан тұрады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы және дерексіз.
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам, өсімдік, жануар т. б.
Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз - ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге, сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т. б.

Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлудың формасы.
Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады.


Ой тәсілдері түрлерінің схемасы
Ой тәсілдері
талдау
жинақтау
топтастыру
табиғи
жасанды
жүйелеу
абстракциялау
жалпылау
салыстыру

Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді.
Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.
Ойлаудың дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне, икемділігіне, жеке сын тұрғысынан қарауында.

Ойдың белсенділігі- өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі- міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау- ақиқат және жалған ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығы- қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді.

д) Сөйлеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz