Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары


Slide 1

Кафедра «Микробиология, вирусология және иммунология»

Орындаған: Алтынбекқызы А.

Тобы: В-ФҚБ-01-21

Қабылдаған: Одзял Д. Э.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Патогенді спирохеталар, риккетсиялар және хламидиялар.

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Инфекциялық ауруларды таратушылар

• Трансмиссивті аурулар

• Таратушылары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Трансмиссивті механизммен берілетін жұқпалардың қоздырғыштары вирустар, риккетсиялар, спирохеталар, олар табиғи ошақтық және табиғи антропургиялық аурулар түрінде таралады, көбісі қауіпті және аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына кіреді (мысалы: оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар) . Жабайы, ауылшаруашылық және үй жануарлары қоздырғыштардың жұқпа көзі және сақтаушысы болады, адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты, эпидемиялыш процестің белсенділігі мен маусымдылық көтерілуі тасымалдаушы жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен байланысты. Қоздырғыштарды кенелер, бит, бүрге, масалар тасымалдайды.

Slide 4

Негізгі бөлім

Инфекциялық ауруларды таратушылар

Инфекциялық ауруды таратушылар 2 топқа бөлінеді:

Механикалық немесе арнайы емес таратушылар - инфекциялық аурудың қоздырғыштарын ауыз аппаратымен, тұмсығымен немесе сыртқы қабаттарымен таратады және ішекке енуі де мүмкін. Бұл қоздырғыштар жәндіктердің денесінде даму кезеңін өтпейді, көбеймейді. Механикалық таратушыларға құмырсқа, тарақан, сона, шыбын - шіркейлер.

Арнайы немесе биологиялық таратушылар- денесінде қоздырғыштар белгілі бір даму кезеңін өткізеді, көбейеді.

Slide 5

Арнайы таратушылар қоздырғыштарды 2 әдіспен жұқтырады:

Инокуляция әдісі қоздырғыштар тасымалдаушының қан жүйесіне қан сору арқылы түсіп, жұғады. Инокуляция әдісімен кененің шағуы арқылы кенелік энцефалит, Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары таралады.

Контаминация әдісі қоздырғыштар жәндіктердің нәжісімен адамның сыртқы терісіне түседі, шағу кезінде зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түседі. Бұл әдіспен бүрге арқылы оба аруы, бит арқылы бөртпе сүзегі таралады.

Slide 6

Трансмиссивті аурулар

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық

безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғиошақты болып келеді.

Slide 7

Трансмиссивті инфекциялар 2 түрлі жолмен

беріледі:

• Тасымалдаушы- адам

• Тасымалдаушы - жануар- тасымалдаушы-адам

Slide 8

Таратушылары

Масалар (Денге қызбасы, Малярия, Лимфатикалық филяриоз, Чикунгунья, Карельский қызбасы),

Бүрге (Шагаса ауруы)

Биттер (Ришта ауруы, Тиф, Боррелиоз)

Шыбын (Сонная болезнь)

Мошки (Онхоцеркоз)

Кене (Кенелік риккетсиоз, Ку қызбасы, Марселдік қызба, Энцефалит, Ақтаңдақтық қызба қоздырғышы, Цуцугамуши, Лайм ауруы)

Москиты (Лейшманиоз, Паппатачи қызбасы)

Slide 9

малярия

Лимфатикалық филяриоз

шагаса ауруы

Боррелиоз

Сонная болезнь

Онхоцеркоз)

Онхоцеркоз)

Онхоцеркоз

Кенелік риккетсиоз

Лейшманиоз

Slide 10

Риккетсиялар

Грам теріс облигатты жасушаішілік паразиттер тобы. Қасиеттері жағынан бактериялар мен вирустарға ұқсас микроорганизмдердің ерекше тобы. Риккетсиялардың сыртқы

түрі, көлемі жағынан бактерияларға шамалас, бірақ клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер болғандықтан, вирустар сияқты тірі клеткаларда ғана көбейіп, тіршілік етеді. Арнайы антигендік қасиетке ие.

Рикетсия жасушалары полиморфты:

• Кокк пішінді

• Таяқша пішінді

• Жіп тәрізді

• Ұзынша таяқшалар

Gracilicutes класына, Rickettsiaceae тұқымдастығына, Rickettsia,

Orientia, Ehrlichia, Coxiella туыстастықтарынан тұрады.

Кокк пішінді

Таяқша пішінді

Жіп тәрізді

Ұзынша таяқшалар

Slide 11

Кенелік риккетсиоз

Алғашқы ошағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, бөртпемен, қызбалық жағдаймен сипатталатын, Rickettsia sibirica тудыратын жұқпалы табиғи-ошақты ауру. Ауруды 1936 жылы Е. М. Миллем “кене қызбасы” деген атпен бірінші болып зерттеген. 1949 жылы П. Ф. Здоровский мен Е. М. Голиневич ауру қоздырғышын бөліп алды.

Gracilicutes класына, Rickettsiaceae тұқымдастығына, Rickettsia туыстастығына, Rickettsia sibirica түріне жатады. Морфологиялық қасиеттері: таяқша немесе жіп тәрізді пішінді, грам теріс бактерия. Электронды микроскопта ұзындығы 0, 3-3мкм болатын талшыққа ұқсас өсінділерді анықтауға болады.

Slide 12

Резистенттілігі: Жоғарғы температураға төзімділігі төмен, дезинфекциялық

заттарға төзімсіз.

Эпидемиологиясы: Бұл ауру табиғи ошықтық болып келеді. Табиғатта негізгі

қоздырғыш- кеміргіштер, кене және риккетсиялармен инфицирленген жануарлар болып келеді. Кенелік риккетсиоздар белгілі географиялық аймақтарда- Киыр Шығыс, Сібірде кездеседі.

Патогенезі мен клиникалық көріністері: Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Ауру кезінде дене қызуы 40С және одан жоғары температураға көтеріледі. Лимфа түйіндері үлкейеді. Аурулардың 8085%-да 4-5 күн қанды бөртпелер кеудесінде, аяқ-қолдың ішкі бетінде, содан кейін денесінің барлық жерінде пайда болады. Риккетсиялар қанға түсіп, қызба мен бөртпені тудыра отырып, тері мен қан-тамырларын және миды зақымдайды. Өлім-жітімдік байқалмайды.

Иммунитеті: Ауырған адамдарда тұрақты иммунитет қалыптасады. Кайталап ауырмайды.

Микробиологиялық диагноз қою: Риккетсияларды Здродовский бояу әдісімен бояйды. Риккетсиялар қызыл түске, ал жасушалық элементтер көкшіл түске боялады.

Емдеуі : Емханаға жатқызып емдейді. Тетрациклин, Левомицетин, Антигистаминді препараттармен емдеу жүргізіледі.

Slide 13

Цуцугамуши қоздырғышы

Цуцугамуши алғашқы қабыну ошағы теріде болатын, бөртпе

шығатын, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталатын Orientia

tsutsugamushi тудыратын жұқпалы табиғи-ошақты ауру. Ауру

қоздырғышын 1930 жылы жапон ғалымдары Нагайо мен Огата ашты.

Gracilicutes класына, Rickettsiaceae тұқымдастығына, Rickettsia

туыстастығына, Orientia tsutsugamushi түріне жатады.

Морфологиясы: Таяқша пішінді. Грам теріс. Романовский-Гимзе

әдісімен бояғанда қара күлгін түске боялады және мононуклеарлы

жасушалардың цитоплазмасында орналасады.

Резистенттілігі: Кептіруге, қоршаған орта әсерлеріне төзімді. Бөлме

температурасында тез жойылмайды. Дезинфектанттарға сезімтал.

Slide 14

Эпидемиологиясы: ауру табиғи-ошықтық инфекцияға жатады. Инфекция көзі- тышқан тәріздес кеміргіштер. Ауру қоздырғышын тасымалдаушықызыл денелі кене. Ауру маусым-қыркүйек айлар аралығында белсенді болады. Қиыр Шығыста жиі кездеседі.

Патогенезі мен клиникалық көріністері: Риккетсиялар ауру кенелер шаққанда ағзаға тусіп, қанға енеді. Қан тамырларының эндотелийінде көбейіп, түйіндер түзеді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталады. Инкубациялық кезеңі 7 күннен 18 күнге дейін созылады. Клиникалық көрінісі қызбамен, бөртпемен сипатталады. Аурудың ағымы ауыр, өлімжітімдігі жоғары. Ауру 2-3 аптаға созылады. Ауыр жағдайда ОЖЖ мен

жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады.

Иммунитеті: Аурудан кейін иммунитет ұзаққа созылмайды, тұрақсыз. Қайталап ауыру байқалады.

Микрбиологиялық диагноз қою: Антиденелерді анықтауға негізделеді: КБР, ГАТР, ИФТ.

Емдеуі: Тетрациклин қатарындағы антибиотиктер мен левомицетин, доксицилин, хлорфеникол қолданылады.

Slide 15

Ку қызбаның қоздырғышы

Ку қызбасы -клиникалық көрінісі полиморфты, өкпенің зақымдалуымен сипатталатын, Coxiella burnetii тудыратын жұқпалы ауру. Алғашқы рет 1937 жылы Ф. Бернет пен


Ұқсас жұмыстар
Байланыс механизмі бар аурулар
Стоматологияда кездесетін аурухана ішілік инфекциялар
АУРУХАНА ІШІНДЕГІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
Ауруханаішілік инфекция
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Күйдіргі бациллалары
Баяу Вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы қоздырғышы
Инфекциялық аурулардың классификациясы
Эпидемиялық процесс
Хирургиялық инфекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz