Мəселелік оқытудың технологиясы


Slide 1

Мəселелік оқытудың технологиясы

Орырдаған: Найман Б. Д

Slide 2

Мəселелік оқытудың технологиясы дегеніміз?

Қазіргі заманғы өмір ғылыми-техникалық прогрестің арқасында адамның алдына сан түрлі есептер қою арқылы əр түрлі мəселелерді ұсынады. Қаншалықты адам оны дұрыс шеше алуы болашақ ұрпаққа байланысты. Тəжірибеде мұндай есептерді зейін арқылы шығармашылық ойлай алатын адамдар шеше алатыны көрінеді.

Мəселелік оқытудың технологиясы үйрену, танымдық белсенділігінің көтермелеуінің тиімді тəсілі болып табылады. Аталмыш технология шығармашылық зейіндерді дамытып, дербес ойдың құрылымына əсер етіп, білімнің табысты игеруіне септігін тигіп, ықпал жасайды.

Slide 3

М. И. Махмутовтың пікірінше, мəселелік оқыту

Дербес ізденістің қызметі мен дайын білімдердің қиылысуынан туындайды. Мəселелік оқытудың маңыздылығы - педагогтың білім алушыға өзіндік танымдық білім алуын ұйымдастыру болып табылатындығы. Білім алушының танымдық қызметі дайын пəндік білімдермен ұштасуы тиіс [1] .

Сабақты мəселелік оқытумен ұйымдастыру баланың ойлау қабілетінің жəне педагогикалық құралдардың заңдық білім негізінде құрылуы қажет.

Мəселелік оқытудың дəстүрлі оқытудан мақсаттың қойылымының жəне білімнің меңгерушілік үдерісінің ұйымдасуымен ерекшеленеді. Мəселелік оқытумен ұйымдастырылған сабақ білім алушыға қойылған мəселені шешудің мүмкіндіктерін іздестіруге мүмкіндік береді

Slide 4

Дəстүрлі жəне мəселелік оқытудың салыстырмалы сипаттамасы

Slide 5

Танымдық қызмет мəселелік жағдайлар кезінде келесідей тізбекті құрайды: мəселелік жағдай → мəселе → шешу жолдарын іздеу → мəселені шешу.

Мəселелік оқытудың артықшылықтары ретінде мыналарды атауға болады: білім алушылардың тұлғалық мотивациясының қалыптасуы; ойлау қабілеттерінің, танымдылық белсенділігінің артуы; диалектикалық ойлаудың қалыптасуы.

Алайда, берілген əдіс көп уақытты жұмсауға талап етеді. Дифференциалды бағыт қажет. Білім алушыны қарама-қайшы көзқарасқа əкелу керек, ал білім алушы өзі мəселені шешудің жолын іздестіруі қажет. Педагогтың мақсаты мəселелік жағдайды жасауының керектігі. Мəселелік жағдайды ұйымдастыру мысалдары ретінде атауға болады: білім алушыға салыстыру жүргізуге тапсырма беру, мəселелік жағдайдан кейін қорытынды жасау, сұрақтарды құрастыру, фактілерді талдау [2] .

Slide 6

Мəселелік оқытудың мақсаттары:

ғылыми танымның нəтижелерін меңгерту, сонымен қатар танымның əдістерін зерттеу;

білім алушының зияткерлік, мотивациялық аймағын ұйымдастыру жəне дамыту;

білім алушылардың тұлғалық əрекеттерін дамыту.

Slide 7

Мəселелік оқытудың екі тобы бар: жалпы жəне арнайы. Жалпы функцияларға келесілерді жатқызуға болады:

тəжірибелік қызметтің əдіс-айласының жүйелерін білім алушыларға меңгерту;

білім алушылардың диалектикалық-материалистік ойлау қабілеттерін ұйымдастыру;

жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Арнайы топқа:

білімді меңгерудің шығармашылық əрекеттерін тəрбиелеу (логикалық жүйелерді қолдану немесе шығармашылық əрекеттің жекелей əдістерін қолдану) ;

білімнің шығармашылық қолданысы дағдысының тəрбиесі (меңгерген білімді жаңа жағдайда қолдану) ;

шығармашылық қызметтің тəжірибесін жинақтау жəне құрастыру (ғылыми-зерттеу əдістерін меңгеру, заманды шынайы тəжірибелік мəселелермен жəне суреттеу бейнесінде сипаттау) ;

оқытудың əлеуметтік, танымдық жəне адамгершілік мотивтерін қалыптастыру [3] .

Slide 8

Əдебиеттер тізімі

Лапина Е. Наука и жизнь. - 2015. - № 10. - С

Кудрявцев В. Т. Проблемное обучение: истоки, сущность, перспективы. - М. : Знание, 1991. - 80 с.

Арапов К. А. Проблемное обучение как средство развития интеллектуальной сферы школьников // К. А. Арапов, Г. Г. Рахматуллина // Молодой ученый. - 2012. - № 8. - С. 290-294.


Ұқсас жұмыстар
8-семинарБілім беру мазмұнының компоненттері
Педагогикалық технология анықтамалары
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Инновациялық оқыту технологиялары
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясы
ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz