Еріктің қасиеттері




Презентация қосу
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы

ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖӘНЕ
ЕРІК ПРОЦЕСТЕРІ
Орындаған: Манап Қ.
Мырзатаева Н.
1-004 топ
Тексерген: Жакишева Г.С

Қарағанды 2017
Жоспар:
◦Эмоция туралы түсінік
◦Жоғары сезімдер
◦Ерік туралы жалпы ұғым
◦Қорытынды
◦Пайдаланылған әдебиеттер
Эмоция туралы түсінік

◦Эмоция — адамның түрлі
органикалық қажеттеріне
туып отыратын қысқа
ситуациялы көңіл күйі адам
қуанғаннан, қамыққаннан
көзіне жас алса, не болмаса
бір нәрсеге мәз болып,
күлсе, мұндай жағдайдың
ұзаққа созылмайтыны
белгілі.
◦Эмоция — латын сөзі — emovera қозу, толқу — деген
мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми
қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты.
Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және
әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді
бездеріне байланысты болады.
Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып
есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін
тигізеді.
Эмоцияның түрлері
◦Жағымды не ұнамды эмоциялар – адамның қажетіне
орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу
шарттарының бірі болып табылады. Мысалы,
сүйіспеншілік, көңіл қоштық, қуаныш.
◦Жағымсыз не ұнамсыз – белсенді әрекетке азды-көпті
нұқсан келтіретін сезімдер. Мысалы, қорқыныш, қайғы,
абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену.
◦Қарапайым – адамның органикалық қажеттерінің өтелу-
өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі
түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
◦Күрделі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы
жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы деп ажыратады.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із
қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.
Физиологиялық механикасына қарай :
◦Төменгі эмоция – шөлдеу, ашығу, жыныстық
эмоциялар, олардың орталығы мидың төменгі
бөлігінде орналасқан
◦Жоғарғы эмоция – адамның ортада өзін-өзі ұстай
білу эмоциясы. Этика, эстетика, мораль және т.б.
Сезім
◦Сезім – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
қажеттеріне сәйкес, келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып
отыратын психикалық процесс.
◦Эмоция – адамда үнемі бірқалыпта тұрмайды.
◦Сезім – тұрақты процесс.
Сезім түрлері:

◦ Адамгершілік – Эстетикалық – Интеллектік –
мазмұны да, адамның шындықтағы адамның тану
құрылымы да қандай болмасын бір процестерімен, ақыл-
күрделі. Достық, сұлулықты сезінуі. Бұл ой әрекетімен тығыз
жолдастық, сезімдер – сұлу, байланыста. Оған:
адалдық, ар- сымбатты, өмірге болжау, ықтималдық,
намыс, борыш, үйлесімді, әдемі жаңашылдық,
ұят т.б. жатады. көріністерді тамашалау интуиция, күдіктену,
немесе табиғаттағы, сенімділік және т.б.
көркем-өнердегі, жатады.
өмірдегі шынайы, әсем
нәрселерден ләззат алу
кездерінде байқалады.
Ерік
◦ Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа
жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда
жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-
әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар:
◦ Еріксіз әрекеттер (түшкіру, жөтелу, т.б.);
◦ Ерікті әркеттер – қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп
алу сияқты) бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәрізді), күрделі
тарихи қызметке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.
Еріктің қасиеттері

◦Ұнамды: Ұнамсыз: өзгенің
дербестік, сөзіне
еріп, иланғыштық,
◦батылдық,
қорқақтық, шыдамсызд
табандылық.
ық, ырықсыздық. Ерікті
қалыптастыруда
адамның өз еркін өзінің
тәрбиелеуі зор маңызға
ие.
Тоқтамға келгіштік Табандылық Ұстамдылық

Ерік сапалары

Тәртіптілік пен
Ерлік Шыдамдылық
жинақылық
Тоқтамға келгіштік
◦Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті
шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға
келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына
салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы
ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін
сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін
тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
Табандылық
◦Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап,
бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.
Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге
көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды,
тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді.
Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай
болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар
ақылды, тіпті талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі
жағдайда немесе алғашкы қиындықтармен кездескенде өз мінез-
құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып
шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып
көрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді.
Ұстамдылық
◦ Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз
сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам
әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам өзінің бар
күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
◦ Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық,
батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам
осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге
үйренеді, өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше
істеп шығады.
Тәртіптілік пен жинақылық

◦Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр
уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан
оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің
тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз
байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап
алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық
әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Шыдамдылық
◦Адам өзінің мақсатына жету
үшін қиыншылықтардың
көптігіне, не болмаса өзінің
әрекетінің, жұмысының сәтсіз
болуына қарамастан алға тұтқан
мақсатын жүзеге асырам деген
үмітін, ол еш уақытта бас
тартып қайтпай, осы жолда
кездесетін қиыншылықтардан
қашпай шыдамдылық көрсетіп,
қайткен күнде де мақсатына
жетпей тынбауын айтамыз.
Ерлік
◦Ерлік дегеніміз алға қойған
мақсатына шексіз сенген, сол жолда
ақтық демі біткенше бел байлаған,
моральдық рухы жоғары адамның
ғана қолынан келетін қасиет.
Сонымен қатар, ерлік - батылдық
пен ұстамдылықтың, табандылық
пен тез тоқтамға келгіштіктің
адамның басында ойдағыдай
тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам
өзіне өлім қаупі төнсе де
сасқалақтамайды, өз рухын жақсы
ұстай алады, басына түскен
ауыртпалықты мойымай көтереді,
өз мақсатын асыл мұратына
бағындырып, мұны ең негізгі
борышым деп есептейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
◦Жарықбаев Қ. “Психология негіздері” Алматы, 2012. – 293
– 324 бет
◦http://studopedia.ru/

Ұқсас жұмыстар
Еріктің әрекеттері
ЕРІК ЖӘНЕ ЕРІК МІНДЕТІ
Еріктің кезеңдері
Жеке тұлғаның ерік жүйесі
ЕРІК ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
Ерік Ерік теориялары
ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Ерік туралы жалпы ұғым
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік
Иррационализм философиясы
Пәндер