Оқытудың жеке бағдарламасы




Презентация қосу
Инклюзивті мектептегі оқу
үдерісін бейімдеу және
модификациялау стратегиясы
Мазмұны:
1. «Модификация» ұғымына түсінік.
2. Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың
басымдықтары.
3. Оқытудың жеке бағдарламасы.
4. Жеке білім беру бағдарламасының құрылымы.
5. Инклюзивті білім берудегі оқулықтар.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 2
Модификация» ұғымы
«Модификация» деп, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға
сыныптастары мен салыстырғанда, ерекше жағдайларды
ұсыну, атап айтсақ, тапсырманы орындау формасы, өткізу
мерзімін ұзарту, оны ұйымдастыру, нәтижелерді ұсыну
тәсілдері бойынша ұсыну аталады.
Инклюзивті білім берудің маңызды міндеттерінің бірі
ретінде, білім беру жағдайларын құру, оқушылардың
оқытудағы қажеттіліктерін ескеріп, оқу үдерісін тиімді
ұйымдастыру алынады. Инклюзивті мектепте оқыту жүзеге
асырылатын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары ерекше
зейін аударуды талап етеді.
02
6 /2
/2 3
Инклюзивті сыныптағы оқу үдерісін бейімдеу және модификациялауға
қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар
Жұмыс оқу жоспары – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін
ескеріп, типтік оқу жоспары негізінде жалпы білім беретін ұйым
құрастыратын құжат.
Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының инвариантты
компонентіне, білім, білік және дағдылардың мазмұны мен көлемі енетін,
әрбір оқу пәні бойынша анықталатын құжат.
Вариативті оқу бағдарламасы - типтік оқу жоспарының вариативті
компонентіне, білім, білік және дағдылардың мазмұны мен көлемі енетін,
әрбір оқу пәні бойынша анықталатын құжат.
Білім алушылардың даярлық деңгейі – тұлғалық, жүйелі-әрекеттік және
пәндік нәтижелерде көрінетін, білім алушылардың орта білімнің мазмұнын
меңгеру дәрежесі.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 4
Оқу жоспарлары оқыту үдерісін және мектепте білімді меңгеру
үдерісін байланыстыратын тіректі буын болып саналады. Арнайы
жалпы білім беретін мектептің типтік оқу жоспарлары келесі
міндеттерді шешеді:
- мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды Стандарт талаптарының
деңгейіндегі білім алуын қамтамасыз ету, ал интеллектісі бұзылған
білім алушыларға олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес
келетін білімді қамтамасыз ету;
- дамуында бұзылуы бар білім алушыларды, тәрбиеленушілерді
түзету немесе орнын толтыру;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен
мүмкіндіктеріне сәйкес дамуы үшін жағдай жасау;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің физикалық, психикалық
және әлеуметтік денсаулығын сақтау және нығайту.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 5
Мақсатқа жету инклюзивті мектептің мұғалімінен келесі
міндеттерді шешуді талап етеді:
1.Инклюзивті сыныптағы барлық оқушылардың білім беру бағдарламасын
меңгеруі үшін жағдай жасау:
-білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне оқу жұмысының
адекватты, заманауи технологиялары, әдістері, тәсілдері мен формаларын
қолдану;
-оқу материалының мазмұнын бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі балалардың
әртүрлі категориясының қажетті және жеткілікті материалды айқындау;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі категориясы үшін, қажетті оқу
және дидактикалық материалдарды құрастыру немесе бейімдеу.
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес бастауыш
және негізгі орта білім берудің ұзақтығы, он жылдан аз болмауы
керек (ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
медико-педагогикалық коррекциялық қолдау көрсету» туралы
Заңының 1-бабы, 11-тармағы).
02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 6
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қатарластар тобында,
мектеп қауымдастығында бейімдеу үшін жағдай жасау:
- балалардың іс-әрекетінің интерактивті формаларын қолдану
арқылы, сабақтарды, оқудан тыс және мектептен тыс іс-
шараларды ұйымдастыру;
- әрбір баланың шығармашылық әлеуетін ашуға, оның өзін-өзі
танытуында қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру; сынып және мектеп
өміріне қатысу
- балалардың мүмкіндіктеріне адекватты оқу жетістіктерін
бағалау тәсілдерін, оқу және оқудан тыс іс-әрекетін өнімдерін
қолдану.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 7
Білім беру бағдарламасын бейімдеу бойынша негізгі міндеттер:
-баланы дамытудың өзгешелігі салдарында пайда болатын жетіспеушіліктің
орнын толтыру;
- оқытуды ұйымдастыру мен мазмұнымен байланысты қауіптерді азайту;
- баланың социумда дамуы мен бейімделуіндегі қажеттіліктерді жүзеге асыру;
- білім беру қызметін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орындау.
Білім беру бағдарламасына бейімдеу мұғалімнің іс-әрекетінің
келесі бағыттарын қамтиды:
- Білім берудің мазмұнын талдау және іріктеу;
- Уақытша шеңбердің құрылымын өзгерту;
- Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын таңдау;
- Белгілі технологиялық тәсілдерді қолдану;
- Белгілі дидактикалық материалдарды анықтау.

02
6 /2
/2 8
Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың
басымдылықтары.
Оқытудың жеке бағдарламаларын қолдану және жеке жоспарлау келесі
басымдылықтарды құрады:
- оқытуды жүргізетін жауапты қызметкердің жауапкершілігін қамтамасыз
етуге көмек береді, оқу жоспарында айқын бағдарлары, адрестік және нақты
анықталған бағдарлары болады;
- стандартты оқу жоспарын дараландырудың жеткіліксіздігінің орнын
толтырады
- көп жағдайда стандартты оқу жоспары әртүрлі мүмкіндіктері бар
баланың өмірімен жеткіліксіз жан-жақты үйлесе бермейді;
- ата-аналарға баланы неге оқытуды білуге мүмкіндік береді;
- жоспардың құрылымы баламен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге
оны оқытудың маңызды салаларына зейінін шоғырландыруға мүмкіндік
береді;
- балаға оқу жоспарының қандай тарауларын оқытудың қажеттілігі
туралы дәл ақпарат ұсынады;
- баланы оқытуда талап етілетін қосалқы ресурстар мен қолдаушы
сервистерді02
2 белгілеуге мүмкіндік береді;
-/26оқушылардың
/
білімін бағалау процедурасын жүргізудің шекарасын
құрады.
Оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен біліктеріне
жалпы білім беру стандартындағы қойылатын талаптарға жауап
беретін, бағдарламалық материалды психикалық дамуында
тежелуі бар балалардың табысты меңгеруіне ықпал ететін,
арнайы құрастырылған оқу-әдістемелік кешенді қолдану қажет.
Бұл:
- оқулық-дәптерлер, ана тілінен, математикадан, екінші тілден,
қоршаған дүниемен танысу, технология, бейнелеуден бастауыш
сынып оқушыларына арналған бастап негіздері бар дәптер;
- әрдеңгейлі тапсырмалары және бақылау жұмыстары бар
оқушылар үшін жеке дидактикалық пакеттер;
- барлық оқу пәндері бойынша, бірінші және екінші дәрежедегі
/ 2оқушылардың
02 білім, білік және дағдыларын бағалауға арналған
6 10
/2 дидактикалық материалдар.
Инклюзивті мектепте мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім
алуы үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі
енгізілген баланың жеке білім алу бағдарламасын жобалауы және инклюзивті
сыныптағы білім беру үдерісін жобалау арқылы жүзеге асырылады.
Жеке білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі
балалардың даму ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне сүйеніп,
шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру үдерісін құру.
Оқытудың жеке бағдарламасы- бұл белгілі уақыт арасында баланы
оқытудың негізгі мәселелеріне жинақталған және нақтыланған,
құрастырылған және арнайы үлгіде жазылған жоспар.
Жеке білім беру бағдарламасы баланың жалпы білім беретін мектептегі жеке
білім алу маршрутын жүзеге асырады.

02
6 /2
/2 11
Жеке дара білім беру маршруты – оқушының ой -
мақсаттары, олардың барысында оқушы білім беру
саласындағы өзінің алға жылжуын, педагогтермен өзара
қарым-қатынасын, өзінің оқу іс-қимылында педагогикалық
технологияларды іске асыруды ойластырады. Сонымен, жеке
дара білім беру маршруты бір жағынан педагог пен оқушының
бірігіп жасаған шығармашылық өнімі болса, екінші жағынан
білім алушының жеке дара жетістіктеріне қол жеткізу құралы
болып табылады. Оқушының дамуы бірнеше білім беру
маршруттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, ол
маршруттар бір мезгілде немесе бірізділеп іске асырылуы
мүмкін.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 12
Жеке дара білім беру маршрутын таңдап алу
мынадай факторлар кешенінен тұрады:
• қажетті білім беру нәтижесіне қол жеткізуде
оқушының және ата - аналардың ерекшеліктері,
қызығушылықтары және қажеттіліктері;
• педагогикалық ұжымның кәсіпкерлігі;
• оқушылардың білім алу қажеттіліктерін мектептің
қанағаттандыра алу мүмкіндіктері;
• мектептің материалдық-техникалық базасының
мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 13
Жеке дара білім беру маршрутын әзірлеу тиімділігі
бірнеше мынадай шарттармен:
• педагогикалық процесске қатысушылардың барлығы, әсіресе, білім
алушылардың өздері өзін-өзі анықтау, білім беру мазмұнын, нысанын, режимін,
деңгейін дұрыс таңдауды тексерудің тәсілдерінің бірі ретінде жеке дара білім беру
маршрутының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінулерімен;
• өзінің жеке білім алу маршрутын жобалау процессіне білім алушылардың
тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру бойынша мақсатты іс-қимылдар
жүргізуімен;
• білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды және жеке дара білім
беру маршрутын әзірлеу процессін ақпараттық қолдауды жүргізімен;
• білім алушыларды жеке дара білім беру маршрутын әзірлеу жөніндегі
жұмыстарға тартуымен (білім беруге тапсырма беруші ретінде және білім алу
жолдарын таңдаушы субъект ретінде);
• жеке дара білім беру маршрутын өзгертудің негізі ретінде рефлексия
ұйымдастыруымен анықталады.

02
6 /2
/2 14
Көрсетілген шарттарды іске асырудың құралдары ретінде
арнайы ұйымдастырылған сабақтарды немесе өзі-өзі тану,
жеке дара білім беру маршрутын жасау әдістері және оны
таңдау әдістері бойынша білім алушылар үшін
консультацияларды айтуға болады.
Осы сабақтардың (консультациялардың) барысында
оқушылардың (олардың ата-аналарының және заңды
өкілдерінің) назарына мынадай ақпараттарды тарату қажет:
• оқу жүктемесінің рұқсат етілген шекті нормалары;
• мектептің оқу жоспары;
• оқу пәндерін оқу ерекшеліктері;
• оқу жүктемесін есептеу варианттары;
• жеке дара білім беру маршруттарына өзгерістер енгізу
ережелері мен мүмкіндіктері;

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 15
Жеке білім беру бағдарламасын (ИОП) мектептегі
психологиялық-медико-педагогикалық консилиумның
мамандары құрастырады.
Жеке білім беру бағдарламасының міндетті компоненті
ретінде, баланың қысқаша психологиялық-педагогикалық
мінездемесі, түзетуші-дамытушы жұмыстың мақсаты мен
міндеттері, бағдарламаның мазмұны, сонымен бірге баланың
дайындығына қойылатын талаптар алынады, олар баланың
психофизикалық дамуының құрамдастарының динамикасы
деңгейінде, жеке оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге
асырудың толыққандылығын бағалауға мүмкіндік береді.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 16
Жеке білім беру бағдарламасының құрылымы келесі өзара
байланысқан тараулардан тұрады:

- мекеменің атауы көрсетілген бағдарламаның титул беті,
бағдарламаның қызметі, жүзеге асыру мерзімі, бағдарламаның адрестігі
(білім алушының тегі, аты, оқыған жылы), басшының бекіту грифі, ата-
аналармен және мектептің ПМПК төрағасымен келісімі, маманды атап
көрсету;
- түсіндірме хат, онда қажетті дәрежеде қалыптаспаған, қалыптасқан
біліктер мен дағдылардың тізімі бар, баланың қысқаша психологиялық-
педагогикалық мінездемесі, жеке білім беру бағдарламасының
құрылымы, оның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі;
- жеке оқу жоспары.

02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 17
Инклюзивті топтарда білім беруді ұйымдастыру негізгі бағыттары
Жұмыстың диагностикалық бағыты. Балаға ПМПК консилиум мамандары
кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Консилиум құрамына меңгерушінің (директордың) бұйрығымен
дефектолог мұғалім, логопед, практикалық психолог, дәрігер, топ
тәрбиешісі енгізіледі.
Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық бағыты. Жеке басқа тұтасынан
әсер ететін шаралар кешенін қарастырады, жетекші әрекет түрін қалыпқа
келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету.
Жұмыстың жалпы білім берушілік бағыты. Балаларды қоғамдық
тәжірибені меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың
танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып мектепте оқуға
даярлауды қарастырады.
02
6 /2
/2 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 18
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы. Мүмкіндігі шектеулі
балаларды әлеуметтік жағынан қолдау, оларды тәрбиелік
жағынан дамыту. Мектепте немесе мектепке дейінгі
мекемелерде өткізілетін түрлі шараларға қатысуын қадағалау.
Қоғамдағы рөлін айқындау.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын
кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең
әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан
да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет
бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде,
мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру
жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде
білім2 алуы тиісті.
/ 20
2 6 19
/
Жеке білім беру бағдарламасы (жоспар) құрастыру аясында білім беру
бағдарламасын бейімдеу бойынша мұғалімнің іс-әрекеті, жұмыстың келесі
түрлерін қамтиды:
1.Педагогикалық диагностика;
2.Мүмкіндігі шектеулі балаларға белгілі бір оқу пәнін меңгеруде көмек берудің
мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
3.Мүмкіндігі шектеулі баланың меңгеруі үшін міндетті, әмбебап оқу әрекеттерін,
маңызды дидактикалық бірліктерді айқындау мақсатында, пән бойынша білім беру
бағдарламасын талдау;
4.Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, әрбір тақырыпта
дидактикалық бірліктерді, әмбебап оқу әрекеттерін белгілеу, арнайы жалпы білім
беретін мектептердің бағдарламасындағы тақырыбымен немесе мазмұнымен
салыстыру;
5.Мүмкіндігі шектеулі баланың аталған тақырыпты меңгерудің болжанатын
деңгейіне сәйкес, белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсаттары мен
міндеттерін қою.
02
6 /2
/2 20
ЖЕКЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕРДІҢ
АЛДЫНДА, ПЕДАГОГТАР ӘРТҮРЛІ МАМАНДАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫ
ДИАГНОСТИКАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ АСА ҚАЖЕТ
БОЛАДЫ, ОЛ КЕЛЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАЖЕТ:
- ерекше мұқтаждықтардың сипаты;
- оқушылардың дамуының өзекті деңгейі;
- баланың әлеуетті жеке мүмкіндіктері, «жақын даму аймағы».
Жоспардың құрылымы белгілі блок-сызба түрінде беріледі:
- оқушының болашақ және өмірлік жоспарларына қатысты нәтижелерді
анықтау;
- жүргізілген кешенді бағалаудың қорытынды нәтижесі;
- ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау;
- мінез-құлықты қалыптастыру бойынша міндеттер;
- жетістіктер индикаторы;
- оқытудың тұғырлары және инклюзивті стратегиялар;
- мониторингті жүргізудің уақыты мен стратегиясын анықтау, бағдарламаны
қайта қарастыру.
/ 20
/ 26 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты 21

Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер
Адаптивті оқытудың заманауи зерттеулері
Тіл құралы халықаралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы - республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң
Мемлекеттік бағдарлама
Типтік бағдарлама
Пәндер