Сөз мағынасы



Қазақ тілінен тақырыптық тестпен жұмыс істеудің тиімділігі
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. А. Тлеубаева
Қордай ауылы, №51ом

Ел тәуелсіздігінің 21 жылдық тарихында туған тілдің тұғырын биіктетіп, мәртебесін арттыру мәселесі әрқашан басты әрі маңызды мәселе болып көтеріліп келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде», -деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі -бүгінгі мектеп оқушыларында. Бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мәселесі, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәселесі деп бөліп, жаруға болмайды. Қандай тілді мектеп болмасын, негізгі талап - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.

ҰБТ дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

ҰБТ өткізудің қажеттілігі: - білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру. ҰБТ-ның мақсаты: ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы.

Мұғалімге қойылатын талаптар : - Оқушылардың білім алу себептерін айқындау - Пәндік оқытуды ұйымдастыру - Тиімді технологияларды қолдану. Кемшілігі: - Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады - Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз - Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады - Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін Артықшылығы: - Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі - Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы - Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы. Ерекшелігі: -Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі -Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды. -Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды -Бағалауы нақты, бірақ сертификатқа қосылмайды, тек бағаланады -Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты) -Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс? Мақсаттар: 1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс; 2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру; 4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.
Жылдық жоспар дайындап алу
Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал. Екпін. Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі. Лексика Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер. Морфология Жай септеу; тәуелдік септеу. Күрделі зат есім. Көмекші есімдер. Тәуелдік жалғауы; жіктік жалғауының көпше түрі. Сөз таптары, етістердің түрлері. Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері. Етістіктің шақтары, грамматикалық формалары. Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы. Синтаксис Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Күрделі бастауыш пен күрделі баяндауыш. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері. Салалас құрмалас сөйлем, тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем, тыныс белгілері. Іс-қағаздардың үлгілерін сауатты толтыра білу амалдары

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді? - Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру; - Интерактивті технологияларды қолдану, - Жеке тұлғаның даралығын дамыту; - Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру. Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

1-кезең. Диагностикалық: - Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, -Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау; -ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу. 2-кезең. Практикалық: - Тест жинақтарымен жұмыс; -Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; -Топтық және жеке дайындық; -Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану. 3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық) : - Тақырыптар бойынша бақылау тестілері, - Мониторинг; - Қатемен жұмыс парағын жүргізу; - Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу. Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар, 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.

Жұмысты неден бастадым? Алдын-ала өзім бақылау тест -«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды. Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады. Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады Мысалы: -грамматикалық ережелерді аудару, жаттау; -ережелерін еске түсіріп жазу; -мысалдар келтіру; -бірін-бірі тексеру; -өзін тексеру.

Мектепішілік байқау -тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады. Оқушыларға психологиялық көмек: ҰБТ-мен қорқытуға болмайды • Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек • Алдына мақсат қою • Қате жібермеуден қорықпау • Тест тапсыру техникасына үйрету • Өз уақытын бақылауға үйрету • Тапсырма қиындықтарын жеңе білу

11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері: 1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 10-25 сұрақтан тест құрастырылады 2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылады. 3. Білімде қалып қоюшылық анықталған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру: -сұрақты асықпай, түсіне оқу -сұраққа қатысты грамматикалық материалды жеке түсіндіру. Мысалы: «жақсыз сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады? 1-қадам: баяндауышты табамыз; 2-қадам: баяндауыштың жасалу жолына көңіл бөлеміз. (1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұнақты қалау райлы етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді; 2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді; 3. -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма) көмекші етістігі тіркесіп келеді; )
Тест оқушылардың білімін салыстыруға, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізді. Соның нәтижесі мынадай болды. 11 «в» сыныбында жалпы оқушылардың саны -17. Оның 12 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, 100% үлгерім, 100% сапа, орта балмен 18, 5 бал көрсетті. ҰБТ- жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі, сондықтан мынадай жұмыстарды қлдануға болады:

Дүние жүзінде
6 мың тіл бар
600 - дің ауызекі және жазба тілі бар
200 тіл ғана мемлекеттік тіл
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қазақ тілі қандай тіл?

Қай тіл көп тараған?
1-орында қытай тілі - 844 млн. адам
2-орында ағылшын тілі - 437 млн. адам
3-орында хинди тілі - 338 млн. адам
испан тілі - 331 млн. адам
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
70-орында қазақ тілі - 12 млн. астам адам
(1997 ж. санақ бойынша)

қазақ тілі - қазақстан республикасының мемлекеттік тілі
1989 ж. 22 қыркүйек - “Қазақ КСР-інің
Тіл туралы Заңы”.
1993 ж. 1995 ж. 30 тамыз -
ҚР Конституциясында бекітілді.
1997 ж. 11 шілде - “ҚР Тіл туралы Заңы”
6 тарау, 27 баптан тұрады.
1-тарау. 4-бап. “ҚР мемлекеттік тілі -
қазақ тілі”

Лексика көне гректің lexiros (сөздік қор) деген сөзінен шыққан. Ол -дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғым, оны сөздік құрам дейді. Ол тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, сөздің лексикалық мағынасын, сөздік құрамын, сөздік қорын зерттейді.
1. Қолдану аясы шектеулі сөздер
2. Тұрақты тіркес. Нақыл сөздер. Мақал-мәтел.
3. Сөз мағыналары.
4. Омоним. Антоним. Синоним.

Сөз мағынасы (семасиология) Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. Logos-сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.
Семасиология - лексикологияның аса маңызды бөлімдерінің бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым - семантика.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - таңбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі.
Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму заңдылықтарын зерттейді.
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантикасын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына. Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т. б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.
Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

Полисемия (гр. Poly - көп + sema - таңба) - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.
Көп мағыналылық - сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т. б. ) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі) . 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық) . 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық) . 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр) . 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М. Әуезов) . 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды) . Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.

Көп мағына - сөздердің басқа сөздермен тіркескендегі жанама мағыналары. Көп мағыналы сөздер бір негізден жасалады және бір сөз табына тән болады.
(бас, көз, бет, ауыз, тіл, арқа, іш, құлақ, кілт, жол, түп)

Тура мағына- сөздің белгілі бір ұғымды білдіретін бастапқы мағынасы, яғни әрбір заттың, ұғымның өзіне ғана тән мағынасы.
(терең көл, ашық терезе)
Ауыспалы мағына- сөздің мағынасы ауысып, өзге мағынада қолданылуы. Ауыспалы мағына көбіне екінші сөзбен тіркескенде пайда болады.
(терең ой, ашық мінез)
Сөз мағынасы

Қара қарындаш
Жақсы сөз
Жасыл ағаш
Қара киім
Биік тау
Ақ көйлек
Қызыл кітап
Жылы су
Жұмсақ төсек
Жасыл кілем
Ақ көйлек
Қалың қар
Суық жел
Терең өзен
Терең су
Терең құдық
Жұмсақ нан
Қара көз
Ашық есік
Домбыраның тиегі
Адамның басы
Ашық есік
Ыстық күн
Жылы күн
Салқын күн
Алтын теңге
Тура мағына

Қара жүрек
Жұмсақ мінез
Қатты сөз
Ақ жүрек
Суық хабар
Қалың жұрт
Қара шаңырақ
Ашық мінез
Күміс үн
Алтын жүрек
Жұмсақ күлкі
Жылы сөз
Қара тер
Қара хабар
Қара бет
Жылы лебізі
Жылы ниет
Биік ой
Биік сезім
Ескі дос
Тас жүрек
Жұмыстың басы
Алтын дауыс
Терең ой
Суық адам
Жұмсақ күлкі
Алтын күн
Ауыспалы мағына

Омоним- дыбысталуы бір, мағыналары әр түрлі сөздер (ара шақты, ағаш аралады)
Антоним -мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер (су жүрек-ер жүрек, аласа-биік)
Синоним - айтылуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер (сұлу, әдемі, көрікті)

Синонимдер
Төзу, шыдау;
Салт, дәстүр;
Дәулет, байлық;
Әдемі, көркем;
Тиімді, пайдалы;
Күшті, мықты;
Күрес, арпалыс;
Тез, баяу;
Белгілі, атақты;
Алыс, шалғай;
Ас, тағам;
Сұлу, әдемі;
Қайратты, жігерлі;
Жаман, нашар;
Тәуір, жақсы;
Дәріс, сабақ;
Мөлдір, тұнық;
Мақсат, мұрат;
Шаһар, қала;
Той, думан;
Мұқату, кеміту;
Ер, батыр;
Атақ, даңқ;
Момын, жуас;
Бет, жүз;
Аяқтау, бітіру;
Адам, кісі;
Аспан, көк, әуе;
Дос, жолдас;
Мекен, аймақ;
Тыным, тыныштық;
Күш, қуат;
Құбы, құрдас;
Ұстамды, шыдамды;
Биік, зәулім;
Аласа, пәс;
Оқушы, шәкірт;
Ұшуы-қонуы;

Синонимдер-жазылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер
Құрметті, қалаулы, қастерлі;
Уақыт, мезгіл, кезең;
Озат, озық, үздік;
Ұстаз, мұғалім, оқытушы;
Ежелгі, көне, ескі;
Кең, байтақ, ұлан;
Кәрі, қарт, қария;
Халық, ел, жұрт;
Сабырлы, ұстамды;
шыдамды, төзімді;
Зат, нәрсе, бұйым;
Сымбатты, көрікті, ажарлы;
Ауру, сырқат, кесел;
Бірінші, тұңғыш, алғашқы;
Бағыт, бағдар, беталыс;
Алыс, қашық, шалғай;
Дұшпан, жау, қас;
Бөркін аспанға лақтыру, қуану;
Қоян жүрек, су жүрек;
Жұлдызы жанды, бағы жанды;
Құлақ салды, тыңдады;
Күні туды, күні қарады;
Бетінен оты шықты, ұялды;
Қой аузынан шөп алмас, момын;
Қыздың жиған жүгіндей, үріп ауызға салғандай;
Аузына құм құйылды, үндемеді;

Жәрдем -көмек;
Төмен -жоғары;
Ақымақ -ақылды;
Ашады -жабады;
Ақ -қара;
Көп -аз;
Жарық -қараңғы;
Басталды -аяқталды;
Ерте -кеш;
Ажарлы -ажарсыз;
Үлкен -кіші;
Жоғалту -табу;
Ауыр -жеңіл;
Бар -жоқ;
Дұрыс -бұрыс;
Шағын -ірі;
Суып -ысып;
Таза -кір;
Көне -жаңа;
Бай -кедей;
Кең -тар;
Соғыс -бейбітшілік;
Көңілді -жабырқаңқы;
Жіңішке -жуан;
Іші -сырты;
Аш -жап;
Түн -күн;
Өтірік -шын;
Қалың -жұқа;
Терең -таяз;
Жоғары -төмен;
Шындық -өтірік;
Алыс -жақын;
Қорқақ -батыр;
Қатты -жұмсақ;
Сулы -құрғақ;
Ұзын -қысқа;
Артық -кем;
Антонимдер -мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Қуаны-ренжу
Алыста-жақында;
Тәтті-ащы;
Мықты-әлсіз;
Ашады-жабады;
Серт-уәде;
Пайда-зиян;
Жылдам-ақырын;
Ауру-сау;
Дос-қас;
Жақсы-жаман;
Биік-аласа;
Алыс-жақын;
Ұзын-қысқа;
Артық-кем;
Оңай-қиын;
Үстінде-астында;
Көтереді-түсіреді;
Жоғары-төмен;
Таулы-жазық;
Бай-кедей;
Кәрі -жас;
Ала жаздай-қыс бойы;
Таяқ тастам жер-ит арқасы қиянда;
Жүрегінің түгі бар- батыр;
Бетінен қақпау-бетінен алды;
Ауырдың үстімен-жеңілдің астымен;
Қоян жүрек -қорқақ;
Ат ізін салмады-күн құрғатпады;
Су жүрек-қорқақ;
Төбе шашы тік тұрды-қорықты;
Бетінен оты шықты-беті бүлк етпеді;
Антонимдер -мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Жаман жолдастан таяғым артық.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, басшы болмаса, ел жетім.
Ер -елінде, гүл -жерінде.
Елі іші -алтын бесік.
Білімді өлмес, қағазда аты қалар, ұста өлмес, істеген заты қалар.
Көп түкірсе -көл.
Өнерлінің өзегі талмас.
Білекті сүріндіре алмағанды, білімді сүріндіреді.
Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.
Бір суып, бір ысып, барады ішім пысып.
Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді.
Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
Көзіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр қылайын.
Күлме досқа -келер бас.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Еңбек түбі -береке, береке түбі -мереке.
Ағаны көріп, іні өссер, апаны көріп, сіңлі өссер.
Ұста пышаққа жарымас, етікші етікке жарымас.
Еріншектің ісі екі.
Жері байдың -елі бай.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Мақал-мәтелдер

Ер -елінде, ит -тойған жерінде.
Еңбектің нан тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Өнерлінің өрісі кең.
Ер дәулеті -еңбек.
Еңбек етсең, емерсің.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.
Әлін білмеген әлек.
Ынтымақ болмай, іс оңбас.
Ел бірлігі -ел теңдігі.
Айлалы батыр алдырмас.
Жері байдың -елі бай.
Қыстың қамын жаз ойла.
Тілге құрмет-елге құрмет.
Мың -қосшыға, бір -басшы.
Қырықтың бірі -қыдыр.
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
Еңбек -адамның екінші анасы.
Ұстаздан шәкірт озар.
Мақал-мәтелдер

Мектеп кеме-тілім теңіз.
Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Еңбексіз өмір-сөнген көмір.
Өнер алды-қызыл тіл.
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Отан- оттан да ысқтық.
Отан отбасынан басталады.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Туған жердің жері де, елі де көрікті әрі сүйкімді.
Көп сөз -көмір, аз сөз -алтын.
Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz