Улану түрлері
Презентация қосу
Улану түрлері
Улы заттардың жіктелуі
Жалпы барлық уытты заттар осы
заманғы жіктеу бойынша үлкен 2
топқа бөлінеді:
Эндогендік улар - әртүрлі
патологиялық құбылыстар кезінде
ағзаның өзінде пайда болатын улар
(нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).
Экзогенді улар - ағзаға сыртқы
ортадан келетін уытты заттар.. Әдетте
эндогендік улардың токсикологияға
жанама ғана қатысы бар, сондықтан,
экзогенді улар негізгі зерттеу
нысандары болып табылады.
Экзогендік улы заттар
минерал тектес,
өсімдік тектес,
органикалық,
бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар. Минерал тектес
уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жатқызамыз.
Органикалық уытты заттарға : пестицидтер, органикалық қышқылдар
т.б. жатады.
Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер,
эфир майларын жатқызуға болады.
Жануар тектес уытты заттарға : жылан, балық, өрмекші және әртүрлі
буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің
токсиндері жатады
Алдын-ала сақтану
Керосин, бензин не күшті қышқыл, ащы,
зәрлі заттарды (сілтілерді) ішіп қойған
адамды және есінен танып жатқан
адамды зорлап құстырушы болмаңыз:
егер оның тынымы кетіп сабырсыздана
бастаса, оған ішіндегі уды еріту үшін
көбірек су, не сүт беріңіз (жас балаға
әрбір 15 минут сайын бір стақаннан су
беріп отыру керек). Зардап шеккен адам
егер тоңып түршігіп жатса, үстіне көрпе
жабыңыз, бірақ оны тым ыстықтатып
тұмшаламаңыз. Ауыр халде жатса, онда
оған дәрігерлік білікті көмек
ұйымдастыру жағдайын ойластырыңыз.
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек
• Егер уланды деп күдіктенсеңіз, дереу
мыналарды жасаңыз:
• егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе,
оны құстырып тастаңыз. тамағына сұқ
саусағыңызды салыңыз немесе бір ас қасық
ипекак сиропын, артынан бір стакан су
ішкізіңіз, әйтпесе оған иіс сабын мен ас
тұзы қосылған су ішкізіңіз (бір кесе суға 6
шай қасық тұз қосыңыз).
• егер қол астыңызда активтенген көмір
езілген бір кесе су болса, соны беріңіз,
ересек адамға бұл микстурадан 2 стақан
ішкізіңіз.
Улы саңырауқұлақтармен улану.
Улы саңырауқұлактардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда
адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама
томарқұлақ пен тілікқұлақ.
Алғашқы көмек. Асқазанды сумен,
әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды
калий ерітіңдісімен шаю қажет. Бұны
зондтың көмегімен немесе күштеп құсу
әдісімен жасауға болады, бұдан кейін
айдағыш (зығыр майы және тұзды
айдағыш) береді, бірнеше рет
тазалағыш клизманы қояды. Бұдан
кейін сырқатты жылы қымтап,
қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті
шай, кофе берген жөн. Емдеу
мекемесіне жеткізу қажет.
Өсімдік улыларымен улану.
Алғашқы көмек: асқазанды
шайған соң активтелген
көмірді, танинды және тұздық
айдағышты ішу қажет. Емдеу
мекемесіне жеткізу қажет.
Өкілдері: цикута, аконит.
•Тамақтан улану. Сапасыз
(инфекцияланған) мал өнімдерінен
жасалған тағамдарды қабылдаған кезде
улану пайда болады. Улануды осы
тағамдардағы микробтар мен олардың
тіршілік өнімдері токсиндер туғызады.
Ет пен балық хайуанаттардың тірі
кезінде улы болу мүмкін, алайда бұл
көп жағдайда тамақты даярлау
барысында және тамақ өнімдерін дұрыс
сақтамаудан пайда болады. Тамақтан
улану кенеттен пайда болуымен жөне
өте қысқа инкубациялық үзіліспен
сипатталады. Алғашқы көмек –
асқазанды әлсіз сода ерітіндісімен,
марганец қышқыл калиймен шаю,
айдағыш тазартқыш клизма беру көп
ыстық су ішкізу.
• Хайуанаттардың уымен улану:
Жыланның шағуы. Жыланның шағуының
әкелер зардабы да өте ауыр. Жыланның
шағуынан зардап шегуші жағдайының
ауырлығы оның түріне байланысты.
Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан,
сарыбас жылан кездеседі. Алғашқы
көмек. Шаққан жердің уын ауызбен
жедел сорып тастау керек. Мұны зардап
шегушінің өзі немесе оның серіктерінің
бірі жасай алады. Ауыз қуысында жара
болмаукерек, өйткені у солар арқылы
қанға түсуі мүмкін.Егер уды өз
уақытында сорып тастаса, зардап
шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам
сауыға бастайды.
Шаяндардың шағуы. Шаяндардын шағуы Қазақстанның
оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.
Алғашқы көмек:
Шаққан жерге кез-келген
өсімдік майын жағу; шаққан
жерге ыстық қыздырғыш кою;
анальгин мен антигистаминдік
дәрі-дәрмектер ішу (супрастин,
димедрол, пипольфен); зардап
шегушінің жағдайын кәсіби
бағалау және соған байланысты
сырқатты жазу мен жалпы
улануды емдеу шараларын
таңдау қажеттігінен жедел
дәрігер шақыру.
• Тұрмыста кеңінен қолданылатын
заттардан мысалы, 80%-дық сірке
қышқылының ерітіндісінен, дәнекерлеуші
қышқылда болатын тұз қышқылынан,
ваннаны тазалауға арналған сұйықтықтан,
тот дақтарын кетіруге арналған заттардың
құрамына кіретін карбол, қымыздық
қышқылдарынан адамның қатты улануы
мүмкін. Күйдіргіш сілтілердің ішінен
каустикалық сода, мүсәтір спирті
(аммиактың судағы ерітіндісі), күйдіргіш
калий (калий гидро тотығы), ізбіс өте
қауіпті деп есептеледі.
• Шырышты қабықтың күюінен ісіну пайда
болып, ұлғаяды, ауыздан сілекей ауамен
бірге тыныс жолдарына түсіп, тынысты
тарылтып, тұншықтыруы мүмкін. Іш
ауырады, қан аралас құсық пайда болады,
нәжістің құрамында қан болады, адам
қатты шөлдей бастайды.
Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына
және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел
қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады.
Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 2-3 сағаттан кейін өкпе ісінеді
Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас
содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.
- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде
шығару керек;
- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;
- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек.
Көзге вазелин майын тамызу қажет;
- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;
- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;
- егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем
алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауыздан-ауызға
дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:
жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің
жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.
Газбен улану. Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы
затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды
дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz