Балабақшадағы табиғат бұрышы: ұйымдастыру, өсімдік пен жануарларды таңдау және тәрбиелік мәні


Slide 1

Балалар бақшасындағы табиғат бұрышы

Slide 2

Табиғат бұрышы

Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.

Slide 3

Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы.

Топ бөлмесіне сәйкес безендірілген табиғат бұрышы әр топтың нағыз әшекейі болып табылады. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Сондай ақ, мектепке дейінгі балалардың жауапкершілік және қамқорлық тәрізді сезімдері дамып, өсімдіктер мен жануарларды күте білуге үйретіледі. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.

Slide 4

Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады:

Slide 5

Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен, жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, герань.

Slide 6

Естиярлар тобында, бөлме өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум

Slide 7

Ересектер тобында, табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, традесканция, бұйра, амариллис және т. б.

Slide 8

Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш, циперус.

Slide 9

Табиғат бұрышындағы жануарлар

Табиғат бұрышында жануарларды бақылау - балалардың қызығушылықтарын тудырады. Табиғат бұрышының әрдайымғы мекендеушілері: аувариум балықтары болып табылады. (карась, гурами, т. б. )

Slide 10

Балықтарды бақылау әр-түрлі болып келеді, ол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек іс-әрекетіне баулуға болады. Мысалы: оларды тамақтандыру, аквариумды тазалау, жиірек суды ауыстыру т. б.

Slide 11

Табиғат бұрышында құстар болғаны жақсы. Дұрыс күтім жасаса, олар өздерін жақсы сезінеді, ән айтады, тіпті көбейеді де. Құстарды күту - балаларды қызықтырады, жануарларға деген жақсы, қамқор қарым-қатынас тәрбиелейді. Табиғат бұрышында, әдетте, үй құстарына айналып кеткен шымшық пен тотықұс орналастырылады.

Slide 12

Табиғат бұрышына жорғалаушылардан тек қана тасбақаларды орналастыруға болады (шалшықты жердегі және шөл даладағы) .

Slide 13

Табиғат бұрышы тек қана бақылау үшін қажет емес. Ол балаларды еңбекке баулытады. Ерте жастан бастап балалар еңбектенуге тапсырмалар ала бастайды. Ересектер тобынан бастап балалар табиғат бұрышында кезекшілік міндетін атқара бастайды.

Табиғат бұрышы балабақшаны безендіру үшін ғана емес, мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық үрдістің негізгі бөлігі болып табылады.

Slide 14

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы мерекелер: түрлері, ұйымдастыру талаптары және тәрбие мәні
Азаматтық, қазақстандық елжандылық пен этносаралық келісімнің ұғымдары мен тәрбиелік мәні
Мектептегі тірі табиғат бұрышында оқушылардың жануартану бойынша жұмысын ұйымдастыру
Қыс мезгіліне арналған балабақшадағы байқаулар мен оқу-тәрбиелік тапсырмалар картотекасы
Бала-бақша ауласын көгалдандыруды жоспарлау: дизайн және өсімдік таңдау негіздері
Жабайы жануарларды әуе көлігімен тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру талаптары
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні және этнопедагогиялық аспектілері
Отбасымен жүргізілетін жұмыс пен оқушымен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру: әлеуметтік педагогтың тәсілдері мен нәтижелері
Достықтың мәні мен тәрбиелік аспектілері
Ашық сабақ: Еңбектің наны тәтті - еңбекқорлық пен адал еңбектің тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz