Костюмдегі түс және колорит: теория мен композициялық қағидалар


Slide 1

Пәні: Сурет және киімнің арнайы композициясы

№10 практикалық сабақ

Тақырыбы:

Костюмдегі түс және колорит.

Slide 2

Ғалымдар, суретшілер ежелден түстерді зерттеген. Түстің ғылыми зерттеулері 19 ғасырдың басынан Гете, Гельмгольц, Освальд т. б. байланысты.

Леонардо да Винчи, түстік теорияны зерттей отырып, ол басты 5 түсті анықтаған: сары, көк, қызыл, жасыл, ақ, ол белгілеген: ақ-жарық, сары-жер, жасыл-су, көк-ауа, қызыл-от.

Ежелгі Гректік ғалым, философ Аристотель түстік белгілерді анықтаған: ақ-ауа, сары-от, қара-жер, фиолетовый және малиновый түстерді керемет деп есептеген.

Ағылшындық математик және астроном И. Ньютон, түстік үйлесімділікті зерттей жүргізіп ол, түсті музыка ноалармен сәйкестірген: до-қызыл, ре-оранжевый, ми- сары, фа- жасыл, со-көгілдір, ля-көк, си-фиолетовый.

Slide 3

Түс - қошаған ортадағы затты көз мүшелерінің көруі арқылы сезінуі. Түсті айыру, көркемдік бейне құра отыра оларды үйлесімді байланысын орнату, осы білімін анықтауға көмектесетін факторлар:

Түстік тон - түстің сапасы, мысалы, табиғи түстер күн спектрі арқылы болады.

Ашықтық - ақ түстермен қара түстердің айырмашылығы, мысалы, ашық түстерге ақ түсті келтіруге болады, қанық түске қара түсті келтіруге болады, спектр түстердің ішінде сары түс- ең ашық түс, қанық түс- фиолетовый болып табылады.

Қанықтық - түстің қанықтығы түстің белсенділігін анықтайды, қоспалары жоқ болып келеді.

Slide 4

Түстерді екіге бөледі: хроматикалық, ахроматикалық.

Ахроматикалық түстер - ақ, қара, осы түстердің үйлесімділігі.

Хроматикалық түстер - қанық түстер.

Slide 5

Түс-костюм сипаттамасының басты факторларының бірі.

Түс костюм бейнесін анықтайды және оның пішімін анықтайды.

Түс сонымен қатар костюм композициясының элементі болып саналады және оны ұйымдастыру құрамы болып табылады.

Суретші түсті пайдаланып, көрерменге эмоцияналдық - бейнелік әсер етеді.

Костюм жүйесінің элементі ретінде түс өзгеріп отырады, себебі сән талабына қарай, маусымдық түс тенденциясына қарай костюм түсі ылғи өзгерісте болады.

Slide 6

Табиғатта түстер бір-бірімен үйлесімділік тапқан, олар бірін-бірі толықтырып, айқынды көрінеді. Костюмнің түс құрылымы, қолданылған бірнеше түстің өзара іс-әрекетінінің негізінде анықталады. Суретші костюм түсін таңдауды кездейсоқ, механикалық жолмен емес, колорит заңдарына сәйкес, жүйелі, саналы түрде таңдайды.

Колорит (лат. сөзі color-түс, бояу) -түстердің қатынастарының жүйесі, форманың барлық түстерінің жиынтығы, жалпы түстік фон.

Костюм колоритін жылы, суық, тыныш, күміс және т. с. с бөледі. Колоритті колоратура анықтайды.

Slide 7

Колоратура - пішін колоритін құрайтын түстердің гармониялық үйлесімділігі.

Колоратура костюм түсін анықтайды.

Колоратурадағы басым түстерге қарай колоритті жылы немесе суық, ашық немесе солғын, тыныш немесе тынымсыз болып бөлінеді.

Бояулардың қоюлығына қарай колоритті айқын және солғын, күшті немесе әлсіз деп бөледі.

Әрбір костюм колоритті гармония заңдарына сәйкес түстердің үйлесуі арқылы құрылады.

Костюмдегі түстердің үйлесімділігі, бірін бірі толықтыруы, теңдігі, прапорционалдылығы болады.

Костюмнің түс гармониясының заңдылықтары мен қағидалары бар.

Slide 8

Костюмнің түс гармониясын жасауда, түс дақтары алаңдарының пропорционалдығы (көлемдерінің қатынасы) маңызды рөл атқарады.

Түс гармониясына сай орналастырылған түс дақтарының комбинациясы көркемдік жобалаудың басты мақсатына жетуге мүмкіндік жасайды, яғни костюм бейнесін жасауға және оны айқын көрінуіне мүмкіндік жасайды. Сол үшін жобалаушы-суретші түстің композициялық функциясын пайдаланады. Ол көрермен назарын пішінінің элементтеріне аудартады.

Костюм түсі композициясының үйлесімділігі жобаланушы киімінің қисынына оның мәніне сәйкес келуі тиіс. Көптеген жас дизайнерлер алдымен костюм пішінін жасайды, оның барлық бөлшектерін анықтайды, содан кейін барып пішіннің түсін анықтай бастайды.

Slide 9

Костюмдегі түс


Ұқсас жұмыстар
Инфографика жасау: композициялық қағидалар, түрлері және құралдары
Костюм композициясының негіздері мен композициялық қағидалары
Ғарыш тақырыбындағы композициялық сурет сабағы: Paint редакторында композициялық шешім мен түстік үйлесімділік
Ұйқы мен түс көру физиологиясы: механизмдер, сатылар және маңызы
Ұйқы, түс көру және эмоцияның физиологиясы мен жас ерекшеліктері
Шытырманда тарауының тақырыптық-идеялық және композициялық талдауы
Жүйке жүйесінің қызметі: темперамент, зерде және түс көру
Термиялық өңдеудің хлорофиллге әсері: құрылым, түс және фотосинтез
С. Мұхамеджановтың өмірі мен композициялық шығармашылығы
Нәсіреддин Сералиевтің Аңсау әңгімесін талдау: ата мен бала сағынышы және композициялық құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz