Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту



«Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту»

Мазмұны:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
I. Лирикалық шығарманы оқытудың орта мектеп оқушыларының адамдық және танымдық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау . . .
1. Лирикалық шығарманы оқытудың танымдық маңызы . . .
2. Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызы және оның маңызын жоғалтып алмау үшін оқу процесінде жүргізілуі керек шаралар . . .
II. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістерін талдау және осы әдістердің тиімділігін сараптау . . .
1. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістері . . .
2. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың заманауи әдістерінің тиімділігін сараптау . . .
III. Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері және таңдалған туындыларды оқыту әдістемелерінде қолдану мүмкіндіктеріне мысал келтіру . . .
1. Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдауда сүйену керек талаптар . . .
i. Қазақ авторларының шығармалары . . .
2. Танымал шетел авторларының шығармалары негізінде лириканы түсіну деңгейін тексеру әдісін ұсыну . . .
IV. Орта мектеп оқушылары үшін лирикалық шығармаларды оқу кезінде туындайтын түрлі қиындықтарды талдау және шешу жолдарын ұсыну . . .
1. Лирикалық шығарманы қабылдаудағы орта мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін талдау және осы ерекшеліктерге байланысты оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау, оларды шешуге бағытталған оқыту үдерісіне енгізілуі тиіс шарттар мен әдістемелерді негіздеу . . .
2. Орта мектеп оқушыларына лирикалық шығармаларды оқыту кезіндегі электронды құрылғыларға деген тәуелділік мәселесін шешу жолдарын ұсыну . . .
3. Орта мектеп оқушыларына лириканы үйретуде олардың қызығушылығын арттыруға және сыныптағы дұрыс қарым-қатынас атмосферасын қалыптастрыуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру жолдарын ұсыну . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Тақырыптың өзектілігі: Лирикалық шығармаларды оқыту қазіргі кездегі оқыту бағдарламасына кіріктірілген, алайда кей жағдайларда әдебиет пәнін, оның ішінде лириканы үйретудің маңыздылығына күмәнмен қарау кездеседі. Күмәндану орта мектеп оқушыларының және олардың ата-аналарының тарапынан байқалады, нәтижесінде оқушылардың лириканы оқуға деген ынтасы төмендеуі, лириканы оқудан гөрі нақты ғылыми пәндерді оқуды жоғары қою мен осы тақырып төңірегінде мұғалім мен білім алушылардың арасындағы келіспеушіліктер орын алуда.
Аталған жағдайдың туындауы орынсыз деуге болмайды, себебі соңғы жылдары оқу стандарттары мен оқыту саясатында күрделі өзгерістер орын алды, бірақ әдебиеттік оқыту мен лириканы үйрету осы өзгерістер шеңберінен тыс қалып қойды. Сонымен қатар, заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу үшін қойылатын талаптар қолданбалы пәндер арқылы алынатын білімді қажет етеді, ал қазақ тілінің мәртебесі көп жағдайда шет тілдерінен төмен тұруына байланысты әдебиет пен лириканы оқу қажетсіз болып қалды деген жаңсақ көзқарас қалыптасқан және осындай пікір білім алушылар ортасында кең таралуда.
Жағдайдың ушығуына орта мектепке арналған әдебиет оқулықтарын құрастыруда және мүғалімдердің оқу жоспарына сай лириканы оқыту процесінде оқушылардың қызығушылықтары ескерілмеуі мен сабақ барысында материалдың маңыздылығын оқушы санасына жеткізе алмау, сонымен қоса әлемдік білім стандартына сай келмейтін, заманауи өзектілігі жоқ, оқушы үшін түсінуге қиын шығармалардың таңдалып алынуы өз үлесін қосып жатыр.
Осы аталған факторлардың барлығы орта мектепте лириканы оқытудағы жаңа кедергілерге алып келіп қана қоймайды, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынас пен түсіністіктің бұзылуына, стресске, оқушылардың лирикаға деген негативті көзқарасы қалыптасып қалуына, жалпы әдебиетке деген қызығушылығының өшуіне тап қылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Сондықтан осы курстық жұмыста лириканы оқытудың қолданбалы маңыздылығы аз болса да, айтыла бермейтін тәрбиелік-танымдық маңыздылығын көрсететін боламыз және орта мектеп оқушыларына лириканы қажетті де қызықты оқу элементі ретінде насихаттауға бағытталған оқыту әдістері мен өзекті лирикалық шығарма түрлерін ұсынатын боламыз. Осы ретте, орта мектеп оқушыларының жастық - психологиялық ерекшелігіне, ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне, концентрация төмендеуіне алып келетін жалпыға ортақ және жекелеген фактораларға, оқушылардың заманға сай қалыптасқан көзқарастары мен қызығушылықтарына тоқталып, осы аталғандардың лириканы оқыту әдістерін таңдауда ескерәлуінің маңыздылығын талдаймыз.
Курстық жұмыстың барысында алға қойылған міндеттер:
1. Лириканы оқытудың тәрбиелік-танымдық маңыздылығны айқындау
2. Лириканы оқытудағы ескерілу қажет жайттарды және оқыту процесінде туындайтын қиындықтарды, оларды шешу жолдарын талқылау
3. Лириканы оқытудың тиімдлігін арттыруға негізделген оқыту әдістері мен дұрыс таңдалған лирикалық шығармаларды ұсыну

Курстық жұмысты жасауда қолданылған зерттеу әдістері:
Ғылыми-әдістемелік ақпарат көздерін саралаау арқылы зерттеуге қажетті алғашқы ақпаратты жинау
Педагогика саласында іргелі еңбектер қалдырған ғалымдардың зерттеу нәтижелерін талдау арқылы тақырыпты терең ашу.
Сұхбат алу
Мүғалімдерден сұхбат алу арқылы қазіргі кезде орта мектептерде лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылып жүрген әдістермен танысу.
Сауалнама жүргізу
Орта мектепте білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізу арқылы олардың лирикалық шығармаларға деген шынайы көзқарасын білу және лириканы оқу кезінде туындайтын қиындықтарды сұрастырып білу.
Зерттеу кезеңдері:
Теориялық кезең:
Зерттеуге қажетті еңбектерді өзектілігі мен тақырыпты ашуға тигізетін септігіне қарай іріктеп алу
Анықтамалар мен әдістемелерден алынған ақпаратты жүйелеу арқылы зерттеу сауалдарына жауап табу
Өзім тұрып жатқан аймақтағы орта мектепте лириканы оқыту ахуалын білу мақсатымен практикалық әдістерді (сқхбат пен сауалнама) қолдану арқылы зерттеу жүргізу
Өзіндік тәуелсіз зерттеуді жүргізуді жоспарлау, зерттеу базасы ретінде өзім тұрып жатқан аймаұтағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерін таңдап алу
Сауалнама мен сұхбат сұрақтарын әзірлеу
Практикалық кезең:
Орта мектепте оқушылар арасында сауалнама өткізу
Орта мектеп мғғалімдері арасында сұхбат жүргізу
Қорытындылау кезеңі:
Өткізілген зерттеудің нәтижесін талдап, қорытындыға келу

1- әдіс: Сұхбат
Форматы: бетпе - бет сұхбат алу
Түрі: анонимді
Қатысушылар: Орта мектеп оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен білім беруші ұстаздар
Саны: 5 респондент
Жасы: 31-42
Жынысы: 1 ер және 4 әйел
Лириканы оқытуда сыныпта күнделікті қолданылатын әдістерді сұрастырдым, мұғалімдер берген жауаптар ұқсас болды және алынған жауаптарды былай реттестіруге болады:
Сабақ жүргізу барысы:
Лирика ұғымына анықтама беру және оны дәптерге жаздыру;
Оқушыларға оқулықта берілген лирикалық шығарманы кезекпен оқыту;
Үй тапсырмасы ретінде мұғалім таңдап берген лирикалық шығарманы жаттап келуді тапсыру;
Лирикалық шығарманы құрылымна қарай талдау, өтілген шығарманың мағынасын оқушылардың өз сөзімен жеткізуін сұрау;
Пысықтау сұрақтарын қою немесе тест жүргізу
Алынған жауаптар мен оқушылардың сабаққа қатсудағы белсенділігіне қарай оларды бағалау;
Ашық сабақта қолданылатын әдістерді сұрағанымда, бір қызығы, жауаптар әр түрлі болды:
Топтық жұмыс жасау үшін оқушылар жеребе тасату арқылы шағын топтарға бөлінуі керек
Топтар өздеріне тиессілі тапсырмаға сай белгіленген мерзім ішінде плакат жасап, тақырыпты сынып алдында қорғап шығуы керек
Жеке жұмыс үшін оқушылар тақырыпқа сай квиз өтіп, онлайн кроссвордты жылдам шешуі қажет
Сабақ соңында әркім сабаққа және бір-біріне баға беруі керек
Тағы да:
Лирикалық шығарманы мәнерлеп оқу
Тақырыпқа сай видеоматериалдар көрсету
секілді іс-шаралар жүргіізіледі
Күнделікті сабақ кезінде оқушылар әдетте жеке немесе жұппен жұмыс жасайтындығы айтылды
Сабақ материалдары ретінде презентациялар, оқулықтар, таратпа материалдар (тест парақтар, жазбаша тапсыралар бланктері, өтілетін шығарма басылып шығарылған парақтар) қолданылатыны анықталды

Қорытынды:
1. Мен сұхбат алған ұстаздардың сабақ өту әдістері ұқсас;
Себеп -салдары: бір жағынан өзіндік стандартқа бағытталса, екінші жағынан ұстаздың индивидуалдығын жоюы мүмкін
2. Ашық сабақтарға күнделікті сабақтан гөрі көбірек мән беріледі.
Мүның болжамды себептері:
- тексеруші комиссия алдындағы жауапкершілік, яғни сыртқы бақылау
- күнделікті сабақты сапалы өткізуге ресурстың жетіспеушілігі және сабақ өтуді ұйымдастырудың кемшілікьері
- мұғалімнің жұмыс орнындағы немесе өзге де негативті факторларға байланысты бәләм беруге деге мотивациясының төмендеуі болуы мүмкін.
Салдары:
-Білім беру сапасында прогресс болмауы;

2-әдіс: Сауалнама
Форматы: онлайн
Түрі: анонимді
Респонденттік база: Орта мектеп оқушылары
Респонденттік базаға талдау жасау:
Қатысушылар саны: 60 оқушы
Қатысушылар жасы: 10-15 жас аралығы (
Жынысы: 30 ер бала, 30 қыз бала
Оқу үлгерімі: 20 үздік оқушы, 20 орташа үлгерімді оқушы және 20 оқу үлгерімі нашар оқушы
Ескерту: зерттеу нәтижесі мейлінше нақты болуы үшін респонденттер жастық, жыныстық, оқу үлгерімдік белгілері бойынша теңдей үлестіріммен алынды

Сауалнама сұрақтары және алынған жауаптар:
1. Сіз оқитын мектепте әдебиет сабағында лирикалық шығарма оқытылады ма?
Жауап:
Иә - 58
Жоқ - 0
Білмеймін - 2
2. Лирикалық шығарманы оқу процесі ұнайды ма?
Жауап:
Иә - 36
Жоқ - 19
Нейтралды - 5
3. Не себептен ?
Жауап:
Ұнайды, себебі:
- есте сақтау қабілетін жақсартады
- мазмүны қызықты
- тіл байлығын дамытады
- шабыт береді
- өлеңде адам сезімі мен эмоциясын дөп басыа айту шеберлігі бар
- білмеймін, бала кезден әдебиет жалпы түрде ұнайды, әсіресе лирика
Ұнамайды, себебі:
- жаттау қиын
- шығармалардың сөздері түсінісксіз
- жаман баға аламын
- қызық емес, іш пыстырады
- пайдасыз ақпарат деп ойлаймын
- сынып алдында өлең оқуға қысыламын
- не үшін керек екенін білмеймін
- қазақша оқуға қиналамын
Нейтралды, себебі:
- кейбір кездері қызықты өлеңдер кездеседі, ал кей кездері түсініксіз шығармаларды өтеміз
- шығарманы талдау ұнайды. бірақ жаттау ұнамайды

4. Лирикалық шығарманы оқуда сабақ барысында не өзгергенін қалайсыз?
Жауап:
- лирикалық шығарма жазған авторлардың көзқарасымен танысу қызықты, бірақ интерпретациялағанда тек мұғалімнің айтқанын қайталап айту ұнамайды, өз көзқарасымды ашық білдіргім келеді
- тек ескі заманның авторларымен емес, қазіргі тірі авторлардың шығармааларымен де танысқым келеді, осы заманға қатысты лирикалық шығармалар оқытылса деймін
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz