Батырлар жыры
Презентация қосу
Дайындыған:Сабиров А
Қабылдаған:Нурматов Ж
Тобы:СТК-201
Батырлар жыры
Батырлық жырлар, батырлар жыры —
ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне
жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп
те аталады. Батырлық жырлар халық
өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты
қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі
батырлардың сыртқы жауларға қарсы
ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.
қайшылықтар мен тартыстарды
бейнелеп береді.
Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік
сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне
байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына
топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос
желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны
көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның
оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән.
Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты
ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын
алып келеді.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу
жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин,
Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев.
Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің
соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін
атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу
жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап
хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға
даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті.
Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында
айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе
Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами
отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың
өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп
халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.
Алпамыс батыр жыры
«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте
заманнан келе жатқан халықтың сүйіп,
құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант,
версиялары көп эпостың бірі.
Қазақ халқына көп тараған басқа
эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі,
бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес
елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ,
өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа.
Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі
«Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант,
версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің
айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс»
эпосы көп замандардан бері сақталып
келген.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің
үйленуі (батырларға лайық құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу
жігіттер арасындағы бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық
сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған
екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар:
жеке рулар (тайпалар) дәуірі
ноғайлы дәуірі
Slides.kz
Зерттелуі
20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа
қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С.
Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш.
Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде
Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары,
құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-
жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық
кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды.
Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев
“Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия
саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр”
(Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е.
Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары
қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.
Қорытынды
М.Ғабдуллин сөзімен қорытындыласақ:
Қазақтың батырлар жырының қайсы-сын алсақ та
бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші
кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел
мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер
Батырлар жыры - Қазақстан тарихы - Қазақша
рефераттар - Рефераттар әлемі - Рефераттар әлемі
(ucoz.org)
Slides.kz
Назарларынызға рахмет
Slides.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz