Қазақ данасы Ұлы Абайдың қарасөздері




Презентация қосу
Қазақ данасы Ұлы Абайдың
қарасөздері.

Дайындыған:Сабиров А
Қабылдаған:Нурматов Ж
Тобы:СТК-201
Жоспар
Кіріспе:
Абай Құнанбайұлы
Негізгі бөлім:
Абайдың қара сөздері
Қара сөзде айтылған ой
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:Абай Құнанбайұлы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде
1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ
әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси
қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс
және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін
жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында
қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін
арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем
ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық
трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып
ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге
көзқарастары терең
Негізгі білінген
бөлім: еңбегі
Абайдың қара сөздері.
қара- сөздері
Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз
өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде
жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара
сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған,
әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса,
қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу,
ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде
шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай,
оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы
көркемдік сана мен философиялық сананы
ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік,
ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен
бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық
концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ
жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж.
Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді.
Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз,
т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой

Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы"
деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің
санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада
сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің
жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра
түсінік беріп отыр...
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты
адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз
ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын
сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр
алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен
"Ғылым таппай мақтанба" тағы басқа
өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы
туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан
келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен
ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы
өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының
тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта
өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани
казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы
реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады.
Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы
күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын
табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті
болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді
ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда
адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын
осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер,
олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен
қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен
пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша
ғалым М.И.Фетисов «Национальное и жанровое своеобразие
публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені
«Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных
рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені
бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік
сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті.
Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін
білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен
жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің
еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді
деген пайымдаулар бой көрсетеді.
Абайды публицист деп ең алғашқылардың бірі болып атап айтқан Х.
Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: «Стиль,
идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері — нағыз
публицистикалық шығарма» дейді ол. Біздіңше, осы пікірлердің
барлығы да «Абай –публицист» деген анықтаманың толық
дәйектемесі бола алмайтын сияқты.
Абайдың публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген
жаңалық ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз.
Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры – қазіргі таңда
дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында
публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс
көзқарас қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз «Абай —
публицист» деп сипаттама беріп, осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді
ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы ғалымдарымыз ұлы
тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай көріп,
бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық.
Қорытынды
Ел ішінде заман өзгерді, адамдарда өзгерді
деп жатады. Ал Абайдың қара сөздерінде
Абай өз дәуірін, өз заманын жазды дейміз.
Алайда Абайдың сол жазып отырған қара
сөздерін мәнін түсіне оқысақ біз қазіргі
заманымызға нақ айтылған сөз, ой пікір,
сын деп дәл айтуға болады. Сонда заман
Абай дәуіріндеде, қазіргі кездеде дәл сол
қалыпта болған. Демек Абайды дәуірде
болмасын өз қара сөздерімен мол тәрбие,
ақыл бере алатын ұлы кемеңгер екенін
таныдық.
Пайдаланылған әдебиеттер
аbai.kz ақпараттық порталы
↑ madenimura.kz(қолжетпейтін сілтеме)
↑ adebiet.kz(қолжетпейтін сілтеме) әдеби әлем
порталы
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.
— 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдың он жетінші қарасөзі
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Абайдың қара сөздері туралы
Абай қай рудан
Оқуға талпыныс
Абай жолы
Абай Құнанбаев 1845-1904
М. Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбет
АБАЙ
Пәндер