Шеміршек ұлпасы



https://www. freeppt7. com
Орындаған: Балтабаева Жансая
Молдан Ақнұр
Ерболатқызы Жанель
Аутен Әсел
Сембаева Гүлназ
Аманқос Қадиша
Шахабова Лаура

жоспары
Дәнекер ұлпа
Шеміршек ұлпасы
Сүйек ұлпасы

Ішкі орта ұлпалары үлкен топ болғандықтан және атқаратын қызметтерінің әр түрлілігіне байланысты қан, лимфа, шеміршек, сүйек және дәнекер ұлпасы болып жіктелінеді. Сұйық қан мен қатты сүйек ұлпалары бола тұра, олардың бір-біріне ұқсас екендігі көрініп тұрады. Аталған ұлпалардың барлығы өздерінің бастамасын мезенхимадан алады, және бұл ұлпаларды аралық заттар көптеп орналасқан. Қызметтерінің әр түрлігіне - трофикалықтан басқа бұл ұлпалар тіректікте қызмет атқарады.

Қан және лимфаның трофикалық маңызына байланысты ол сұйық аралық заттардан - плазмадан және ондағы форменді элементтер, қан түйіршіктері - эритроциттер, лейкоциттерден және қан пластинкаларынан тұрады. Қанның трофикалық қызметіне қоса қорғаныштық маңызы да бар. Қан организм денесіндегі барлық ұлпаларға зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Адамдардың 1 мм3 қанында 4, 5 - 5 миллион эритроцит, 6 - 7 мың лейкоцит болады. Сондықтан адам денесіндегі 1 лейкоцитке - 600- 700 эритроцит тура келеді. Эритроцит организмде тотығу процесіне қажетті оттегін таратып, көмір қышқылын организмнен шығару қызметін атқарады. Эритроцитті клетка деп санамай қанның қызыл түйіршіктері деп атайды, оның формасы өзгермелі келеді. Оттегінің таралуы эритроциттің негізін құрайтын тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы орындалады. Гемоглобин - өте күрделі, құрамына темір кіретін белокты түзіліс. Эритроциттің тіршілігі өте қысқа, орта есеппен адам эритроциті 130 күн тіршілік етеді.

Лейкоциттер амеба тәрізді қозғалысқа қабілетті ядросы бар клетка. Лейкоциттердің саны тағамның және жұмыс істеудің әсерінен көбейіп тұрады. Лейкоциттер санының көбеюін лейкоцитоз деп атайды. Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар: гранулоциттер (түйіршікті лейкоциттер) - нейтрофильдерге, зозинфилдерге, базофилдерге бөлінеді, агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) - лимфоцит және моноцит болып екіге бөлінеді. Тромбоциттер - қан пластинкалары, бұлар бұрыс формалы майда денешіктер. 1 мм3 қанда 150-300 мыңға дейін тромбоциттер болады. Тромбоциттердің формасы тұрақсыз және санының құбылып тұруы орта жағдайының өзгерістеріне өте сезімтал болып келеді, қанның ұюын жылдамдатады

Қанның жасалуы. Қан клеткаларының бір бөлігі өліп, жаңа клеткамен жаңартылып отырады. Адамның қан шеңберінде орта есеппен алғанда күніне барлық эритроциттердің 1130 бөлігі өліп, ол төрт айдың ішінде толық жаңартылады. Лейкоциттер үнемі өзгеріске ұшырап отырады, қан тамырынан дәнекер ұлпасына ауысып, әртүрлі жағдайларға байланысты белгілі бір уақыт тіршілік етуі мүмкін. Өлген эритроциттер мен лейкоциттердің жаңартылуы организмнің тіршілігінде болатын қан жасалу процесіне байланысты. Эмбриологиялық кезеңде қан ұлпа есебінде дамиды. Осыған байланысты ұрықтық кезеңдегі қан жасалу және ересек организмлегі қан жасалу болып екіге бөлінеді.

Дәнекер ұлпалы түзілістер жоғары сатыдағы жануарлардың организімінде көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді, органдардың қабығын түзіп, органдағы ұлпалардың аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпа арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орын болып табылады. Ол қанмен бірге трофикалық және қорғаныштық маңызы бар біртұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызметті атқарады.
Дәнекер ұлпасының гистологиялық құрылымы және атқаратын қызметіне байланысты
клеткасы көп ретикулярлы ұлпа
клеткалық элементтерімен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр дәнекер ұлпасы (қалыптаспаған)
механикалық түзілістен тұратын (қалыптасқан) тығыз дәнекер ұлпасы

Дәнекер ұлпалардың беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Аралық заттар көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады.
Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне, физиологиялық маңызына қарай
Талшықтар коллагенді
эластикалық
ретикулярлы

Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәнекер ұлпалы клеткалар - фиброластар, гистиоциттер, камбиалды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады. Фибробласт - дәнекер ұлпасының көптеген түрінде кездесетін негізгі клеткалық форма, ұзын тармақтары бар, протоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңқы клетка.
Гистиоцит - дәнекер ұлпаларының екінші бір тұрақты клеткалық формасы, оның негізгі сипаты формасының өзгергіштігі. Гистиоциттердің маңызды қасиеттерінің бірі қоршаған ортаға түскен бөгде заттарды жою қабілеті, ішкі зат алмасуда да маңызы бар. Олар ретикулярлы ұлпалардан және қаннан шығатын лимфоциттер мен моноциттерден дамиды.
Камбиалды клеткалар әр түрлі бағытта дамитын клеткалар, созылғыш жіңішке тармақтары бар, ядросы күшті боялатын клетка.

Ретикулярлы элемент ядросының жан-жағында клетка орталығы, хондриосомдар, ішкі торлы аппарат анық көрінеді, ретикулярлы ұлпа деп сол торларға байланысты ғана айтылған. Ретикулярлы ұлпа бүйрек, тері ұлпаларының және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Қан жасайтын органдарда, сүйектің қызыл миында, лимфа бездерінде өте көп кездеседі. Дәнекер ұлпаларындағы ретикулярлы-эндотелиалды жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады.
Қан мен болбыр дәнекер ұлпасының тұтастығы талаурау процестерінде, яғни ұлпаға бөгде заттың түсуі немесе оның бұзылуы өлі участок некроз ордасын түзген кезде айқын көрінеді. Талаурау аймағын бактериялардан нейтрофильдер, ал өлі ұлпалардан макрофагтар тазартады. Қалыптасқан дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар, басым бөлігі - талшықтар, клеткалары өте аз болады. Тығыз дәнекер ұлпа тарамыстарды, сіңірлерді құрайды. Тарамыстар - организмде етті сүйекке байланыстырып тұрады. Олар көбінесе коллаген талшықтарынан, аз мөлшерде эластикалық талшықтардан тұрады. Колаген талшықтары созылу бағытына қарай көлденеңінен ретпен орналасып, шоғырлар түзеді. Тарамыстың өзі дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалады. Талшықтардың шоғырларын бөліп тұратын дәнекер ұлпалары қан тамырларына бай болып, тарамысты қоректендіріп тұрады. Онда көптеген камбиалды элементтер орналасып, тарамыс бұзылғанда оны қалпына келтіріп отырады

Шеміршек ұлпасы қаңқа ұлпалар құрамына кіріп, организмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып, ол беріктілікті қамтамасыз етеді, серпімділікті сақтайды. Сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Шеміршектер төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғары сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адамдар организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпасының аралық заттары тығыз болғандықтан нерв, қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды.

Аралық заттың құрылысына байланысты шеміршектер

Гиалинді шеміршек ұлпаның ең көп тараған түрі. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді, түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады, дөңгелек болып келеді. Шеміршектің клеткалары бір ядролы кейде екі ядролы болады, жіп тәрізді айқын көрінетін митохондриялары, клетка орталығы және ішкі торлы аппарат жақсы байқалады. Шеміршектің аралық заты біркелкі болмайды, арнаулы өңдеуден өткізгенде ғана фибрилдерді көруге болады. Шеміршектің аморфты 19 заттары протеиндерден, хондриотинокүкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Есейген шеміршекте әк тұздары көп жиналып, кәрі шеміршек омырылғыш келеді.

Серпімді шеміршек негізінен гиалинді шеміршекке ұқсас келеді. Клеткалары капсуламен қоршалып, изогенді топтар түзеді. Серпімді шеміршекте серпімді талшықтар негізгі заттың базофильді бөлімдерінен таралып, соларды торлап жатады. Серпімді шеміршектердің түсі солғын сары болады, құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы олардың негізгі затының коллагенді талшықтары шоғырларға жинақталған. Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер ұлпасына ауысып отырады. Талшықты шеміршектерден омыртқа аралық дискілер тұрады, шеміршек ұлпасының сыртқы қабатын құрайды. Клеткалары митоздық бөліну қабілетін сақтайды, соның ерекшелену есебінен шеміршектің өсуі мен зақымданғанда қалпына келуі жүзеге асырылады.

Гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Даму синцитиалды мезенхима участоктерінің тығыздануынан басталады. Клеткалар жымдасқан сайын оларды жуып тұратын ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді, онда шеміршектің аралық затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан коллаген талшықтары дамиды және шеміршектің екі негізгі бөлімі - аралық заты, клеткасы айқындалады. Қалыптасқан шеміршектің бұдан кейінгі өсуі және артуы оны қоршаған мезенхима ұлпасының есебінен орындалады. Мезенхиманың клеткалары бөлініп, саны артып, біртіндеп негізгі заты ерекшеленетін тығыздалған бөлімдер түзеді, ал клеткалары шеміршек клеткасына ауысады. Қалыптасушы ұлпаның үстіне жас ұлпаның жаңа қабаттары салыну жолымен шеміршек өсіп, оның көлемі ұлғаяды

Тіректі-қоректі ұлпалар |
Шеміршек және сүйек ұлпалары |
Сүйек ұлпасының құрамы |
Жалпы гистология |
Дәнекер ұлпасы |
ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАР |
Сүйек ұлпасы |
Қан ұлпасы |
ҚАН ЛИМФА ДӘНЕКЕР |
Жануар жасушасы |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz