Өкпе веналары



“Қалыпты анатомия” кафедрасы
Презентация
Үлкен және кіші қан айналым жүйесінің артериялары. Ұрықтың қанайналым ерекшеліктері
Орындаған: Сатыбалдина Н. Ә.
Тобы: В-ЖМҚБ-04-21
Қабылдаған: Джубанишбаева Г. Н.
Шымкент 2022

Жоспар:
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
2. 1. Кіші қан айналым жүйесінің артериялары.
2. 2. Өкпе сабауы оның тармақтары, оң және сол өкпе артерияларының өкпе ішінде тармақталуы
2. 3. Үлкен қан айналым жүйесінің артериялары
2. 4. Қолқа доғасының кеуделік және құрсақтық бөлімнің тармақтары
2. 5 Ұрықтың қан айналымы
III) Пайдаланылған әдебиеттер

Өкпе сабауы
Өкпе сабауы, truncus pulmonalis ұзындығы 5-6 см, ені 3 см-ге жуық оң қарыншаның артериялық конусының жалғасы, сол 3 қабырға шеміршегінің төске бекінген жерінде өкпе сабауы тесігінен, ostium trunci, басталады. Оның бастапқы бөлігі төменнен және оңнан жоғары жэне солға бағытталып, қолқаның жоғарылаған бөлігінің алдында және сол орналасады. Кейін өкпе сабауы қолқаның жоғарылаған бөлігін солынан айналып, сол жүрекшенің алдынан өтіп, қолқа доғасының астында орнасалады. IV кеуде омыртқасы денесінің деңгейінде немесе сол II қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінде 2 тармаққа бөлінеді: өкпенің оң артериясы, arteria pulmonalis dextra және өкпенің сол артериясы, arteria pulmonalis sinistra.


Өкпе веналары
Өкпе веналары, оң және сол, venae pulmonales dextrae et sinistrae
Оң өкпенің жоғарғы үлесінің қақпасында 2-3 артериялық тармақ, соншама веналық тармақтар және бір бронх жиі кездеседі. Ортаңғы үлесінің қакпасында 2 артериялық тармақ, бір веналық тармақ және бір бронх орналасады. Томенгі үлесінің қақпасында 2 артериялық, 2 веналық тармақ және 2 бронх бар. Сол өкпенің жогаргы үлесінің қақпасында өкпелік артерияның 3-4 тармағы, окпелік веналық 2-3 тармагы және 2 бронх бәрінен жиі кездеседі. Төменгі үлесінің қақпасында 3 артериялық тармақ, 2-3 веналық және 2 бронх бар.

Үлкен қанайналым шеңберінің артериялары
Төмендемелі қолқа, aorta descendens,
өзі қолқаның кеуделік бөлігіне, aorta
thoracica, және қолқаның іштік бөлігіне,
aorta abdominalis, бөлінеді.
Қолқа, aorta - адам денесіндегі ең ірі артериялық сабау. Ол сол
қарыншадан шығады; басталу орны - қолқа
тесігі, ostium aortae.
- Қолқадан үлкен қанайналым
шеңберін құрайтын барлық артериялар
тармақталады.

Қолқа доғасы 3 тармақ береді. Оң жақ иық бас сабауы. Сол жақ жалпы ұйқы артериясы. Сол жақ бұғана асты артериясы. Бірақ қолқа доғасының тармақталуы әр түрлі болып келеді, ғылыми зерттеулерге сүйенсек 120 дан астам түрі бар

Кеуделік қолқа, aorta thoracica, артқы көкірекаралықта орналасып, омыртқа жотасында жатады. Кеуделік қолқа өзінің жогарғы бөлімінде омыртқа жотасының сол жағында, ол төмен бағытталып кішкене оңға жылжиды. Іш қуысына өткенде орталық сызықтан солырақ орналасады

Кеуделік қолқа
Оңынан кеуде түтігі, ductus thoracicus және сыңар вена,
v. azygos
Солынан - жартылай сыңар, v. hemiazygos
Алдынан сол бронхы жанасады.

Висцералді тармақтар
Бронхтық тармақтар, rr. bronchioles- өкпені қанмен жабдықтайды
Өңештік тармақтар, rr. esophagei- өңешке барады
Көкірекаралық тармақтар, rr. mediastinales- тармақтар лимфа түйіндерімен артқы көкірекаралықтың май ұлпасын қанмен жабдықтайды
Жүрекқаптық тармақтар, rr. Pericardia
Париеталді тармақтар
Жоғарғы көкет артериялары, aa. phrenicae superiores
Артқы қабырғааралық артериялар (ІІІ-ХІ), aa. intercostales posteriores
Кеуделік қолқадан висцералді және
париеталді тармақтар таралады

Құрсақтық қолқа
Құрсақтық қолқа, aorta abdominalis кеуделік қолқаның жалғасы. Омыртқа жотасының бойымен іш қуысының артқы жағында, төменгі қуыс венадан сол жақта орналасады.

Қабырғалық тармақтар
Төменгі көкет артериясы a. phrenica inferia, көкетті қанмен қоректендіруге қатысады
Бел артериялары, aa. lumbales (төрт жұп) омыртқа жотасының бел бөлімін, жұлынды, бел аймағының бұлщық еттері мен іш қабырғасын қанмен жабдықтайды.
Орталық сегізкөз артериясы, a. sacralis mediana, Ол -сегізкөздің жамбастық бетінің ортасыменжогарыдан томен жүретін және қүйымшақ денесінде, corpus coccygeum, аяқталатын жіңішке тамыр.
Орталық сегізкөз артериясынан V бел
омыртқа аймагында жұп ең томенгі бел артериясы, a. lumbalis ima, тармақталады, ол т. iliopsoas-ты қанмен қамтамасыз етеді
Құрсақтық қолқадан екі тармақ:
париеталді (қабырғалық)
висцералді (ішкімүшелік)

Ішкімүшелік (вицералды) тармақтары ТАҚ және ЖҰП
Вицериалды тақ тармақтары:
1. Іш бағаны, truncus coeliacus
2. Жоғарғы шажырақай, a. mesenterica superior
3. Төменгі шажырақай, a. mesenterica inferior


Вицериалды тақ тармақтары:
Жоғарғы шажырақай артериясы, a. mesenterica superior
1. Төменгі үйқыбез - он екі елі ішек артериясы, a. pancreaticoduodenalis inferior
2. Ішектік артериялар, aa. Intestinales
3. Мықын - жиек артериясы, a. iliocol
a) Алдыңғы жэне артқы сокыр ішек артериялары, aa. caecales anterior et posterior, соқыр ішектің сэйкес бетіне багытталатын.
б) Мықын ішек тармагы, a. iliocolica-ның жалгасы, төмен мықын-соқыр ішек бүрышына багытталып, аа. ііеі - соңгы тармақтарымен байланысып, дога түзеді, догадан мықын ішектің соңгы бөліміне тармақтар таралады.
в) Жиек ішек тармагы, жогарылаган жиек ішекке оңга багытталады. Осы ішектің медиалді жиегіне жетпей, артерия екі тармаққа бөлінеді: - жогарылаган артерия, a. ascendens, жогарылаган жиек ішектің медиалді жиегімен котеріліп, a. colica dextra-мен (дога түзеді) анастомоз түзеді; екінші тармақ жиек ішектің медиалді жиегімен томен гүсіп, а. іііосоііса - мен (дога түзеді) анастомозданады.
4. Оң жиектік артерия, a. colica dextra
5. Ортаңғы жиектік артерия, a. colica media
Төменгі шажырақай артериясы, a. mesenterica inferior
1. Сол жиектік артерия, a colica sini
2. Сигматәрізді артерия, a. sigmoidea
3. Жогаргы тік ішек артериясы, a. rectalis superior

Висцералды жұп тармақтары
Ортаңғы бүйрекүсті артериясы, а. suprarenalis media- іш аортасынан жоғары шажырақай артериясынан төменірек шығып, бүйрекүсті бездеріне барады
Бүйрек артериясы, a. renalis- бүйрек қақпасына бағыт алады да қанмен жабдықтайды, жолында бүйрекүсті бездеріне де тармақ береді (төменгі бүйрекүсті артериясы)
Атабез артериясы, a. testicularis, анабез артериясы, a. оvarica- терідегі шат сақинасына түседі. Содан соң шәует бауының құрамында шат өзегімен өтіп, ұмаға, аталық безге, оның қосалқысына барады. Әйелдерде аналақ без артериясы кіші жамбас астауына аналық безге барады

Құрсақ ішіндегі кезеңнің қан айналым
Плацентарлық қан айналыс ол туғаннан кейінгі қан айналыстан ерекшеленеді
1. Ұрықта кіші(өкпелік) қаи айналыс арқылы қан отеді, бірақ газ алмасу процесіне қатыспайды;
2. Сол және оң жүрекшелер арасында қатынас бар;
3. Өкпе сабауы мен қолқа арасында сага бар. Соның нәтижесінде ұрық аралас (артерия-вена) қанмен қамтамасыз етіледі.
Плацентада, placenta, өзінің түбірлерімен кіндік венасы, v. umbilicalis, басталады, ол арқылы плацентада оттегіне қаныққан артериялық қан ұрыққа бағытталады.
Кіндік венасы кіндік өзекшесінің, funiculis umbilicalis, құрамында ұрыққа барады, кіндік венасы кіндік сақинасы, anulus umbilicalis, арқылы іш қуысына кіріп, бауырга, sulcus v. umbilicalis (fissura ligamenti teretis) багытталып, бауыр қалыңдыгына енеді. Бауыр паренхимасында кіндік венасы бауыр тамырларымен қосылып, веналық түтік, ductus venosus, атауымен, бауыр веналарымен бірге канды төменгі қуыс венага, v. cava inferior, апарады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz